Қызыл телпекті қыздың саяхаты


Erketai / Янв.21.2016. / Пікірлер жоқ

Ертегі қашанда қызық, әрі баланы өзіне баурап алатын болуы керек. Менің бүгінгі ұсынып отырған ертегім әйгілі «Қызыл телпекті қыз» ертегісінің өзгертіліген нұсқасы. Балабақашамызда осы ертегі желісімен қуыршақ театрын сахналадаық. Сол ертегімді ұсынсам деп едім.

қызыл телпек


Ерте-ерте ертеде, бір әдемі үйде қызыл телпеті қыз өмір сүріпті. Таң атып жан-жануарлар, бүкіл табиғат ұйқыдан оянған кезде қыздың анасы бәліш пісіруге кіріседі. Дәмді бәліштері дайын болған соң қызын оятады.

 

-Қызым тұрағой мен бәліш пісіріп қойдым, бәлішімді әжеңе апарып береғойшы.

 

-Жарайды анашым.

 

-Қызым орман ішімен жүрме, бөтендермен сөйлеспе жолда абай бол.

Қыз бәлішті алып жолға шығады. Жолда келе жатып қасқырды кездестіреді.

 

-сен ікмсің?

 

-Мен Қызыл телпекті қызбын?

 

-Қайда барасың?

 

-Әжемнің үйіне анам пісірген бәліштерді апара жатырмын.

 

-Ой жарайсың, сен қандай ақылды қызсың, мен саған жол көрсетейін. Сен орман ішімен бар орман ішімен барсаң өте тез жетесің?

Қасқыр қызыл телпекті қызды алдап, адастырып жібереді.Ал өзі қысқа жолмен әжейдің үйіне жетіп алада.Әженің үйіне келіп есікті қағады.

 

— Бұл кім?

Қасқыр дауысын өзгертіп

 

-Мен немереңіз Қызыл телпекпін әже.

 

-Жарығым ау кіреғой есік ашық.

Қасқыр үйге кріп, әжейдің қасына келеді.

 

-Әй сен менің немереме ұқсамайсынғой. Тұмсығыңмен құлағың ұзын, тістерің өткір, тырнақтарың өскен, үсті-басың кір-қожалақ. Құйрығыңда барма, өкздерің неткен үлкен. Сен кімсің, менің немерем мұндай емес.

 

-Ха-ха-ха мен қасқырмын. Сенің немереңді жолда адастырып, өзім сені жеуге келдім.

Әжей саспай, ойланып бір қулық табады.

 

-Қасқыржан сен мені жемес бұрын қолыңды жудыңба? Әй жумағансың-ау қолың кір ғой. Негізі қасқыржан тамақтанудан бұрын қолды жуу керек.

-Сен дұрыс айтасың, мен тез қолымды жуып келейін, ал сен орныңнан қозғалмай отыр.

 

-Жарайды қасқыр барағой мен ешқайда да кетпеймін.

Қасқыр өзенге қолын жууға кетеді. Ал жолда дасқан қызыл телпек, орман ішімен келе жатып, аюға кезігеді.

 

-Сен кімсің, орманда қайдан жүрсің?

 

-Мен Қызыл телпекті қызбын аюжан, сен неткен мамықсың, неткен әдемісің, өзің өте мейірімді аю екенсіңғой.

 

— Мейірімді дейді, мені ешкім орманда бұлай тамаған еді, бәрі қорбаңдаған, маймақ, қорқынышты деуші еді. Сен мені мейірімді дедің. Сен қандай ақылды қызсың. маған ұнап қалдың, сенің тағы қандай өнерің бар?

-Мен саған ән айтып берейін.

 

Орманға мен келдім,
Аюжанды көрдім.
Өзі сондай көркем, мейірімді жан екен,
Мен оғана ән айтып бердім.
Аю көмектесші. Маған жол көрсетші.
Мен адасып қалдым,
Жолдыда білмеймін,әжемнің үйі қайда?
Қасқыр мені алдап кетті,
Адастырды, шатастырды.
Аю көмектесші, маған жол көрсетші
Мен енді қалай жетемін?
(Әні А. Қалаубаеваның ертегілер әнімен айтылған)
Әнін айтып Қызыл телпекті қыз жылап жібереді.Оған қосылып аюда жылайжды.
-Қызым мен саған әрине жол көрсетейін, және мына балды әжеңе ала бар
-Рахмет саған аюжан сау бол!
Қызыл телпек аюмен қоштасып жолын жалғасытырады. Шаршап-шалдығып, бір үйшікке кездеседі. Үйге кіріп тынықпақшы болғанда, мыстан кемпір келіп қалады.

 

— Сен кімсің? Менің үйміе қалай кірдің?

 

-Мен Қызыл телпекті қызбын әже

 

-Әже дейді, Мені орманда бәрі мыстан, жалмауыз деп атаушы еді, сен әже дедіңғой неткен мейірімді қызсың? Сенің тағы қандай өнерің бар?

 

— Әжей мен билей аламын
Қызыл телпекті қыз секіріп билей жөнеледі, өзімен бірге мыстанды да билетеді.
Қызым сен өте жақсы қыз екенсің орманда қайдан жүрсың?

 

-Мен адасып қалдым, қасқыр мені алдап кеттті.

 

-Қап бәлем қасқыр қолыма түссе сазайын тарттырармын. Отыр сыпырғыма мен сені әжеңнің үйіне жеткізіп салайын.

Мыстан қызды сыпырғысан отырғызып, әжесінің үйіне алап келеді.

 

-Рахмет әжетай әжемнің үйі осы. жүр үйге кірейік бізбен бірге шай іш.

 

-Жоқ қызым рахмет менің орманда шаруаларым бар.Саубол!
мыстан орманға қайтып кетеді. Қызыл телпекті қыз әжесінің үйіне кіре бергенде қасқыр келпі қалады.

 

-мен қолымды жуып келдім енді сені жесем болама?

 

-ЖОҚ әжемді жемеші қасқыр.

 

-неге менің қарным ашып тұр, сеніде жеймін, әжеңді де деймін. Менің қарным қатты ашып тұр,

 

-Қасқыр сен бізді жеме қарашы менде анам пісірген бәліштер бар. Өте дәмді.

 

-Бәліш қане мен тәттіні сүйіп жеймінғой. МММММ өте дәмді екен қарным тойды. Қызыл телпек сен өте мейірімді батыр қыз екенсің. Мен сеніде әжеңді де жемеймін. Мен енді ешкімге зиян келтірмеймін. Рахмет қарнымды тойғызғаныңа.
Қасқыр бәлішті жеп мейірімімді болады.Көдіңдерме балалар мейірімділік, жақсы сөз қашанда жақсылыққа жетелейді. Қызыл телпек үлкен аюдыда, мыстан кемпірді де жылы-жұмсақ сөзбен мейірімді етті. Әжесін мен өзін қасқырдан аман алып қалды. Сендерде мейірімді, ақылды болыңдар.

Авторы: Елемесова Перизат Гайратовна

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!