Қазақтың монологы

Иә ,Мен бүгінде елімнің «Тәуелсіздігін», елін ойлап елдікке ерен еңбекпен қол жеткізген «Елбасы күнін», айта берсем азат елімнің азат таңында өзімізге тиесілі мерекелерімнің барлығын тойлап жатқан қазақпын!…Осы күнге жету үшін не өтпеді басымнан,не өшпеді жылдарда қалған жадымнан…

Көкбөріден жаралып,Жер Анадан нәр алып таза тұнық қаным пайда болды. Хандық құрып «жақсылармен» бауыр боп,»жамандарды» аластаттым. «Шоқан» боп тудым жұлдыздай, »Абай»боп тудым дана болып, надандарға қапа болып, «Ыбырай»боп қараңғыға сәуле шаштым,білім кілтімен есік аштым. «Алаш»болдым арыстандай ақырып,жолбарыстай жақсы істерді жапырып. Сол жылдары ауыр болды,Ресейдің қабағын торыдым,бұйрықтары құлағыма «жауыр» болды. Қастықты да көрдім, аштықты да көрдім. ІІ Дүние жүзілік  соғыста құладым , жыладым, қайрат жинап қайта тұрдым,рух шақырып «жеңіске» бетті бұрдым да «Рақымжан» боп  Рейхстагқа ту тіктім.

Тәуелсіздік туралы, Тәуелсіздік туралы шығармаӘрине, «қазақ» деген қаным, жаным, тілім, дінім, тірлігім, елім, жерім,  ұрпағым болғасын Ресейден 1986жылы «Қайрат пенен Ләззат» боп барша жастарды жинап желтоқсан ызғарында арнамды бөліп алдым.

Шүкір, Тәңір қолдап Тәуелсіз таңымды атырып, күрсінбей күнімді батырып келемін.

Қанша ауыр болса да бәрі есімде, ұмытуға хақым жоқ. Дегенмен, «уақыт емші» дегені рас екен даналарымның, жүректі сыздатқан жараларымды жазып, жарқын болашаққа үлкен үміт сыйлады. Себебі, еңселі елімнің  бағына бұйырған Елбасым бар, дұшпанымнан досым көп.

Тәуба, Егеменмін, еркінмін, болашаққа шексіз жол салдым, бекіндім.

Мен – Тәуелсіз елімнің тарихымын, естелігімін, аузымда «біссімілләсі» бар қазыналы қариясымын, арманы айға ұшқан жас өренімін, жаңа туылған қазақтың қаны таза жұрнағымын, мәңгі жасайтын Ұрпағымын!

«Қазақ»деген қаны таза жұрнағым!

Айтам саған ағымнан қуанып шын,

Нар қазақпын жасырмайтын қуанышын.

Тарих саған жүгін артты,себебі,

Тәуелсіз таңнан жаралған ұланысың.

Өз ғасырың өзіңнің иініңде,

Өзгелерден өзгеше күйің мүлде.

Іздегенің білім,ғылым,өнер болса,

Тәңірден «сана бер»деп сыйын күнде.

Бұл жастарда асыл арман таусылған ба?!

Орындалмай қалса да жасыған ба?!

Еңбек ет те, терің төк ер еліңе

Өмір сүрсін мәңгілік жасыл маңда!

Мен сені құттықтаймын азат өрен,

Мендегі «ғасыр рухты»саған берем.

Үкідейін «жеңіл»болса ақ үмітім

Соншалықты мағынасы маған терең.

Осы күні өз-өзімді баса алмадым,

Жо…жоқ өксік емес қақалғаным.

Кешегінің күңіренген қабағы жоқ,

Бұл менің қуаныштан жас алғаным.

Құтты болсын ертеңім, келешегім.

Болашақтың саған көп берешегі.

«Мәңгілік Ел»деп сенім артып өзіңе

«Нұрлы жолда»Елбасының көп есебі.

Дархан елді «жасыл» етіп құрмағым,

Сен үшін бауырым,туыс,ұрпағым!

Шексіз бол,тамырды тереңге жай,

«Қазақ» деген қаны таза жұрнағым!

Түркістан қаласы, Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының мұғалімі  Бимурзаева Асель Маханбетқызы 

Пікірлер7
  1. Алмашка

    Монолог өте күшті екен рахмет мен 1күн ішінде жаттап алдым мына монологты

  2. Нұралы Сымбат

    Тәуелсіздік туралы монолог бар ма?

  3. Жанайкерім

    Монолог күшті бірақ өте өтке көп мен 1күнде жаттап үлгермеймін

  4. Бахтыгуль

    Монолог керемет жазылған. Рақмет сізге.

  5. Мейрамгуль Абдикаримова

    Құрметті Асель Маханбетқызы, сіздің мақаланызды оқып қатты толқыдым, жастарымызға ұлтжандылық қасиетті дамыту үшін таптырмас дүние деп білемін. Ұстаздық еңбегіңіз жана берсін.

  6. Қорлан

    Салем!!! Асель Маханбетқызы, мақалаңыз қатты ұнады.Елінің ертеңін ойлайтын сіз сияқты азаматшаларымыз аман болсын! Шабытыңыз шарықтай берсін! Рахмет!

  7. Базаргул Еркинкызы

    Салем..Салем…Сиздин бул макаланыз маган унады…мен еки баланын анасымын…ушиншисин кутип журмин…бала тарбиеси жумыстан да манызды деп ойлап, уйде бала тарбиесимен отырмын…сол ушин мен осындай рухани ари патриоттык макалаларды кобирек окуга тырысамын жане кейбир такпактарды улдарыма жаттаткызамын…ер бала елине жакын, бойында рухани патриоттык куш болуы керек деп есептеймин…сиз сиякты сауатты кыздарымыз салауатты урпак тарбиелейди…рахмет сизге…

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ