Күз мезгіліне арналған балабақша картотекасы


Erketai / Окт.17.2015. / 1 пікір

Бақылау 3: Бұлтты бақылау
Мақсаты: Балаларға бұлттың неге ұқсайтынын қай бағытқа көшіп жатқанын бақылатып әңгімелеу.
Еңбек: Учаскедегі шашылған ағаш бұтақтарын жинату.
Балалармен жеке жұмыс : «Бұлт» Қ. Әлімқұлов
Түрленді дала, бау- бақша
Құлпыра қалды тау жақта
Қара бұлтты жел қуып
Жөкеп берді аулаққа
Қимылды ойындар: «Ақ қоян», «Күзгі тіршілік»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері
Бақылау 4: Жәндіктерді бақылау
Мақсаты: Күзде жылы жаққа ұшқан құстарды бақылату.
Еңбек: Бөлме гүлдерін суару.
Балалармен жеке жұмыс: «Қарлығаш»
Қимылды ойындар: «Құс болып ұшамыз»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау 5: Жәндіктерді бақылау
Мақсаты: Күзде жылы жаққа ұшқан құстарды бақылату.
Еңбек: Бөлме гүлдерін суару.
Балалармен жеке жұмыс: «Қарлығаш»
Қимылды ойындар: «Құс болып ұшамыз»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау 6:Ағаштардан желмен ұшып түсіп жатқан жапырақтарды бақылау.
Мақсаты: Жапырақтардың ағаштардан қалай түскенін бақылап, әдемі жапырақтардың айналаға қалай сән беріп тұрғанын әңгімелету.
Еңбек: Шашылған жапырақтарды ұшып келген қағаз қалдықтарын жинау.
Балалармен жеке жұмыс: Ертегі оқып беру
«Ағаштар ұйықтайма?»
Қимылды ойындар: Тақия тастамақ
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау 7: Құмдағы іздерді бақылау.
Мақсаты: Учаскелердегі құмдағы іздердің кімнің ізі екенін айыра білуге үйрету.
Өз іздерін бір-бірімен салыстыру.
Еңбек: Құм салғыштағы құмды күрекшелерімен көтеру.
Балалармен жеке жұмыс: «Санамақ айту»
Бөрік тіктім
Он ойланып
Тоғыз толғанып,
Сегіз рет сызып,
Жеті рет бұзып.
Алты рет қарап,
Бес рет санап,
Төрт рет қадап.
Үш тал үкі тағып,
Екі қолым талып.
Бір бөрік тіктім,
Әзер деп біттім.
Қимылды ойындар: «Тышқан мен мысық»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

картотека


Бақылау 8: Жерге түскен жапырақтарды бақылау.
Мақсаты: Балаларға жапырақтар неліктен жерге түскендігі туралы әңгімелеп айту. Олардың түстерін атау.
Еңбек: Құм салғыштың ішіне түскен жапырақтардан тазалау.
Балалармен жеке жұмыс: Балаларға жұмбақ жасыру.
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады (жапырақ)
Аспай піскен,
Қайнамай піскен (жеміс)
Жер бетінде шашы бар
Жер астында басы бар (сәбіз)
Қимылды ойындар: «Ақ серек, көк серек»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау 9:Күз мезгілінде желді бақылау
Мақсаты: Күз мезгіліндегі желдің салқын болатынын айту. Балалардың тілін дамыту, әңгімелеу арқылы.
Еңбек: Учаскедегі шашылған қағаздарды жинау.
Балалармен жеке жұмыс:Дақпақты оқу. «Желді күн» (Ж. Смақов)
Гу-гу,гу-гу шықты
Желдеттіде бұлт қуды
Жел соққан соң
Жел тіпті
Жын соққандай жұлқынды
Қимылды ойындар: «Күн мен түн»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау 10:Күзгі ауа-райындағы өзгерістерді бақылау.
Мақсаты:Балаларға күз мезгілі туралы әңгімелеу. Күзгі ауа-райын жазғы ауа-райымен салыстыру,күздегі өзгерістерді айтқызу.
Еңбек: Құм салғыштың айналасындағы құмдарды күрекшемен жинату.
Балалармен жеке жұмыс: «Көкөністер» туралы тақпақ айтқызу
Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек
Жапырағын жұлғызып
Қимылды ойындар: «Ұшты — ұшты»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау 11: Күзгі ағаштардың жапырақтарының түстерін бақылау
Мақсаты: Күзгі жапырақтар туралы әңгімелер айту, түстерін айтқызу.
Еңбек: Учаскедегі күзгі жапырақтарды бір жерге жинау.
Балалармен жеке жұмыс: «Күзгі жапырақтар» туралы оқу(Қ. Шарғытбаев)
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Қимылды ойындар: «Жапырақ жинау»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау 12: Күзгі ағаштардың жапырақтарының түстерін бақылау
Мақсаты: Күзгі жапырақтар туралы әңгімелер айту, түстерін айтқызу.
Еңбек: Учаскедегі күзгі жапырақтарды бір жерге жинау.
Балалармен жеке жұмыс: «Күзгі жапырақтар» туралы оқу(Қ. Шарғытбаев)
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Қимылды ойындар: «Жапырақ жинау»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау 13: Күзгі ағаштардың жапырақтарының түстерін бақылау
Мақсаты: Күзгі жапырақтар туралы әңгімелер айту, түстерін айтқызу.
Еңбек: Учаскедегі күзгі жапырақтарды бір жерге жинау.
Балалармен жеке жұмыс: «Күзгі жапырақтар» туралы оқу(Қ. Шарғытбаев)
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Қимылды ойындар: «Жапырақ жинау»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау 14: Күзгі ағаштардың жапырақтарының түстерін бақылау
Мақсаты: Күзгі жапырақтар туралы әңгімелер айту, түстерін айтқызу.
Еңбек: Учаскедегі күзгі жапырақтарды бір жерге жинау.
Балалармен жеке жұмыс: «Күзгі жапырақтар» туралы оқу(Қ. Шарғытбаев)
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Қимылды ойындар: «Жапырақ жинау»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау 15: «Күзгі саябаққа серуен»
Мақсаты: Адамдардың саябаққа не себепті келетіні жайында әңгімелесу. Саябақ ішіндегі күзгі өзгерістерге көңіл бөлдіріп бақылау,әңгімелеу.
Еңбек: саябақтағы әр түрлі ағаштардың жапырақтарын жинау. Әр ағаштың жапырағын ажыратып үйрету.
Балалармен жеке жұмыс: Тақпақ жаттату.
Алтын-сары,қызыл көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Қимылды ойындар: «Құстар мен мысық», «Аққу-қаздар»
Мақсаты:Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау 16: «Тұманды бақылау»
Мақсаты: Табиғат құбылыстарын атату.Соның ішінде бүгінгі ауа-райының өзгерісі тұманды бақылату.Ашық және тұманды күннің ерекшеліктерін салыстыру.
Еңбек: Жапырақтардан әртүрлі бейнелер құрастырту.
Балалармен жеке жұмыс: Танысқан дыбыстар бойынша сөздер ойлату.
Қимылды ойындар: «Кетіп қалған кім?», «Қояндар мен қасқырлар»
Мақсаты: Рөлдерде ойнай білуге үйрету.Байқампаздыққа, кеңістікті бағдарлауға үйрету.
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау 17: «Қайтқан құстарды бақылау»
Мақсаты:Балалармен қайтқан құстарды бақылау.Олардың атын ататқызып,дауыстарын тыңдату. Олардың топ болып ұшуына назар аударту.
Еңбек: Құстарға жем салатын тақтай жасау.
Балалармен жеке жұмыс: Құстар туралы жұмбақтар жасыру.
1. Құйқылжытып дала күйін,
Үй ішіне салады үйін. (қарлығаш)
2. Күндіз соқыр не деген
Түнде қандай көреген. (үкі)
Қимылды ойындар: «Қайтқан құстар» «Құстар мен мысық»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау 18: «Күзгі желдің бағытын бақылау»
Мақсаты: Балаларға желдің қай бағытта соғып тұрғанын,қандай леп арқылы соғып тұрғаны жөнінде жалпы түсінік беру.Балалардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін арттыру.
Еңбек: Балаларға желдің бағытымен ұшқан күзгі жапырақтарды жинату.
Балалармен жеке жұмыс: Күз мезгіліне байланысты көркем сөз жаттату.
Көк майса,көрікті
Алқаптағы көк егін
Бұл күндері кейіпті ,
Сары жібек көйлегін
Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал, терек
Жапырағын жұлғызып.
Қимылды ойындар: «Жел көбік».
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау 19: «Қоңыр күзді бақылау,салыстыру»
Мақсаты: Қоңыр күзгі табиғатты бақылау,алғашқы күзбен салыстыру, ерекшеліктерін сұрау,қоңыр күзде күннің суық болатынын, жапырақтар түсіп бітік тек қоңыр түсті болатынын айту.Ағаштар жапырақтарынан ажырап , жапырақтардың да күз айларында түстерін өзгертіп тұратынын айтып түсіндіру.
Еңбек: Құмсалғыштағы құмды күрекшелермен көтеру.
Балалармен жеке жұмыс: Күз мезгіліне байланысты көркем сөз жаттату.
Қимылды ойындар: «Үрпек төбет», «Жасырынбақ»
Мақсаты:Шапшаңдыққа баулу.
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау 20: «Күзгі құстардың тіршілігін бақылау»
Мақсаты: Балаларға құстардың күзгі тіршілігін бақылату. Олардың іс-әрекеттері туралы әңгімелеу.Күзгі құстардың дауысын тыңдау.Құстардың атын атап, еске сақтау қабілеттерін, тілдерін дамыту.
Еңбек: Құстарға жем беру.
Балалармен жеке жұмыс: С.Сейфулиннің «Бозторғай» өлеңін оқу.
Міне торғай
Үйін қорғай
Жер бауырлап зырлайды
Шырқап биік
Күнге күйіп
Қалмай, сайрап жырлайды
Қимылды ойындар: «Сұр қоян жуынады»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау 21: «Солып қалған гүлдерді бақылау»
Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырып өтіп, балабақша ауласындағы күзгі гүлдерге назар аударту.Жазғы гүлдер мен күзгі гүлдердің ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы әңгімелеу.
Еңбек: Қурап қалған гүлдердің тұқымдарын жинау.
Балалармен жеке жұмыс: Тақпақ жаттау.
Арасында гүлдің,
Ойнап бүгін жүрдім.
Қызыл,жасыл,сары,
Әп-әдемі бәрі.
Қимылды ойындар: «Абай бол»,
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау 22: «Алтын күзді бақылау»
Мақсаты: Күз туралы білімдерін тиянақтау.Байланыстырып сөйлеу тілін,көркемдік талғамын,күз мезгілінің сұлулығын бағалап көре білуге тәрбиелеу.
Еңбек: Жапырақтар жинау.
Балалармен жеке жұмыс: «Алтын күз» Ғ.Қайырбеков
Алтын, адтын, сары алтын
Алтын күзде нұр жатыр
Біз бақщаға баратын
Алақай ау күн жақын
Сары ала тон жамылған
Күз атамыз секілді
Қойны толы дәмді нан
Тәттісі көп не түрлі
Қимылды ойындар: «Жалаушаға қарай жүгір»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау 23: Жаңбырды бақылау.
Мақсаты: Табиғаттың «көңіл-күйі», жел, жаңбыр, суық екенін сезіндіру.
Еңбек: Аула сыпырушының еңбегін бақылау, көмек беру.
Балалармен жеке жұмыс: Жұмбақ жасыру
Мақсаты:Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Қимылды ойындар: «Қарлығаш»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Бақылау 24: Жаңбырды бақылау.
Мақсаты: күз мезгілінде жаңбырдың көп жауатынын байқату.
Еңбек: Аула сыпырушы
Балалармен жеке жұмыс: Роза пен Айнагүлге күз туралы тақпақ жаттату
Қимылды ойындар: «Күн мен жаңбыр»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Бақылау 25: Жаңбырды бақылау.
Мақсаты: Сіркіреп жауып тұрған жаңбыр туралы түсінік беру
Еңбек: Аула сыпырушыға көмектесу
Балалармен жеке жұмыс: Өлең жаттау
Жаңбыр жаумай тоқтай тұр
Дабылыңды соқпай тұр
Үйге жетіп алайын
Тереземнен қарайын
Моншағымды бір-бірлеп
Үйде отырып санайын
Қимылды ойындар: «Мысық пен тышқан»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Бақылау 26: Кіші топ балаларының іс-әрекетін бақылау.
Мақсаты: Кішіге қамқор болуға, тату ойнауға үйрету.
Еңбек: Кіші топ балаларына өз учаскесіндегі жапырақтарды жинауға көмектесу
Балалармен жеке жұмыс: Жұмбақ жасыру
Қимылды ойындар: «Кім жылдам»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Бақылау 27: Ауа-райын бақылау.
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Сөздік корларын дамыту.
Еңбек: Өз учаскемізді тазалау
Балалармен жеке жұмыс: Сұрақ- жауап алмасу. Неше ай бар?
Қимылды ойындар: «Мысық пен тышқан»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Бақылау 28: Ауа-райы
Мақсаты: Қараша айындағы өзгерістерін өткен аймен салыстырып, ауа райын түсіндіру.
Еңбек: Учаскедегі қоқысты тазалау
Балалармен жеке жұмыс: Күз туралы тақпақ жаттау
Қимылды ойындар: «Торғайлар мен автомобильдер»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Бақылау 29: Ауа-райын бақылау.
Мақсаты: Балаларға ауа – райының өзгергенің, күн суытып, жиі жел соғып, жиі жаңбыр жауатының түсіндіру.
Еңбек: Өз учаскеміздегі қажетсіз заттарды жинауға көмектесу
Балалармен жеке жұмыс: Жұмбақ жасыру
Қимылды ойындар: «Аққу — қаздар»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Бақылау 30: Ауа – райын бақылау.
Мақсаты: Өзгерістерді ұғындыру, күннің салқындығын, жапырақтардың түсі туралы түсінік қалыптастыру
Еңбек: Жапырақтарды жинату
Балалармен жеке жұмыс: Балаларға жапырақ туралы тақпақ жаттату
Күн шуаққа маужырап
Жатыр еді адырап
Ағштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ
Қимылды ойындар: «Күзгі жапырақтармен ойнау»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Бақылау 31: Ауа-райына шолу жасау
Мақсаты: Өзгерістерді ұғындыру, кұннің салқындығын, жапырақтардың қурап түсуін бақылау
Еңбек: Аула сыпырушы ағайға жапырақтарды жинауға көмектесу
Балалармен жеке жұмыс: Бекнұрға күз туралы тақпақтарын қайталату.
Қимылды ойындар: «Тым тырақай»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Бақылау 32: Күзгі ауа-райын бақылау.
Мақсаты: Күз бұлтты, жер салқын. Ағаштардың жапырақтары түсіп жатырғанын түсіндіру.
Еңбек: «Күзгі жапырақтар»
Балалармен жеке жұмыс: Роза мен Мансурға жыл мезгілдерін әңгімелеу
Қимылды ойындар: «Ақ қоян»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.
Бақылау 33: Ауа – райын бақылау. ( күн салқын, ызғарлы жел, т.б)
Мақсаты: Ауа – райының өзгешелігін сезіну, табиғат құбылысын меңгерту
Еңбек: Ағаштың бұтақтары
Балалармен жеке жұмыс:
Жұмбақ
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады
(жапырақ)
Қимылды ойындар: «Өз жұбынды тап»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Бақылау 34: Ауа – райын бақылау.
Мақсаты: Күз айларының басында ауа – райы өзгере бастайды
Еңбек: Құмды бақылау
Балалармен жеке жұмыс:Еркемайға «күз» туралы өлеңді жаттату
Қимылды ойындар: «Күн мен түн»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Бақылау 35: Түскен жапырақтарды бақылау.
Мақсаты: Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту
Еңбек: Аула сыпырушы ағайдың еңбегіне көмектесу,жапырақтарды жинау
Балалармен жеке жұмыс: Жұмбақ жасыру
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл
Түссе сары (Жапырақ)
Қимылды ойындар: «Орамал тастау»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Бақылау 36: Желді бақылау. Жел бар ма, әлде жоқпа?
Мақсаты: Балаларға жел туралы түсініктерін кеңейту
Еңбек: Учаскедегі қоқыстарды жинау
Балалармен жеке жұмыс: Көбелек туралы өлең айту
Ақпын, сарымын, көкпін,
Түрлі-түсті көкпін
Жүрем өзім жайнап
Арасында шөптің
Қимылды ойындар: «Ақ серек, көк серек»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Бақылау 37: Құстарды бақылау.
Мақсаты: Құстардың атын атау. Олардың немен қоректенетінін әңгімелеу және оларға қамқор болу
Еңбек: Бұтақтарды жинау
Балалармен жеке жұмыс: Айнараға мақал – мәтелдер жаттату.
Қимылды ойындар: «Ормандағы аю»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Бақылау 38: Балабақша ауласындағы құстарды бақылау.
Мақсаты: Аулада қандай құстар барын, олардың түр – түсін даусын білуге, оларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Еңбек: Құмның бетін жабу
Балалармен жеке жұмыс: Жаңылтпаш
Топ бала, топ бала
Ойнап жүр топтала
Зымрап допты ала
Қуады көп бала
Қимылды ойындар: «Мысық пен тышқан»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Бақылау 39: Желді бақылау.
Мақсаты: Желдің қай тұстан тұрғаның бақылау
Еңбек: Ауладағы керек емес заттарды тазалау
Балалармен жеке жұмыс: Жұмбақ жасыру
Ағаштарды шайқайды
Қөзге көрінбейді
Шарлағанда сай-сайды
Бір сәт ерінбейді (Жел)
Қимылды ойындар: «Күн мен жаңбыр»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Бақылау 40: Балабақша ауласындағы құстарды бақылау.
Мақсаты: Құстар туралы әңгімелесу, дауыстарын тыңдау.
Еңбек: Балабақша ауласындағы ілулі тұрған жем-салғышқа құстарға жем салу.
Балалармен жеке жұмыс: Тақпақ жаттау
Қимылды ойындар: «Қаздар, қаздар»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Бақылау 41: Көлік түрлерін бақылау.
Мақсаты: Көлік түрімен таныстыруды әрі қарай дамыту, адам тұрмысындағы көліктердің пайда болуы
Еңбек: Аула сыпырушыға көмектесу
Балалармен жеке жұмыс: Мақал – мәтелдер
Еріншек түске дейін ұйықтайды.
Қимылды ойындар: «Ұшты- ұшты»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Бақылау 42: Балабақша ауласындағы құстарды бақылау.
Мақсаты: Құстардың аттарын атау және қимыл-қозғалыстарын салып жүру
Еңбек:Балабақша ауласындағы ілулі тұрған жем-салғышқа құстарға жем салу.
Балалармен жеке жұмыс: «Бозторғай» тақпағын жаттау (Сейфуллин)
Қимылды ойындар: «Қаздар, қаздар»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Бақылау 43: «Өзге топ балаларының іс-әрекеті»
Мақсаты: Балалардың назарын өзге топ балаларының іс-әрекетіне аударып, өздерін қалай ұстайтындарын бақылау арқылы балаларды қырағылыққа, үлгі алуға баулу
Еңбек: Ауладағы ағаштардың сынығын, жапырақтарды жинау.
Балалармен жеке жұмыс: Жұмбақ жасыру
Есігі – біреу
Бөлмесі бесеу (қолғап)
Қимылды ойындар: «Жай жүгіріп өт»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Бақылау 44: Ауа-райын бақылау.
Мақсаты: Күннің жылы не салқын екенін айыра білуге үйрету.
Еңбек: Аула сыпырушы ағайдың еңбегін қарау
Балалармен жеке жұмыс:Аңсармен әңгімелесу: «Сен бүгін қалай киініп келдің?»
Қимылды ойындар: «Тауық пен жабайы мысық»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Бақылау 45: Жәндіктерді бақылау.
Мақсаты: Күзге және жәндіктердің, көбелектердің жерге терең кіріп ұйықтайтынын айтып, олардың қалай азықтарын таситындарын бақылату.
Еңбек: Бөлме гүлдерін суару.
Балалармен жеке жұмыс: «Көкөністер туралы ертегі»
Қимылды ойындар: «Көкөністер мен жемістерді жинау»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

smile

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Маған қатты ұнады,өте қарапайым және түсінікті!!! Very good!!!thanke you.

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!