Күзгі хаттар

Тақырыбы: «Күзгі хаттар»

Мақсаты: Балаларға күз туралы және оның адамдарға әсері туралы түсінік беріп өту.

Өту барысы: Ойын түрінде, 3 топтың қатысуымен болады.

Күз туралы, балаларға, сабақ жоспары, ашық сабақ, балабақшадаЖүргізуші:Саламатсыздарма апайлар мен балалар!  Бүгінгі біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді. Яғни күздің бір сиқырлы кезеңі сары жапырақтардың жерге түсіп жататын кезеңі.

Ж: Балалар  күзде күн суық болып адамдар қалың киіне бастайды сонымен қатар жапырақтар сарғайып жерге түсіп жататын жыл мезгілдерінің бір кезеңі.

Ж. Мәссаған мына жердің жапыраққа толысын – ай. Балалар осы жердің жапырақтарын маған жыйнасуға көмектесіздерме?

Балалар иә деп жауап қайтарады.

Ж. Олай болса балалар алдымен жапырақты аламыз жапырақтың артында тапсырмалар берілген сол тапсырмаларды орындау жапырақтарды тазарта алады екенбіз.

Ал балалар кім шығады алғашқы жапырақты алып ойынды кім бастайды.

Жандос: 5-ке дейін санап бер.

Жансая: Қойдың төлін ата?

Амира: Ас атасы қалай аталады?

Назерке: Сиырдың төлін не деп айтады?

Дана: Жапырақтың суретін көрсет.

   Ж: Балалар шаршаған боларсыңдар сергіту сәтін жасап алайық.

          Қолымызды созайық

          Тереңнен дем алайық.

           Езуден күлкі шашайық

Жерден жеміс теріп алайық.

Ж. Шаршағанымызды басып алдық. Енді балалар 2 топқа бөлініп отыра қояйық.

Енді балалар 2 топ болып жарысқа түсесіздер. Сіздерге жапырақтың  бейнесі бейнеленген мозайкалар беріледі. Осы мозайкаларды кім жылдам құрып шықса сол топ жеңімпаз болады. Ал, кеттік. Сіздерге 15 минут беріледі.

Ж: Бәрекелді балалар сіздер өте ақылды және жылдам балалар екендеріңізді көрсеттіңіздер. Жарайсыңдар.

   Қимылды ойын.«Жапырақтан жапыраққа жету.»

Мақсаты: Жапырақтан жапыраққа секіріп одан кейін адам ізімен белгіленген өз топтарына адаспай жету.

Ж: Жарайсыңдар балалар сіздер алғыр екенсіздер. Мен сіздерге қуаныштымын. Ойынға бар ынталарыңызбен қатысқандарыңызға рахмет.

Құрметті апайлар және балалар бүгінгі ойынсабағымыз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет. Сау болыңыздар!

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер7
  1. Меруерт

    Өте күшті ойындар екен Маған ұнады көп көп рахмет

  2. Бахыт

    сабақ қызықты құрылған, балалардың танымын дамытады, рахмет!

  3. Камшат Шаяхметова Кенжеканкызы

    Маған осы «Күзгі хаттар» деген сабақ ұнады. Сабақ құрылымы ойынға негізделген. Ойын-тәрбие құралы.»Ойын ойнап, ән салмай өсер бала болар ма» дегендей, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын кезінде баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Балалар өмірде көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатынын байқауға болады.Ойын кезінде балалардың тілдері, ойлау қабілеттері дамып, сөздік қорлары молаяды.Дүниетанымдары кеңейіп, зейіндері қалыптасады.Сондықтан осындай жақсы сабақтарды жариялап отырған сайт жұмысын жақсы деп бағалаймын. Рахмет сіздерге!

  4. тобылғы хуанбай

    басшылықпен қалай байланысуға болады
    мекен жайларыңызды қайлай табуға болады

    1. Erketai (автор)

      Сайттың «Кері байланыс» беті арқылы

  5. айжан

    мына күзгі хаттар тақырыбын жазған адамның аты жөнін біле аламба?

    1. Erketai (автор)

      Салем! Біріншіден біз сайт тіркелушілері немесе пайдаланушылары жайлы ешқандай ақпарат бере алмаймыз.
      Екіншіден осы мақаланы өзіңіз жібермедіңіз ба?
      Үшіншіден неге сіздің аты-жөніңіз мақалада жазылмады десеңіз сіз мақаланың ішіне аты-жөніңізді жазбағансыз!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ