Оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы

Қыркүйек  айының  — 1 аптасы

Білім беру саласы: «Денсаулық» , «Таным»

Оқу іс — әрекет түрі: Дене  шынықтыру, қоршаған  ортамен  таныстыру.

Тақырыбы: «Жүру  түрлері», «Айналадағы  табиғат»

Мақсаты: Жүру  әдістерін  үйрету,  дене  қимылын  дамыту, аяқ  бұлшық  еттеріне  жаттығу  жасау.  Жерде  өмір  сүреміз, суды  ішеміз, бізді  жасыл  желек  қоршайды, төбемізде  аспан, онда  күн  болатының  меңгерту.

Әділ – тәсіл: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, көрсету.

технологиялық картасы, оқу іс - әрекеттің технологиялық картасы ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

 

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы Балаларға  қораптағы  сылдырмақтарды  көрсетіп  таратып  беріп  жаттығуға  ұйымдастыру, бір – бірінің  соңынан  сылдырмақты  қолына  ұстап  жүру, баяу  жүгіру, шеңбер  болып  тұру. Жаттығуларды  тәрбиеші  көрсеткен  үлгі  бойынша  орындау.
Іздену — ұйымдастырушы Жан – жақты  дамыту  жаттығулар:I -Бастапқы  қалып: аяқты  бірге, қол  төменде.1 – қолды  жоғары  көтеру. 2 – оңға, 3 – солға  сылдырлату, 4 – бастапқы  қалып. 3-4 рет  қайталау.II – Бастапқы  қалып: аяқтың  арасы  ашық, қол  төменде.1-отыру, 2- сылдырмақты  тізеге  ұру, 3 – шыдырлату, 4- қалыпқа  оралу. 4 – 5 рет  қайталау.III – Бастапқы  қалып: аяқтың  арасы  ашық, қол  жанында  1 – 2 алға  қарай  сермеу, 3 – 4 артқа  қарай  сермеу. 4 – 5 рет  қайталау.IV — Бастапқы  қалып: аяқтың  арасы  ашық, қол  төменде.1- қолды  созу, 2- аяқты  ұшына  тигізу, 3- бастапқы  қалыпқа  оралу. 4 – 5 рет  қайталау.V — Бастапқы  қалып: аяқты  бірге  қойып.Қояндарша  қос  аяқтап  секіру.

Негізгі  қимылдар:

Тізбекпен, тізені  жоғары  көтеріп  қатармен  және  шеңбер  бойлап  сылдырмақты  сылдырлатып  жүру, арқан  байлап  жүру. Содан соң «Ғажап  тоғайға»  балаларды  ертіп  келу. (ауладағы  табиғатқа  серуен). Онда  балаларға  жасыл  ағаштарды  көрсету, жапырағын  ұстау, бұл  не  қандай?  Деген  сұрақтар  қойып  түсіндіру. Аспанға  қаратып  онда  не  көріп  тұрғанын  сұрау  немесе  айтып  көрсету. Гүл  теріп  құмыраға  жинатып  салғызу, өсіп  тұрған  гүлдерге  су  құйғызу.

Торғай, гүл, аспан  жер, су  деген  сөздерді  түсініп  сұрақтарға  жауап  береді. Гүлдерге  су  құйып, ұнаған  гүлді  жұлып  алып  құмыраға  суға  салып  қояды.
Рефлексивті коррекциялаушы Балалардан  не  ұнағанын  сұрау, қолында  не  бар  оны  құмыраға  не  үшін  салатынын  түсіндіру  мен  сұраққа  жауаптар  алу. Балалардың  қимыл  әрекетін  мақтау.

Күтілетін нәтижелер:

Жаңғыртуы: қимылдарды  қайталап  орындау, гүлді  тану.

Түсінуі:  жаттығуды  дұрыс  орындауды, гүлдерді  тамашалауды.

Қолданады: табиғатқа  өз  бетінше  бақылау  жасауы, сылдырмақпен  ойнауды.

Erketai / Апр.17.2014. / комментариев 28

  • наргиз

    білім-инемен құдық қазғандай

  • Айгүл

    Түсінбедім, бұл қандай технологиямен жазылған

  • Айгүл

    Денешынықтыру мен математика басқа пәндермен кіріктірілмейді

  • Алтынгуль

    маған технологиялық карта қажет

  • Гүлден

    маған технологиялық карта керек.

  • Бахтыгул

    Өте жақсы жазылған. Маған унады.

  • Aidana

    Magan tehnologialik karta ote jaksi uandi magan kerek edi!!!!

  • райбек

    кушти жазылган

  • айдана

    өте жаксы 3 аптансыныңкі болса жазып жибериниздерши

  • Гульжайна

    өте жақсы жазылған.бірақ маған ағылшын тілінен керек.болса жибересізба

  • Баян

    Сәлеметсіздер ме маған мектепалды даярлық тобының сабақ жоспарлары ба хабарласыңыздаршы бауырмал қазақ халқы өтінем

  • Алмат

    Мектепалды даярлық тобының сабақ жоспарын қайдан алсам болат?

  • Асемгуль

    керемет екен, маған ұнады.

  • жанат

    Құрастыру сабақ жоспары керек

  • Индира

    маған музыкадан технологиялық карта керек

  • Gulnur

    Magan unady, jaksy kurylgan

  • Жандос

    Өте жақсы

  • Асемгүл

    Өте жақсы

  • Айсауле

    қалай көшіруге болады

  • Шамшырак

    Толык ашылып жазылмаган

  • Бота

    ән сабағынан ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы керек. көмектесе аласыздар ма?

  • Ардақ

    Сәлеметсіздерме! Сіздерде мектепалды даярлық тобының циклограммасы бар ма?

  • http://erketai.kz Erketai

    Саламатсыз, бізде бар материалдың барлығы сайтта жарияланған.

  • http://my.mail.ru/mail/murka_gulim/ •°•AkGuLiM MyratbeK•°•

    саламатсыздарма кимде или саитта ағылшын тилинен балабақшаға арналған тех карталар барма

  • Айка

    Маған +4 +5 тің техкартасы керек!

  • Айнагүл

    маган жаратылстану тех картасы керек кимде бар жыбере салындарш жане музыка тех картасы
    рахмет!!!!

  • http://erketai.kz Erketai

    Кәдімгідей көшіріп алыңыз.

  • ЖУЛДЫЗАЙ

    Өте жаксы Қалай жуктесек болады?