Мамандықтың бәрі жақсы

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Мақсаты:
Білімділік: әр түрлі мамандықтардың түрлері туралы түсінік беру. Мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру.
Дамытушылық:әңгіме құрастыруда өз ойын, өз армандарын нақты және түсінікті етіп жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелеік: әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мақтау, мадақтау.
Керекті құралдар:мамандықтар туралы слайдтар, мамандықтар туралы суреттер, мольберт.
Мотивациялық — қозғаушы
Тәрбиеші балалардың назарын топқа, келген қонақтарға аударады:
-Балалар, қараңдаршы, бүгін біздің тобымыз күндегіден ерекше безендірілген және бізге көптеген қонақтар келген екен. Балалар бүгін бізде ерекше оқу іс – әрекет болмақ. Қане шаттық шеңберін құрып, бір – бірімізге жылы жүзбен қарап, бойымыздағы жүрек жылуын сыйлайық.
Балалар топқа, келген қонақтарға назар аударады.
Шаттық шеңберін құрып, жылулық сыйлайды.
Біз ойнаймыз, біз ойнаймыз.
Кім болуды ойлаймыз.
Біз әртүрлі баламыз.
Игі істерге құштармыз
Білім алып ұстаздан.
Ел сеніміз ақтаймыз.
-Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
-Жарайсыңдар балалар.
(Есік қағылып топқа Дымбілмес келеді) Балалар топқа келген Дымбілместі көреді,
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
-Сәлеметсіз бе?!
Тәрбиеші:
-Балалар бізге қонақ келген екен, қане амандасайықшы.
Дымбілмес:
-Балалар, сендер мені таныдыңдар ма?
-Әрине таныдық, сіз Дымбілмессіңіз.
-Таптыңдар балалар, менің атым Дымбілмес. мен ештеңе де білмеймін. балалар, мен сендерден көмек сұрап келдім. Менің мамандықтар жайлы

«Гүлдер қалашығым-дағы» достарымда барлығының мамандықтары бар. Мысалы, Тюбик – суретші, Гусля – сазгер, Винтик пен Шпунтик – шебер. Ал мен болсам, әлі күнге дейін кім боларымды білмей жүрмін. Мүмкін сендер маған көмектесіп, ақыл берерсіңдер?
Тәрбиеші:
-Балалар, Дымбілмеске мамандық таңдауға көмектесеміз бе?
-Иә!
-Олай болса қазір біз мамандықтар туралы айтып берейік, ал осы мамандықтардың ішінен өзінің қалаған мамандығын таңдасын.
Дымбілмес:
-Рахмет балалар, мен сендердің маған көмектесетіндеріңе сенгенмін.
Тәрбиеші:
-Балалар, алдымен мамандықтарды есімізге түсірейік. Мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, тыңдаймыз ба?
Тәп – тәтті тамағы,
Астардың маман…..
-Аспазшы.
Кірпіштен сарай, үй салады,
Ол адам кім болады?
-Құрылысшы
Қолында қайшы, тарағы,
Тәртіпке шашты салады.
-Шаштараз.
Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты.
-Дәрігер.
Мектептің жүрегі,
Білімнің тірегі.
-Мұғалім.
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
-Полиция.
Дабылға тез жететін,
Жалынға сүңгіп кететін.
Қиналса да түтінге,
Тайсалмайтын батыл кім?
Жасқанбайтын батыр кім?
-Өрт сөндіруші.
Ұшқыш емес, бірақ ол
Аспанда қалықтап ұшады
Оны кім деп ойлайсындар?
-Ғарышкер
Дымбілмес:
-Балалар, жарайсыңдар, сендерді тыңдап мен бірнеше мамандық атауларын жаттап алдым. Ой балалар, білім алған қандай қиын, сендер шаршаған жоқсыңдар ма?
-Жоқ, шаршаған жоқпыз.
Тәрбиеші:
-Дымбілмес, сен шаршадың ба. Балалар, олай болса Дымбілмеспен бірге «Мамандықтар» жаттығуын жасайық.
Тас қалаушы жарайды,
Қабырғасын үйдің қалайды.
Сырлаушы боп мен енді
Сырладым төбе, еденді.
Мен – электрші – шам жаққыш,
Бұрап шамды жақтым.
Жаңа үйге кір көшіп
Бақытты өмір жүр кешіп.
(Балалар жаттығу жасайды)
-Жарайсыңдар балалар, мына үстелде мамандықтар туралы суреттер берілген. Осы суреттердің ішінен адамдар қолмен жұмыс жасайтын мамандықтарды табу керек.
Балалар суреттердің ішінен адамдар қолмен жасайтын мамандықтарды тауып тақтаға іледі.
-Ал енді осы суреттерден адамдарды құтқаратын мамандықтарды табу керек.
Балалар суреттердің ішінен адамдарды құтқаратын мамандықтарды тауып тақтаға іледі.
-Жарайсыңдар балалар. Енді біз осы суреттерден көліктермен байланысты мамандықтарды табуымыз керек.
Балалар суреттердің ішінен көліктермен байланысты мамандықтарды табады.
-Жарайсыңдар балалар. Енді мен сендерді ойын ойнауға шақырамын. Ойын: «Аспазшыға көмектес» деп аталады.
Балалар аспазшыға біздің көмегіміз керек екен. Ол сендерге сорпа мен шырын әзірлеп жатыр. Көмектесеміз бе?
-Балалар біз сорпаға не саламыз?
(Балалардың жауабы)
-Дұрыс, ал шырынға не саламыз. Олай болса, алдарыңда көкөністер мен жемістер алараласып кеткен. Сорпа жасау үшін көкөністерді қазанға жапсырамыз, шырын жасау үшін жемістерді шыны ыдысқа жапсырамыз.
Балалар ойын ойнауға келіседі, суреттердің ішінен сорпа жасау үшін көкөніс-терді қазанға жапсырады, шырын жасау үшін жемістерді шыны ыдысқа жапсырады.
Тәрбиеші:
-Ал Дымбілмес, біз бүгін сені көптеген мамандықтармен толық таныстырдық. Біздің көрсеткен сабағымыз, берген жауаптарымыз сенің көңіліңнен шықты ма? Атап шыққан мамандықтардың ішінен қайсысын ұнаттың? Кім болуды шештің?
Дымбілмес:
-Иә, балалар сендердің арқаларыңда мен өте көп нәрсе үйрендім. Берген жауаптарыңыз менің көңілімнен шықты, маған ең қатты ұнағаны – ғарышкер! Мен ғарышкер болып ұшқым келеді. Сау болыңдар.
(Дымбілмес кетіп қалады)
Балалар Дымбілмеспен қоштасады.

Erketai / Фев.17.2017

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!