Наурыз – жыл басы

Білім беру саласы: Қатынас
Кіші сала:Тіл дамыту
Тақырыбы: Наурыз – жыл басы
Мақсаты:Балалардың жыл мезгілдері туралы түсінігін, Наурыз мерекесі туралы білімдерін кеңейту.Халықтық салт – дәстүрді құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі:Киіз үй, ұлттық ою – өрнектермен әсемделген сырмақ, сандық, құрақ көрпе, қоржын, торсық, жозы, ұлттық тағамдар, Алтыбақант.б бұйымдар.
Әдіс – тәсілдері: Көрсету, сұрақ – жауап
Жүрісі:
Шаттық шеңбері:
Жарқырап бүгін атты күн,
Шашып бізге шапағын.
Тілеймін сіздерге ақ таңның
Қуанышын, шаттығын.
наурыз сценарий, Наурыз – жыл басы, наурыз тәрбие сағаты, балабақшада

Тәрбиешi: -Балалар, терезеден күн нұрын төгіп тұр екен. Күн көзінен қуат алып, бір – бірімізге ыстық лебіздерімізді арнайық.
Топқа Тазша бала келіп кіреді. Тәрбиешімен, балалармен амандасады.
Тәрбиеші балалардан Тазша бала туралы сұрап, таныстырады.
Тазша: — Балалар, елге көктем келді, Наурыз мерекесі жақындады.Наурыз – жыл басы ретінде тойланады. Қазақ халқы наурызды «Ұлыстың ұлы күні» деп есептейді. Бір – біріне жақсылық тілеп, «Ақ мол болсын», «Ұлыс оң болсын» деп тілек айтады. Наурыз мерекесі туралы сендер не білесіңдер?
Әмір: Наурыз тойы – тамаша,
Наурыз тойы – жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Назым:Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме.
Байлық, бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне.
Тазша: — Бәрекелді, балалар! Ал, енді мен сендерді ауладағы киіз үйге шақырамын, менімен бірге жүріңдер.
Тәрбиеші мен балалар Тазшаға ілесіп киіз үйге барады.Есік алдында балабақша қызметекрлері қарсы алып, бәрінің қолдарын алып, құшақтасып көріседі. «Ұлыс оң болсын», «Ақ мол болсын», «Наурыз мерекесі құтты болсын» т.б. тілектерін айтады.
Тәрбиеші «Көрісу» дәстүрі туралы түсінік береді.Қыстан аман шыққан халық бір – бірімен құшақтасып көрісетін дәстүр ел ішінде әліде сақталған.
Балаларды үстел басына жайғастыру. Наурыз көжеден дәм тату.
Әжейдің әңгімесі: «Наурыз көже».
Наурыз көже Наурыз мерекесінде дайындалатын негізгі тағам.Оған жеті түрлі дәм қосылады. Бидай, ет, тұз, сүт, бұршақ, сары май, құрт немесе айран қосылады.«Жеті» қасиетті сан.

Erketai / Мар.4.2014. / комментариев 7

комментариев 7 Пікір қосу

  • Көп-көп рахмет!

  • көп рахмет! маған ұнады.

  • cіздердің мақалаларыңыз маған ұнады.

  • jaksy

  • Ұнады!!

  • осы макаланы калай алсам болады екен

  • cіздің мақаларыңыз маған ұнады

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!