«Қолғап» ертегісі (балабақшада)

Тақырыбы: «Қолғап» ертегісі.

Білімділігі: Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге,ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін,

еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылығы: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету.

Тәрбиелігі:  Әр кейіпкердің қимылын әуен арқылы жасай білуге тәрбиелеу.

«Қолғап» ертегісі. балабақшада

Ұйымдастыру кезеңі: Балалар біздің бүгінгі болатын оқу іс-әрекетімізге сендер қалай қатысатындарыңды, қандай болып өскендеріңді көруге қонаққа апайлар келіп отыр.

Балалар шеңбер құрады.

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді.

Қуанатын күн бүгін,

Сәлеметсіздер ме апайлар!

Тәрбиеші: Балалар бізге келіп отырған қонақ апайлар бізге қорап ала келіпті. Бұл қорап жәй қорап емес-сиқырлы қорап. Қараңдаршы қандай әдемі қорап. Қораптың ішінде не бар екен? Балалар сиқырлы қорап ашылмайды. Мүмкін ішінде ертегі

бар шығар. Ертегі жұмбақтарға тығылып қалыпты. Қане, енді жұмбақтарды шешіп көрейік. Егер жұмбақтардың шешулерін

дұрыс тапсақ ертегі бізге келеді.

ЖҰМБАҚТАР:

  1. Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. /Аю/

  1. Қалқиған ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. /Қоян/

  1. Өзі бір қу,

Жүрген жері  шу./Түлкі/

  1. Күші десең, күші бар,

Тісі десең, тісі бар. /Қасқыр/

  1. Таңдайлары тақылдап,

Шулайтын кім шалшықта

Erketai / Окт.22.2013

комментариев 20 Пікір қосу

  • ертегі жақсы екен

  • ну ну

  • маған өте ұнады

  • Ертегі өте тартымды тамаша екен. Ертегінің авторы кім?

  • Мақаланы сайтқа жібергенде авторы атын жазбаған.

  • мына мақаланы қалай басып алсам болады?

  • жақсы құралған

  • керемет

  • Бұл «Қолғап»ертегісін Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласындағы №1 «Арай» балабақшасы, «Аққу» тобының тәрбиеленушілері аудандық семинарда көрсеткен. Топ тәрбиешісі Станбекова Майра Шақарбайқызы

  • Тағы осындай «Дәрумендер денсаулық кепілі» деген ашық оқу іс-әрекетін де жібергенбіз.

  • Сәлеметсіңдер ме! қолғап үйді балалар қалай жасайды соны түсіндіріңдерші.

  • Маған ертегі ұнады

  • Маған ертегі өте ұнады

  • ҰІӘ өте жоғары деңгейде өткен шығар

  • Ертегі өте жақсы құрылған. Мен де балабақшада балалармен осы ертегіні өткізгім келеді. Қалай көшіріп алуға болады? Рахмет!!!

  • Сайтқа тіркеліп, тіркелгендегі мәлметтерді жазып сайтқа кіріңіз сол кезде қалаған мәлметтерді көшіре аласыз.

  • ертегіні қалай копировать етуге болады?

  • Ертегі өте жақсы құрылған

  • Ертегіні қалай көшіруге болады?

  • Сайтқа тіркелу арқылы.

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!