Қыста қыстайтын құстар

Тақырыбы: Қыста қыстайтын құстар. (тәрбие сағаты)

Тәрбиеші: Жақсыбаева Гүлшат Жанғабылқызы

2 – ші кіші топ

Қостанай қаласы.

Тақырыбы: Қыста қыстайтын құстар

Мақсаты: Балаларға қыста қыстайтын құстардың түрлерімен таныстыру. Олардың немен қоректенетінін, қалай қыстап шығатынын әңгімелеп беріу. Балалардың тілдерін дамыту, есте сақтау қаблетін дамыту, ойлау қаблетін арттыру. Көрнекі құралдар: ағаштар, құстардың суреті, құстардың дыбыстары.

Сабақтың барысы.

Балалар біз бүгін қысқы орманға саяхат жасаймыз. Қыстың ауа-райы қандай?

* Суық

* Жерде не жатыр?

* Қар.

* Біз қалай киінеміз?

* Жылы, қалың

* Қане бәріміз киінеміз.

Балалар орманға келдік, енді жан жағымызға қараймыз. Нені көріп тұрмыз?

* Ағаштарды

* Жерде не жатыр?

* Қар

* Не естіп тұрсыңдар?

* Құстардың дыбысын

* Құстар қайда отыр?

* Ағаштың басында

* Осы құстарды неліктен қыста қыстайтын құстар дейміз?

қыста қыстайтын құстардың түрлеріҮйткені олар қыста өмір сүре алады, суыққа шыдамды, төзімді.

Бірінші ағашқа барайықшы, бұл ағашта қандай құс отыр?

* Сауысқан

* Оған қараймыз, түсі қандай?

* Қара-ақ , құйрығы ұзын

* Қандай ағашта отыр?

* Шырша

* Сауысқан қандай дыбыс шығарады?

* Саңқылдайды

* Балалар сауысқанның аузына қарайықшы, аузында не бар?

* Қағаз

* Бұл хат, оны ашып оқимыз, сауысқан бізге не жазған екен?

* Сәлематсыздарма, балалар. Сауысқан туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Әмина: Ала қанат сауысқан

Жерді шұқып тауысқан.

Енді балалар екінші ағашқа барамыз, қандай ағашқа келдік?

* Ақ қайын

* Қандай құс отыр?

* Қарға

* Түсі қандай?

* Қара

* Қарға қандай дыбыс шығарады?

* Қар-қар, қарға қарқылдайды

* Қарға балалар бізге тапсырма берді. Жұмбақ шеш.

Жұмбақ: Жарықта соқырмын,

Ұша алмай отырмын.

Оқушы болсам мен

Түнімен оқырмын

(үкі)

Ал қарға тураны қандай тақпак білеміз?

Салтанат: Қарға қарға қарғалар

Қар үстінде жорғалар,

Боран соқса долданып

Бұтаға келіп қорғанар

Балалар енді келесі ағашқа барамыз.

* Қандай ағаш?

* Қарағай

* Жапырақтары бар ма?

* Жоқ

* Қандай құс отыр?

* Тоқылдақ

* Тоқылдақта бізге тапсырма дайындапты

* Құстар туралы қандай өлең білесіңдер? Тоқылдақтың пайдасын білесіңдер ме?

* Ол ағашты емдейді, ағашқа түскен құрттарды, жәндіктерді ұзын тұмсығымен жейді. Тоқылдақты орман емшісі деп атайды.

Өлең: Суық торғай

Торғай, торғай, тондыңба,

Тұра алмайсың орныңда?!

Бір қонасың бір ұшып,

Отырасың бүрісіп

Қарап қойып жай ғана,

Жем іздейсің айнала.

Үйге кірші , торғайым,

Мен аяздан қорғайын

Үйшік жасап берейін,

Алдыңа жем төгейін.

Келесі ағашқа барайықшы, қандай ағаш?

— Алма ағашы

— Қандай құс отыр?

— Торғай (торғай бүрісіп отыр)

— Торғай туралы қандай тақпақ білеміз?

Тақпақ «Торғай»

Торғайда бізге тапсырма дайындап қойыпты.

* Құстарды қалай күту керек?

* Құстар адамның досы. Құс жұмыртқасын алма. Оларға қамқорлық жаса. Құсқа тас лақтырмаймыз. Қус ұясын бұзба. Құсты атуға болмайды.

* Құсқа – жем шашайықшы.

Қ-ойын: «Мысық пен торғайлар»

Қорытынды: Балалар бүгін сендер қайда саяхат жасадыңдар? Қандай құстарды көріп тамашаладыңдар?

Мысық: Мен сендерге сыйлық әқелдім. Мультфильм көруді жақсы көресіңдер ме? «ия»

Ендеше оны отырып тамашайламыз.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (Жазбаның бағасын беруіңізді сұраймыз)
Loading...
Erketai / Мар.5.2017
Ұқсас Жазбалар

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!