Қуыршақты серуенге киіндірейік


«Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы
ІІ кіші топ тәрбиешісі Мажитова Інжу Марданқызы
Білім саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «»Қуыршақты серуенге киіндірейік
Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, миға шабуыл
Көрнекілігі: суреттер, қуыршақ, киімдер
Сөздік жұмыс: етік, тон, жейде
Билингвалды компонент: қуыршақ-кукла, киім-одежда
Мақсаты: Балаларға қысқы киімдер туралы жалпы түсінік беру. Былғары мен жүннің қасиеттері туралы білімдерін толықтыру. Жазғы киімдерді қысқы киімдерден ажырата білу.
Мотивациялық қозғаушылық:
Амандасу рәсімі. Шаттық шеңбері
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Сендер ше? Ендеше өз қуанышымызды жылы лебізімізбен білдірейік
-Деніміз сау болсын!
-Ата-анамыз аман болсын!
-Сені көргеніме қуаныштымын т.с.с
(Балалар кезекпен өз лебіздерін білдіреді)
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс
Тәрбиеші: Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
Балалар: Қар жауады, күн салқын болады, сулар қатып мұз болады, боран соғады т.с.с
Тәрбиеші: Далада жылы ма, әлде суық па?
Балалар: суық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық-ізденістік:
Осы кезде топқа қуыршақ Айгүл келеді. Балалар қуыршақ Айгүлмен амандасады.
Қуыршақ: Балалар сендердің маған көмектерің керек болып тұр. Мен далаға серуенге шығайын деп едім. Қандай киім кисем болады? Маған киім таңдауға көмектесесіңдер ме?
Балалар қуыршақ айгүлге көмектесуге ниет білдіреді.
Балалар олай болса мына киімдердің ішінен қысқы киімдерді таңдап алайық. Киімдер: тон, етік, жейде, шорты, қолғап, құлақшын, көйлек, т.с.с
Балалар қысқы киімдерді топтастырады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!Ал енді осы киімдерді сипаттайық.
Тон не үшін керек?
Балалар: Сыртқа шыққанда тоңбас үшін.
Қуыршақ: Қолғап ше?
Балалар: қолымыз тоңбас үшін.
Тәрбиеші: Етіктің қандай пайдасы бар?
Балалар: Етік кисек аяғымыз тоңбайды.
Тәрбиеші: Далаға шығарда бірінші не киеміз? Бірінші қолғап кисек, сосын қалған киімдерді кие алмаймыз ғо. Мысалы: түймемізді қадай алмаймыз, етігіміздің сырмасын сала алмаймыз.
Сөздік жұмыс: етік, тон, жейде
Билингвалды компонент: қуыршақ-кукла, киім-одежда
Балалар қысқы киімдер жүн мен былғарыдан жасалады. Олар өте жұмсақ әрі жылы болады. Одан жасалған киімдер жылы болғандықтан тоңдырмайды.
Бізбен бірге серуенге Олжас пен Аяжан барғысы келеді. Олардың үстінде көйлек пен жейде бар екен. Осы киімдермен серуенге шыға ала ма? Ендеше оларға киім таңдап берейік.
Балалар қысқы серуенге киіп шығуға болатын киімдердің аттарын атай отырып, оларды таңдап алады. Әр киімнің түр-түсін ажыратып айтып береді. Қай киім не үшін керек екенін айтады.
Балаларды топқа бөліп тапсырма беру.
І топ. Дидактикалық ойын: «Сыңарын тап»
Балалар берілген киімдердің сыңарын тез тауып орнына қояды. Киімдер: етік, қолғап, шұлық,
ІІ топ Берілген бөліктерден киімдер құрастыру. Шалбар, көйлек, жейде.

Рефлексифтік-жинақтаушы:
Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Қуыршақ Айгүл біздің топтың балаларына ризасың ба? Олардың саған көмегі тиді ме?
Қуыршақ Айгүл: Рахмет балалар! Сендердің арқаларыңда мен қысқы және жазғы киімдерді ажырата білемін. Сау болыңдар! Келесі кездескенше.
Балалар қуыршақ Айгүлмен қоштасады.
Тәрбиеші: Балалар бүгін не туралы білдік? Қысқы киімдер неден жасалады екен?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сендерге ұнады ма? Көңіл-күйлерің қандай? (смайликпен көрсету) Балаларды марапаттау.

Erketai / Янв.7.2017. / Пікір қалдыру
smile