Мақал-мәтел — сөз мәйегі

Қазақта терең мағыналы ой салатын мақал-мәтел түрі сан алуан және олардың тақырыптары да біріне-бір ұқсамайды. Ел үлгі тұтатын ақын-жазушылардың шығарған асыл да астарлы мағынадағы түйін сөздері халықтың ой елегінен өткізіліп, еш өзгеріссіз ұмытылмай сақталып, ауыздан-ауызға таралғаны бізге мәлім.

Олар адамзат баласына үлкен ой тудырып, нақыл да ақыл сөз ретінде үлгі-өнегеге толы болғандықтан, қолдану аясы кеңейе түскен. Яғни, осы тұрғысынан айтар болсақ, мақал-мәтелдің берер тәлім-тәрбиелік маңызы зор екендігін айқындайды. Мақал-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды.

Ал, мәтел-ой пікірді бейнелі әрі тұспалдап, ишара түрінде жеткізеді. Демек, мақал-мәтел-сөз ұйытқысы бола отырып, жақсылық, жамандық, достық, қастық, өнер-білім, т.с.с. тақырыптарға құрылады. makhal-matel-soz-maiegiСолардың біріне тоқталар болсам, «досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды»-деген халық даналығында достық, қастық турасында, ал айтылар ой-я досыңның сансыз көптігін, я болмаса, біліміңнің толыққанды жеткілікті болып ғана қоймай, қандай қамал болса да бұзуға қауһары жететіндігін көрсетеді.

Яғни, мұнда-бірлік те болып, ақылды болуға тәрбиелейді. Ал, «өнерлі өрге жүзеді, өнерліге өлім жоқ» — деген осы бір нақыл сөздің мағынасы-өнерлі адам көптеген биік шыңдардан көрініп, үлкен жетістіктерге жететінін, яғни қабілет-ісінен өз күніңді көре алатындығын айқын топшылайды. Айтпақ ойы, өнерлі, еңбекқор болып талаптану қажет екендігін алға тартады.

«Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің, Ата-ананың қадірін балалы болғанда, білерсің»-деген мақал мәнісі, ата-ана қадірін өзі балалы-шағалы болғанда білетінін айтады. Мұндағы ой-сарыны – ағайынмен араз болмай, тату, ынтымақта болып, әке-шешені сыйлап, құрметтеу қажеттігін меңзейді.

Сондай-ақ, «жасыңда жалықпасаң, қартайғанда торықпайсың»-мұнда дәл, нақтсы оймен жеткізілген. Тіпті, бұл түйін сөз «көндікпесең бейнетке, қолың жетпес зейнетке»-деген мақал мағынасымен пара-пар әрі дәлелі іспеттес десем, артық айтқандық болмас.

Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, мақал-мәтел-терең ойлауды қажет ететін, қадір-қасиеті жойылмаған, тұжырым-түйіндегі сөз мәйегі, асыл мұра.

Пікірлер1
  1. Арай

    Қазағымыз тауып айтқан, мақал мәтелдердің мағынасы терең. оны жас ұрпаққа үйретіп, оқытып, түсіндіріп отыруымыз керек. Балаларға жақсы жеткізіпті. Керемет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ