Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру


Erketai / Дек.20.2015. / Пікірлер жоқ

Даярлық сынып мұғалімі Аймаганбетова Индира Амангелдиевна
Мектепалды даярлық сыныбы.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнінен «2,3,4,5 сандарының құрамы» тақырыбында ашық сабағы.

 

Сабақтың мақсаты:
Білімділік.Оқушыларға 2,3,4,5 сандарының құрамын түсіндіре отырып, алған білімдерін тиянақтау,бекіту. Өткен сабақты толықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тура және кері санау дағдыларын, есептеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жылдамдықта, тапқырлыққа, достыққа, өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру,Топтастыру,сұрақ-жауап,ойын.
Сабақтың құрал-жабдықтары: Сандар қатары, санау материалдары, ойынға қатысты суреттер,интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс:Сауат ашу,Қоршаған орта,Сурет,Музыка,Тіл дамыту.
математика

САБАҚТЫҢ ЖҮРУ БАРЫСЫ
І.Ұйымдастыру бөлімі
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Амандасып құрметпен,
Бас иеміз біз,
-Балалар, қалдерің қалай?
-Былай ,былай (іс -қимыл)
-Балалар суда қалай жүземіз?
-Былай,былай (іс-қимыл)
-Ата-әжелеріңді қалай жақсы көресіздер?
-Былай,былай (іс-қимыл)
-Қалай ұйықтаймыз?
-Былай,былай (іс-қимыл)
-Қалай әдепті бала боламыз?
-Былай (іс-қимыл)karapaim-matematika1

3.Жұмбақ шешу
(Тақтадағы плакатқа қарап оқушылар жұмбақты шешеді.)
Бір-бірімен жарысқан,
2-аю,1-арыстан
2-қоян,1-түлкі,
Нешеу болды кім білді? (6)

ІІІ.Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Беске-бесті қосқанда,
Болып шықты он саусақ

№3 Оқулықтағы суретке назар аударалық. Не көріп тұрмыз?
-Қане бірге айтайық. Ендеше, екі қорапқа бөліп орналастырайық
(Тақтада плакатпен жұмыс)

№4 Жапсыру
Оқушылар тиісті фигураны тауып жапсырып шығады.
-Қане, балалар қандай фигуралар көріп тұрмыз?
-Қалай орындадық?

IV. Қорытынды
«Кім шапшаң?» ойыны
(Оқушыларға CD-R дискідегі тапсырмаларды орындату)

V.Мадақтау
Оқушыларды сабаққа қатысымына сай мадақтап, бағалау.
(Оқушыларға кун,бұлт жетондарын тарату)

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!