Ойыншықтар

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата-аналар, әріптестер бүгінгі «Ойыншықтарым »

атты тіл мерекесіне қош келдіңіздер.

Қош келдіңіз бүгін бізге бәріңіз

Қош келдіңіз көңіл күйге сеніңіз

Қош келдіңіз шықан күндей жарқырап

Көңілді сәтті бізбен бірге көріңіз

Тіл мерекесіне келіп тұрған балаларды қошеметпен қарсы алайық.

Муз. әуенмен балаларды қарсы алу.

Ойыншықтар, ойыншықтар сабақ жоспары, балабақшада, тәрбие сағатыТәрбиеші: «Сәлем-сөздің анасы» демекші,келген қонақтармен амандасайық.

Тәрбиеші:-Арайлаған таңды сүйетін кім?

Балалар:-Мен

Тәрбиеші:-Туған жерді, табиғатты сүйетін кім?

Балалар: -Мен

Тәрбиеші: -Қонақтармен амандасатын кімдер?

Балалар: -Біздер

Балалар: -Сәлеметсіздер ме

Тәрбиеші: Тіл мерекесін мақтап

Бүлдіршін айтады тақпақ,

Зер салып тыңдап

Қол соғайық мықтап

Тәрбиеші: Балалардың бүгінгі тіл мерекесі  «Ойыншықтарым»  тақырыбына арнап жаттаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Азамат  Ойыншығым-құрастырғыш,

Көрсетеді көмегін

Кімге-көлік,кімге-үй

Құрастырам керегін

Камилла  Ойыншығым-қуыршақ

Не берсем де жемейді

Еркелігі соншама,

Көтермесем жүрмейді

Тамерлан   Ойыншықтарым көп менің

Бәрін жақсы көремін,

Кешке дейін жалықпай

Бірге ойнап жүремін

Ира  Ойыншығым-көжегім,

Қорықпайды, қашпайды.

Тәтті сәбіз ұсынсам

Ұстай алмай тастайды

Аружан  Ойыншығым-қуыршақ

Өзі жұмсақ, өзі ақ

Маша Ала добым аямай,

Ұрсам жерге өршейді

Сабыр Ұшағым бар ойыншық,

Ұшырмасам ұшпайды.

Айналам деп аспанды,

Шаршағанға ұқсайды.

Асылбек  Досым маған ойыншық

Машинасын сыйлады.

Ералы  Ойыншықтарым көп менің

Бәрін жақсы көремін

Тәрбиеші:  Бүгін қызық, бүгін той

Біздер үшін біліп қой,

Балдырғандар тамаша,

Ән айтады таласа

Ән:  «Ойыншықтар»

Тосын сәт: Сайқымазақ пен  қуыршақ Әселдің әр түрлі  ойыншықтарды  алып келеді,балалармен амандасады . Ойын ойнауды жақсы көретіндіктерін сұрайды, «Ойыншық базарында» ойынын бірге ойнауға шақырады.

Ойын шарты: Тәрбиеші апай банкте кассир,балаларға ақша үлестіріп береді,балалар кезекке тұрып , сайқымазақ пен Әсел қуыршаққа ақша ұсынып ,ойыншықтарды көзін жұмып тұрып ,әдемі сауытынан бір-бірлеп алып отырып,атауын атай отыра сипаттайды.

Ән: «Мен кішкентай баламын»

Тәрбиеші:

Күніміз ашық болсын,

Түніміз тыныш болын,

Ауамыз таза болсын,

Суымыз мөлдір босын

Аман сау болайық.

Осымен біздің тіл мерекеміз аяқталды, келесі тіл мерекесінде кездескенше .

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер7
  1. Риза

    Сабақтың құрылымы ұнады.

  2. Асел

    Ойыншық кез келген баланың сүйіп ойнайтын ойыншығы болады, ойыншықтардың мерекесі болатынын балаларға нақты түсіндірілген

  3. Акнур

    Бала дамуының басты құралы ойыншықтар десем артық емес. аталған материалда ойыншықтар жайында толық, нақты жазылған екен. рахмет. тосын сәт арқылы балалардлы таң қалдыру мүмкіндігі еселене түсетіндігіне кепіл боламын. сабақ оте көңілді тартымды жазылған.

  4. Бибігүл

    «Еркетай» сайтының жұмысы басқа сайттарға қарағанда өте тамаша деп айта аламын. Еңбектеріңізге еселі табыс, шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін дегім келеді. Көп рахмет сіздерге!!!

  5. Гулжазира

    Неге тил мерекесин такырыбын ойыншыктарым деп алган

  6. Гулжазира

    Ойыншыктарым мерекеси барма ондай

  7. Забира

    Ойыншық және оның бала өміріндегі маңызы

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ