Менің екі апайым (эссе)


Erketai / Фев.29.2016. / Пікірлер жоқ

Қожа Ахмет яссауи атындағы № 123 мектеп гимназиясы
Үшінші «А» сынып оқушысы Кәусәр Қастерқызы
«Ұстаздар еңбегі» айдарына

Мен Алматының Таугүл ықшам ауданында орналасқан № 5 мектеп-гимназиясына 2013 жылдың қыркүйегінде бірінші «А» сыныбына оқуға түстім. Бұл мектеп бізге дейін тек орыс тіліндегі оқушыларға арналған мектеп екен. Біз барған жылы алғаш рет екі қазақ тобын қабылдады. Мектеп ауласы кең әрі әдемі екен. Мені әкем мен анам екеуі ертіп барды. Мен олардың тұңғыш баласы болғандықтан, менің мектепке баруым олар үшін үлкен қуаныш болатын. Бірінші «А» сыныбының мұғалімі ақұбаша келген, түсі жылы, сұңғақ бойлы әдемі апай екен. Маған бір көрген жерден ұнады. сөйлегенде де жанары күліп тұрады екен. Алғашқы қоңыраудан үйге қайтып келе жатқанымызда әкем мен анамның өзара әңгімесінен: осындай таза да, көрікті мектеп те қазақ тіліндегі сыныптардың ашылуы қандай жақсы болды, бәрі де еліміздің тәуелсіздігінің арқасы, тәуелсіздігіміз баянды болсын-деген сөздерін естіп қалдымда:

 

— Әке, ана сіздер тәуелсіздік деп жиы айтасыздар, елдер де айтады, телеарналардан да естиміз, осы тәуелсіздік деген не?- деп сұрадым еркелей. Әкем мен анам екеуі менен бұл сұрақты күтпесе керек, бір-біріне қарап, күлді де үнсіз қалды. Мен екнші қайталай сұрағанымда, әкем:

 

— Балам деді, менің басымнан сипап, өзіне тарта сөйлеп, сен алты-ақ жастасың, саған қалай, қайтып түсіндірейін, мысалы, қарашы аспанға, аспан бұлтсыз ашық. Егер халқыңның көңіл аспаны міне осындай бұлтсыз ашық болса тәуелсіздік деген сол деді. Әкемнің тұспалдап айтқанын толық түсінбесем де әйтеу қазақ халқы қуанып жүрсе тәуелсіздік сол екен ғой деп түсіндім.

menin-eki-apaim-esse

Менің оқушылық өмірім осылай басталып кетті. Шынар апайым бәрімізді балапандай аялап, аналық пен ұстаздық махаббатын төге білді. Сабақ түсіндіргенде әр қашанда сабырлы, жұмсақ мінезінен таймады. Дауысы да солай бір қалыпты әрі анық болатын. Үнемі бізді шабыттандырып, мақтап отыратын. Апайымның мақтауы қанат бітіргендей көңлімізді аспандатып жіберетін. Осы мектепте, тіпті осы Алматы қаласында бізден ақылды, бізден жақсы балалар жоқтай сезінетінбіз. Апаймыз біздің әр бір үйренген әрпіміз, жазған сифрымыз үшін қуанатын еді. Әлі есімде екінші сыныптар бойынша өткізілген «Жүзден жүйрік» байқауында бас бәйгені қазылар алқасы маған бергенде апайым қатты қуанды. Мен сонда ғана апайымның толқығанын көрдім. Ол кісі мені құттықтап:

 

— Кәусәр жарайсың, сенің болашағың үлкен, сенен үлкен үміт күтем деді. Осы реткі байқауда ие болған бас жүлде марапат қағазымды анам төрге іліп қойды. Мен оған қараған сайын қуанамын әрі талпынамын. Сол қағаздың арт жағынан апайымның жайдары бейнесін көргендей боламын. Ондай сәтте тіпті де беріле оқимын. Деседе, ойынды да жақсы көремін. Ойнамасқа балабақшада оқитын сіңлім ерік бермейтін. Оның үйге орындауға берген тапсырмасы болмағандықтан, келе менімен жағаласа кететін. Ондайда мен де тыныш отыра алмай бір-бірімізді қуып, үйдің ішін лезде астаң-кестең қылатын едік. Ас қамымен ас үйде жүрген анам, бізді тәртіпке шақыратын, ойын қызығына әбден кіріскен біз анамның сөзін естісекте, естімеске салып ойынымызды жалғастыра беретінбіз. Сонда анамыз екінші жоспарына көшіп:

 

-Қазір жұмыстан әкелерің келеді, мыналарыңды көрсе сөз жоқ екеуіңе ренжіитін болады-дейтін. Әкеміз келе жатыр дегенді естіген соң бірден, шашылған ойыншық пен дүниелерді жинауға кірісетінбіз. Амал нешік біз жинап үлгірместен әкемізде үйге кіріп келетін. Біз қолымыздағы дүниелерімізді тастай салып жүгіріп барып әкемізді құшақтап алушы едік. Екеуімзді құшағына алған әкем, айналаға қарап:

 

— Ау анасы, мен үйде жоқта, шамасы үйге сырттан бір мысық пен күшік кіріп әбден асыр салып ойнаған-ау. Енді оларды кіргізуші болма, бекер босқа менің балаларым үй жинап әуре болады-дейтін. Біз сіңлім екеуіміз әкем шынында бізді білмей қалды екен деп, бір-бірімізге қулана қарап күліп, зыр жүгіріп үй ішін ретке келтіретін едік.
Біздің әкеміз өзі оқытушы болғандықтан, бізге көп нәрсе айтатын, сұраған сұрағымызға өзі жұмыс басты болса да жауап беруге тырысатын. Бос уақытында бізді еркелетіп, мейіріне бөлейтін. Сондай сәттің бірінде мен әкемнен:

menin-eki-apaim-esse-1

-Әке, балалар әкелерін «папа»-деп айтады екен, мен де сүйтіп атасам болама ?-деп сұрадым. Әкем бірден:

 

-Жоқ, болмайды балам. «Әке» сөзі өзіміздің ата-бабамыз қолданған төл сөзіміз, ал «папа» сөзі кірме сөз деді. Содан аз үнсіз отырған соң, сөзін сабақтап, балам, есің деме, сен бұрын бізден «Тәуелсіздік не?»-деп сұрап едің ғой, тәуелсіздік деген — өз ана тіліңді қолдану. Әкеңді «Әке»-деп атау сол тәуелсіздікке бастар жолдың басы -деді салмақты үнмен.
2015 жылдың жазында әкем басқа қалада тұратын анасын, қартайған шағында қолына алу мақсатымен үйімізді сатып, Ақсай үш ықшам ауданынан бөлмелері кең пәтер сатып алды. Мен әжеммен бірге тұруға қуансам да, мектебімді, Шынар апайымды және ауладағы достарымды қимай еріксіз көштім. Қыркүйек айының басында әкем мені ертіп жаңа мұғаліміме таныстыру және қажетті оқулықтарды алу мақсатымен № 123 мектеп-гимназиясына ертіп барды. Мектебіміз бен үйіміздің арасы таяқ тастам жер екен. Лезде бардық. Әкем сұрай жүріп үшінші «А» сыныбын тауып алды. Менің жаңа мұғалімім Анар апай осында екен. Анар апайда Шынар апай секілді сұңғақ бойлы, әдемі апай екен. Біз келгенде ол кісі сынып ішін тазалап жатыпты, әкеммен жылы жүзбен амандық-саулық сұрасты. Бұл кісінің де түсі жылы, қабағы ашық екен. Мен соған қуандым. Өйткені, қабағы қатулы адамдардан қорқушы едім. Жаңа мұғалімім де жылы жүзді адам болса екен деп іштей армандайтынмын. Анар апайдың дидарын көрген соң қорқынышымнан айыққандай болып, сергіп қалдым. Бірақ ол кісінің жүзіне тіке қараудан ұялып басымды төмен салып тұрдым.

 

-Атың кім? -деді апайым бір кезде мені сөзге тартып.

 

— Кәусәр-дедім баяу ғана.

menin-eki-apaim-esse-2

— О, қандай әдемі есім, өзі де сүйкімді қыз екен, кел айналайын деп құшағына қысып, маңдайымнан сүйді. Анар апайымнан мұндайды күтпеген едім, бір жағынан қысылып, енді бір жағынан қуанып кеттім. Шынар апайда үстіп құшақтап, сүйуші еді, әсілі мұғалімдердің бәрі де мейірімді, жақсы болады екен ғой деп ойладым ішімнен. Біз Анар апаймын қоштасып сыртқа беттедік. Әкемнің қолындағы сомкада Анар апай берген оқулықтар. Мен үйге келе-сала әкемнің қолындағы кітаптарды алып, бір-бірден ашып көріп қызықтай бастадым. Бәрін де оқып, бәрін де біліп алғым келіп кетті. Шіркін тездетіп бірінші қоңырау шалынып, сабақ баста са ғой….
Мен асыға күткен қоңырауда шалынды, апаймен бірге сыныпқа да келіп кірдім. Бірақ, еш бір оқушыны танымаймын. Олар мені білмейді. Бәрі маған назар салмастан өздері мен өздері мәз-майрам болып жатыр. Бір бұрышта жалғыз отырып қалдым. Есіме бұрынғы мектебім, ондағы сыныптастарым түсті. Соларды сағынып кеттім, көңілім бұзылып, көзіме жас келгендей, тамағым ашып кетті. Осы сәт сыныпқа кірген Анар апай:

 

— Балалар отырыңдар, жаңа оқу жылдарыңмен тағы да бәріңді құттықтаймын. Биыл біздің сынып жаңа оқушылармен, жаңа достармен толығып отыр. Кәне Кәусәр орныңнан тұршы-деді аса бір жылы лебізбен. Апайымның бұл сөзі көңілімді онан бетер босатып жіберді, деседе жыламауға, жасымды көрсетпеуге тырысып, орнымнан тұрдым. Апайым мені оқушыларға таныстырып болған соң ортаңғы қатардың екінші партасына отыратын қыз оқушының қасына отырғызды. Менің жаңа мектептегі алғашқы күнім осылай басталды.
Күн артынан күндер өтіп жатты. Бірақ мен балалармен етене араласып кете алмадым. Олар өздерімен өздері мені қастарына шақырмастан ойнай береді, ал мен болсам, шеткері оларға қарап тұрамын, арадек менімен бірге отыратын Талшын ғана мені бірге ойнауға шақыратын. Мен үнемі мектептен оралғанымда әке мен анамның назары мен де болатын. Олар менен:

menin-eki-apaim-esse-3

— Бүгін күнің қалай өтті, досдастың ба, біреу-міреу ренжітіп қойған жоқ па? Апайың қалай сабақ беріп жатыр?-дегендей сұрақтармен қарсы алатын. Мен көрген білгенімді айтып беретінмін. Олар ақыл-кеңестерін айтып, мені мақтап, талпындырып отыратын. Содан болар өзімде балаларға жақындасып, сөйлесіп, бірге ойнай бастадым. Қыздармен де достасып, кімнің жақсы, кімнің нашар оқитынын, мінездерінің қандай екендіктерін де сезе бастадым.
Ал Анар апайым, талапшыл әрі кескін айтатын адам екен. Бар ынта-ықыласымен сабақ сөйлеп, біздің түсінгенімізге дейін тоқтаусыз айтып беретін. Дектант немесе бақылау жұмыстарын тексеріп болған соң әрбіріміздің қай жерден, қалай қателік жібергенімізді жеке-жеке жазып түсіндіретін. Анар апайдың бір ерекшелігі үлгірімі нашар оқушыларды өзгелерден бір немесе жарты сағат ілгері шақырып, жеке пысықтау сағатын өткізетін. Алғашында мені де ерте келуімді бұйырды, бір-екі мәрте келген соң менің үлгіріміме көзі жеттіме мені өз уақытында келетін балалардың қатарына қосты. Анар апай да Шынар апай секілді оқушыларын мақтап отырады екен. Мақтар алдында жиы қолданатын сөзі «менің балаларым»-деген сөз екен. Осы бір ауыз сөз бейне менен басқа, бұрынғы балаларға арналғандай сезілетін. Бір күні кеште осы ойымды әкеме айтым. Әкем езу тартып, менің маңдайымнан искеп-сүйіп алып:

 

— Балам, Анар апайың «Менің балаларым»-деген сөзінің ішінде барлықтарың барсыңдар. Мен де «менің балаларым»-деп айтам, сонда алғаш туылған сені ғана емес, кейін туылған сіңліңді де айтамын ғой-деді жүзіме қарап жмиып. Солай ма? , сонда апай мені де балам -деп отыр ма? -дедім, қуанышымды жасыра алмай. Әкемнің осы сөзінен соң апайыма деген кішкентай «өкпем» жазылып, апайымды мүлде жақсы көріп кеттім. Осы жылы қараша айында өткен үшінші сыныптар арасында «Яссауи тағылымы» атты байқауда 1-орынды жеңіп алдым. Апайым қатты қуанды. «Жүзден жүйрік» байқауында бас бәйгені алғанымда Шынар апайымда дәл осылай ағынан жарыла шаттанып еді. Тоқсандық пен маусымдық нәтижем бәрі бес деген бағамен жабылды. Өзім қатты көңілдімін. Екінші сыныпты да «Үздік оқығаны үшін»-деген марапатпен бітірген едім, 3 -сыныпты да солай бітіретініме сенімдімін.

 

Мұғалімдердің еңбегін жоғары бағалайтын әкем, үнемі: мұғалім деген өзгеге білімнің сәулесін түсіремін деп, өзі білінбей таусылып бара жатқан балауыз шамдай адамдар дейтін. Мен осы екі апайымның бойынан әкем айтқан сол қасиетті көріп келемін. Жаңа жыл кешінде адамдар тілек тілейді, мен де алдағы жылдан екі Апайым аман болсын деп тіледім.

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!