Мен зорлық зомбылыққа қарсымын!

Кітапхана меңгерушісі: Мулдагалиева Г.С

Кітапханашы : Азбантаева Ф.Б.

№44Орта жалпы білім беретін мектеп.

Орал қаласы.

Мақсаты : Құқықтық білімді жетілдіру,тәрбиелікке әдептілікке үйрету.

Дамытушылық:Оқушылардың белгілі бір пікірін  айтуға , тұжырым жасауға үйрету.

Көрнекілігі:Кітап көрмесі , нақыл сөздер, плакаттар, слайд .

Кітапханашы: Құрметті оқушылар мектеп кітапханасына қош келдіңіздер!Бүгін сіздермен саяси қоғамдық бағыттағы мен зорлық — зомбылыққа қарсымын деген тәрбиелік шара өткізбекпін.

Зорлық зомбылық құқықта «бір адамның екінші бір адамға ,оның жеке  басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы»делінген . Зорлық — зомбылық тәрбиесіздіктен де  туындайды, «тәрбиесіздік –ол адамзаттың қас жауы» , «тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» «тәрбиеге әсер беретін нәрсе –өскен орта ,ата-ананың тәрбиесі» Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтқандай , «Сүтпен берілген тәрбие ,сүйекпен кетеді» бұл  бала жасында қандай тәрбие алса , ер жеткенде сол әдет қалмайды. Олай болса құрметті оқушылар ұлтымыздың қанандағы ізеттілікті дөрекілікке , қайырымдылықты қатыгездікке ,адамдықты арамдыққа , ауыстырып алмайық.

Балалардың, Құқықтық білімді жетілдіру, білімді жетілдіру,тәрбиелікке, әдептілікке үйретуІ. Іс шарамызды бастамас бұрын  оқушылар  «заң» және «бала құқығы» тобы болып екіге бөлінеді , ендеше балалар әр топ өз  аттарын қорғайды .

Заңгерлер тобы :Заң адамдардың қоғамға қауіпті  , зиянды әркеттер істеуіне тыйым салады . Азаматтар заңды түрде тыйым салынған әрекеттерді  істемеуі керек . Азаматтардың  заңды түрде рұқсат етілгендерді істеуі , заңды түрде тыйым салынған әрекеттерден бас тартуы – олардың әрекеттерінің құқықтық реттіліктерге сәйкестігінің көрсеткіші  болып табылыды.

Бала құқықтары тобы :Бала өмірге келгеннен бастап есім және азаматтылыққа деген құқық тиесілі. Дені сау өсуі , тиісті тамақтану, тұрғын үй жайын пайдалану, кемсітпеу ,өмір сүру, есею және ержету құқығы,бала көзқарастарына құрметпен қарау,баланы қорғау, білім алуына оның қоғам өміріне белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ету.

Рахмет әр топ өз топ атауларын жақсы деңгейде қорғады деп ойлаймын .

ІІ. Сіздерге тақырыпты ашып жете татысу үшін  назарларыңа бейне баян ұсынамыз .

Оқушылар сіздерге ой сергіту мақсатында викториналық сұрақтар қойылады.Мен не істегім келсе соны істеймін!!!Тимур өзінің туған күніне арнап достарына жиын – той жасады. Мол дастархан жайып барлық достарын шақырды. Біраз уақыт өткен соң, достарының бірі билеуге ұсыныс жасады . Тимур магнитафонға үнтаспа салып дауыс реттегішін ортасына дейін бұрады . сәлден соң достары «каттырақ шығар дауысын»-деді .  Тимур дауыс реттегішін барына шығарды. Біраз уақыттан кейін әлдекім есік қақты . Көршілер екен . Олар Тимурға ұйықтай алмай жатқандарын музыканың даусын бәсеңдетіп қоюын сұрады , немесе сауық кешін мүлдем доғаруды, олай болмаса жағдай қиындайтынын айтты . Тимурға бұл ұнамады . Ол көршісіне «Мен өз үйімде сауық кешін өткізуге, музыканы косуға , дауысын калағанымша көбейтуге құқығым бар. Бар жатып ұйықта құлағыңды жастықпен жауып ал.! Мен өз қалауымды жасауға «азаматтық құқығым бар» деп айқайлайды .

Сұрақ:

1.Біз нені қаласақ соны жасай аламызба?

2. Мұндай жағдайда қандай шектеулер қою керек ?

3.Тимурдың міндеттері қандай ?

4. Көршісінің құқығы бұзылдыма алде Тимурдың құқығы бұзылды ма?

fotoБұдан шығаратын қортындымыз : Түнгі сағат 23-тен танғы 6-ға дейін түнгі уақыт болып саналады тыныштықты бұзған , азаматтардың қалыпты дем алуына кедергі кетірген азаматтарға айып тағылып ескертулер жасалады.

ІІІ.Келесі менің құқықтық алаңым атты сладтымызды назарларыңа ұсынамыз бұл слайдтан өздеріңе қажетті міндеттермен құқықтарыңды және анықтамалықтарды біле аласыңдар.

ІV.Келесі бөлім ой жалғау деп аталады. Ойын барысымен таныстыра кетсем мен мақалдың басын ал сендер жалғасын тауып айтасыздар.

1.Заң құрығы ……….бәрінен ұзын.

2. Өш алғаннан көрі ………. кешірген жақсы

3.Тура биде …….туған жоқ

4.Ақырын жүріп …….анық бас.

5.Ұрлық түбі ………..қорлық

6.Жазасын тартпайтын жамандық ….болмайды.

7Тәрбие отбасынан…………..басталады.

8. Әділ істің арты ………игі.

V.Келесі бөлім кім жылдам деп аталады яғни  екі топқа тапсырма беріліп қай топ жылдам екеніні анықтаймыз. Сіздерге 4-5 минут уақыт беріледі.

1.Сұрақтар.Үкіметтің ұстанымына қарама қайшы ұстаным қолданатын топ    -япопциози(оппозиция)

2.Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қадағаланатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүиесі – ұққық (құқық)

3.Жазалауға ұшыратылатын ,қылмыстық заңнамамен тиым салынатын .айыпталатын , қоғамға қарсы іс әрекет.- мықлыс(қылмыс)

4.Қоғам мемлекет жеке тұлға мүдделеріне зиян келтіруші ,құқыққа қарсы іс әрекет  -қылшызуұбұқыққ .  (құқықбұзушылық)

5.Бұл мемлекет белгілеген және азаматтардың қоғамдағы тиісті мінез құлқының заңда бекітілген түрлерімен өлшемі-тендерміт(міндеттер)

6.Құғамдық орындарда адамның салиқалы мінез құлқын көрсететін , адамның тәрбиелік теңгейін танытатын кең ұғым-Енідкмләнетит. (мәдениеттілік)

7. Жеке тұлға ол мемлекеттің тұрақты тұрғыны және құқығы мен міндетінің иесі-тазама. (азамат)

Ойынды қорытындылап топтардың ұтқырлықтарын анықтау.

VІ.Балалар бізге мынандай жұмбақ адам хат жолдапты , хат барысымен таныстыра кетейін.

Жұмбақ адам. Мен 15 жастамын үйде жалғыз баламын кішкене күнімнен өте аурушаң едім, содан ба  әлсіз аріәлжуаспын ата-анамның мен дегенде шығар жаны бөлек. Мені үнемі ойлап  алаңдап отырады. Оларды артық уайымға салғым келмейді, сол себепті өз ойымды сіздермен бөліспекпін. Мен үнемі өзіме көрсетілген әлімжеттіктен шаршадым. Айналамдағы балаларданда өзімді кейде төмен сезінетін сәттерім болады . Олар үнемі  қыздарға теңеп келемеждеп, еңсемді езердей сөздер айтады . Бұларды былай қойғанда үйге қайтар жолымда, үнемі  өзімнен үлкен бұзық балалар жолымнан күтіп алып, ақшамды тиынына дейін қалдырмай тартып алады, және белгілі сомада ақша әкелмесең бұданда жаман болатынын айтып қорқытады. Мен не істесем болады бұл жағдайды ата-анама айтып, оларды уайымға салғым келмейді. Достарыма айтып, олардың басын қатерге тіккім келмейді маған ақыл кеңес беріңдерші.

Қорытынды :Мен өз құқығым мынандай  жағдайларда бұзылады, жұмбақ хат яғни балалар  сендер неге келіспейсіңдер күнделікті өмірде және қандай жағдайларда сендердің құқықтарың бұзылады немесе жаңағы жұмбақ адамдай жағдайға тап болдыңыздарма біздің сенім почтасына хат жазып салуларыңызға болады.

Мен жігіт 15-30 арасында

Бұл шақта көп бересім аласымда

Жан –жағым толған мақсат толған таңдау.

Алайын алайын анасынба мынасынба ?- деп арқалы ақынС.Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай , өзөмірлеріңе жауап бере алатыналаштың азаматтары болайық.  Осымен тәрбиелік шарамызды аяқтаймыз, алтын уақыттарыңызды бөліп белсене ат салысқандарыңызға үлкен рахмет .

Пікірлер1
  1. Гулзира

    Ашық тәрбие сағаты кезең ,кезеңмен берілген . Қызықты, тапсырмалары ойластырылған. Зорлық зомбылықсыз өмір туралы балаларға ақпарат беру, дұрыс бағдар беру ата-ананың , мұғаліммен, қоғамның басты мәселесі.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ