Numbers 1-5. Letter Cc (ағылшын тілі)

Технологиялық карта.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Ағылшын тілі
Тақырыбы: «Numbers 1-5. Letter Cc»
Мақсаты:
• Өткен материалды сюжетті әңгіме негізінде бекіту. Жаңа лексикалық бірліктер енгізу.
• Жаңа: chick, family лексикалық бірліктерін жаттау. Жаңа Сс әрпін және осы әріптен басталатын camel сөзін үйрену. Ауызша есептеу, аудиомәтінмен жұмыс жүргізу, жүйелі мәтінді тыңдау арқылы түсіну дағдыларын дамыту. Ағылшын тілінде санауға қызығушылықты қалыптастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: CD аудиодиск, түрлі түсті қарындаштар, карточкалар.
Билингвальді компонент: chick –балапан – цыпленок, family – жанұя – семья, my – менікі – мой, dog – ит- собака, camel – түйе – верблюд.
Мотивациялық – қозғаушылық
Педагог түлкі – анамен және түлкі – әкемен амандасады. Олар жанұясымен бірге бала- ларға қонаққа келді:
Hello, children.
Түлкі – ана балаларға көздерін жұмып 5-ке дейін санауды ұсынады.
Балалардың іс-әрекеті
Балалар дөңгелек шеңбер құрып, түлкі – анамен және түлкі – әкемен амандасады.
Hello, Mum. Hello, Dad.
Балалар көздерін жұмып 5-ке дейін санайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Түлкі – ана мен түлкі – әке түлкішектің анасы және әкесі бейнеленген (flasycards) олардың балаларымен, Foxy-дің бауырларымен, қарындастарымен танысуды ұсынады.
Түлкі ана: «This is my family», — дейді.
camel сөзін үйрену
1-тапсырма.
Түлкі-ана мен түлкі – әке олардың балаларын санап, олардың неше баласы барын айтып берулерін сұрайды. «How many children?» — деп сұрайды.
Суреттерге қарап, әңгіме құрастыруды ұсынады. Ағылшын тіліндегі әңгімені түсіну үшін жаңа сөздермен танысу керек.
Педагог жаңа: chicks, dog, look, family сөздерімен таныстырады.

Track 6:
Педагог аудиожаттығу мәтінін тыңдауды ұсынады.
Аудиожаттығу мәтіні:
1-сурет.
Foxy: — Look at my family. Foxy one, Foxy two, Foxy three, Foxy four, Foxy five. My Mum and Dad.
2-сурет.
Foxy: — Look. Chicks! Mmmm! One, two, three, four, five. Five chicks!
3-сурет.
(ит үріп тұр)
Foxy: — Look! A dog!
Педагог балалардың мәтіннен нені түсінген-дерін сұрайды.
Әңгімені екінші рет тыңдап, барлық сөздерді және қалыптасқан сөздерді қайталауды ұсынады.
Педагог мәтін ішіндегі сөздерді ішінара бөлек-бөлек айтып, ана тіліне аударуларын сұрайды.
Сергіту сәті.
One, two,three.
Look at the bee.
Four and five
Go to your hive.

2-3 тапсырмалар:
Балаларды Сс әрпімен таныстырады, әріпті дауыстап айтып, балалардан тақпақты қайталауларын сұрайды. Осы әріптен басталатын «camel» сөзін айтады.
Педагог әріпті бояуды ұсынады.

4-тапсырма.
Графикалық дағдыларын пысықтау үшін С әрпін бастырып сызуға тапсырма береді.

5-тапсырма.
Түлкі-ана балалардан алаңқайдағы иттерді, мысықтарды, араларды, түлкілерді және балапандарды санауды сұрайды.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырма. (7-б)
Балалардың іс-әрекеті
Түлкішектің жанұясымен танысады.
Балаларын санайды:
One,two,three,four,five.
Балалар түлкі-ана сұрағына жауап береді:
«Five children»
Балалар суреттерге қарап, ол бойынша әңгіме құрастырады.
Жаңа сөздермен танысады.
Тыңдайды.
Қайталайды. Не түсінгендерін айтады.
Сөздерді естерінде сақтайды.
Неге қатысты сөз екендігін көрсетіп, ана тіліне аударады.
One, two,three.
( балалар адымдап жүреді)
Look at the bee.
(қолдарымен араның қимылдарын көрсетеді)
Four and five
( адымдап жүреді)
Go to your hive.
( ұшқан араларды бейнелеп, жан-жаққа жүгіріп, орындықтарына отырады)
Балалар тақпақты, әріпті, «camel» сөзін қайталайды.
Балалар Сс әрпін бастырып сызады.
Балалар жануарларды санайды:
One (Foxy), two (cats), three (dogs), four (chicks), fives (bees).
Балалар сандарды атап , әр аюдың жанындағы санға сәйкес шар санын жапсырады.
Рефлексиялық – түзетушілік
Педагог оқу іс-әрекетін қорытындылап, балалар-дан оқу іс-әрекетінде үйренген жаңа сөздерді қайталауын сұрайды. Одан кейін балаларға әр кейіпкермен қоштасуды ұсынады.
Балалардың іс-әрекеті
Балалар chick, family, dog, look, camel, my сөздерін атайды. Одан кейін кейіпкерлердіңәрқайсысымен жеке-жеке қоштасады. Goodbye, Mum, Dad, Foxy 1, Chick, dog.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды : Жаңа лексикалық бірліктерін, жаңа Сс әрпін және осы әріптен басталатын «camel» сөзін;
Түсінеді: Аудиомәтінмен жұмыс істеуді;
Қолданады: Жүйелі мәтінді тыңдау арқылы түсінуді, «chick», «family», «camel» сөздерін айта білуді.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Гаухар

    Сәлеметсіздер ме, материалдаға шаттық шеңбері, сергіту сәті барлығы жақсы жазылған. ойндар бойынша баланың қиялын дамытуға болады. рахмет сіздерге

  2. Айгерім

    Рахмет үлкен.осындай пайдалы әрі накты сабақ жоспары маган керек болган.өзіме кажетті дүниені тапканыма қуаныштымын.еңбегіңіз жемісті брлсын.тагы да болса күтемін.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ