Өскемен қаласы туралы сабақ «Қалам менің»

Балалардың шығармашылық қабілеттерін, өз ойларын жеткізу алу қабілеттерін дамыту.
Өскемен қаласының көшелеріне өздерінің жаңа атауларын ойлау.
Неліктен көшелер Потанин, Абай, Әуезов, Серікбаев аталғанын түсіндіру.
Сөйлемді аяқтау:
«Ең әдемі көше – бұл…»

«Құбылмалы қала»
Егер Өскемен қаласында Ертіс және Үлбі өзеңдері болмаса не болар еді? (дүкендер, балабақшалар, мектептер, мұғалімдер, құрылысшылар,….)т.б.
Келешектің қаласы қандай қала?
Ересек адамдар жоқ қала қалай аталады?
Сен қалада қандай ескерткіш тұрғызғың келетіні туралы ойлану және әңгімелеп беру.
10-20 жылдан соң Өскемен қандай болады?

қала туралы сабақ жоспары«Солай болады»
Типтік белгілері жоқ анықтамада қала туралы әңгімелеп үйрету.
Тәрбиеші сөзтіркесін айтады, балалар оның мағынасын ашады. Мысалы:
Суық-Өскемен (қысқы бейне), гүлденген Өскемен (көктем кезі), қөңілді Өскемен (мереке кездері), түрлі-түсті Өскемен (күз айларында).
«Кім ең көп сөз жинайды?»
Сөзді тез қабылдап, оған қатысты сөздер табу. Тәрбиеші зат есімдерді айтады, балалар мағынасы жағынан сәйкес сын есімді айтады.
Мысалы:
Өскемен (сүйікті, әдемі, жасыл, жазық).
Бұқтырма су қоймасы (үлкен, терең, суық, кең).
«Металлург» паркі (жасыл, тартымды, кең).
Ертіс өзені (терең, кең, тез, ағынды).

«Өскеменнің зиялылары»
Құралдар: қаланың бейнесі бар қиылған қағаздар, фишкалар. Тәрбиеші балаларды екі командаға бөледі. Фотосурет немесе құттықтау парағы бойынша –Ескерткішті таныдыңдар ма (мекеме), сол туралы айтып беріңдер. Тапсырманы орындаған команда фишка алады. Ойынның соңында қорытынды болады.

«Айырмашылығын тап»
Қазіргі және ескі Өскеменнің айырмашылықтарын әңгімелеуге үйрету. Туған өлкенің қазіргі және өткеніне деген қызығушылық тудыру.
Құралдар: ескі және жаңа қаланың бейнелері бар суреттер.
Тәрбиеші қаланың бұрынғы және қазіргі тұрғындарын салыстыруды ұсынады.
Қалай киінді, қалай және қай жерлерде жұмыс істеді, ескі көшелер мен жаңа көшелер қалай көрінеді?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Гулжанат

    Өскемен өте әдемі, таза қала

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ