«Жеті лақ» ертегісінің сценарийі

Автор: Баяғыда бір ешкінің жеті лағы болыпты.Ешкі көк майсада шөп жеп, мұп-мұздай су ішуге орманға кетеді екен.Ол кетісімен лақтары үйшік есігінің күршегін іліп алып, өздері ешқайда шықпайды екен.Ешкі өрістен келген соң, есікті қағып:

7lak

Лақтарым, шырақтарым!

Аша қойыңдар, аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Емешегім иіп тұр.

Аппақ сүтім тамшылап,

Тұяғыма тиіп тұр! –

Автор: деп өлеңдетеді екен.

Жеті лақ есік күршегін ашып енелерін кіргізеді.Ешкі лақтарын сүтке тойғызып, қайтадан орманға кетеді.Ал, лақтары есікті мықтап жауып алады.

Автор:Ешкі орманға кеткенін байқап қасқыр: О, мына орманда ешкі де тұрады екен ғой!Өзінің неше лағы бар, оңай олжаға тап болдым ғой.Қарным бір тоятын болды.(деп қарнын сипап қояды.)

Автор:Ешкінің өлеңін қасқыр тыңдап тұрады.Ешкі орманға кетісімен, қасқыр есікке келіп жұп-жуан даусымен.

Қасқыр: О, Лақтарым!Ой шырақтарым!

Аша қойыңдар,

Аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Тұяғым шылқыған су.

Автор: -дейді өлеңдетіп.

Лақтар:

-Естідік, естідік-біздің енеміздің даусы жіңішке, өлеңі де бұдан басқа. – дейді.

Автор:Қасқыр не істесін.Ұстаға барады да, көмейіне жіңішке тіл салып беруін сұрайды.Өлең айтқанда даусы жіңішке шықсын деп ұста көмейіне жіңішке тіл салып береді.

Қасқыр:

О, ұста менің көмейіме жіңішке тіл салып бер әйтпесе жеп қоямын.

Ұста:Қолымнан келмейді.

Қасқыр:Жеп қоямын, жіңішкертіп бер дейді.

Автор:Үйшіктің жанына келеді де, бұта арасына жасырынады.Өрістен ешкі келеді.Есікті қағып.

Лақтар: Бұл кім?

Ешкі:Лақтарым, шырақтарым!

Аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Емешегім иіп тұр.

Аппақ сүтім тамшылап,

Тұяғыма тиіп тұр!-

Автор:дейді әндетіп

Лақтар:Есік ашып, енесін кіргізеді.Бәрі қасқырдың қалай келгенін, өздерін жемек болғанын анасына айтып береді.

Ешкі кетерінде:

-Егер біреу келіп, мен айтатын өлеңді түгел айтпаса және даусы жуан болса есікті ашпаңдар,-деп қатты тапсырады.

Автор:Ешкі кетісімен қасқыр есікке келеді.Содан жіп-жіңішке даусымен.

Қасқыр:

Лақтарым, шырақтарым!

Аша қойыңдар, аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Емешегім иіп тұр.

Аппақ сүтім тамшылап,

Тұяғыма тиіп тұр! –деп әндетеді.

Лақтар анасы екен деп есікті ашады.

Қасқыр:О, шырақтарым менен қорықпандар.Мені сендерге енелерің жіберді, аналарың орманда күтіп отыр,-дейді.Лақтар қасқырдың соңынан еріп жүре береді.

Автор:Ешкі өрістен келеді, өлеңін қанша рет қайталайды.Үн жоқ.Қараса есік ашық, үйге кісе, бір лақ қалмаған.Пештің ішін қараса, жалғыз лағы қалыпты.Лақтарынан айрылған ешкі есігінің алдына отырып жылай береді.

Лақ:Апа, сіз жоқта, қасқыр сіздің даусыңызды салып, сіздің өлеңіңізді айтты.Біз есік аштық.Қасқыр бізді алдап бауырларымды орианға алып кетті.

Автор:Ешкі орманда аңшыны көріп жылап көмек сұрайды.

Ешкі:Аңшы, маған көмек беріңіз!Қасқыр менің лақтарымды алдап, орманға алып кетіпті.

Аңшы:О, жүр мен оның сазайын тартқызайын. Ешкі аңшыны ертіп қасқырдың ұясына келеді.

Қасқыр:Ой, мынау аңшы ғой, қолындағы мылтығы ма?Қой атып тастамай тұрғанда қашайын.

Лақтар:О, анамыз келді, апа кешіріңіз енді есікті ешкімге ашпаймыз,-деп жылайды.

Автор: Ешкі лақтарымен табысып, орманда бақытты өмір сүреді.

Пікірлер18
  1. Эльвира

    Сюжетті рөльдік ойын арқылы баланың сөздік қоры мен ұйымдастырушылық қабілеті артатыны белгілі.Ал ертегіні сахналаған кезде баланың бойында сол кейіпкерге енетіндей қасиет болады.қай жас ерекшелігі болсада ертегіні сомдап,оны сахналау өте керемет жоғврғв деңгей.Сол орайда мына сценарий жақсы қүұрылған материал.Дайын дүние аласыз,балаға үйретесіз болды.Рахмет көп көп

  2. Орынгүл

    Осы жоспарды пайдалана отырып, ҰОҚ өткіздім. Рахмет сіздерге!

  3. Арай

    Ертегіні қызықты етіп суреттермен қосымша материалдар қосып жасаған екенсіз.Ұнады қызықты.

  4. Ырысжан

    Жеті лақ ертегісін кішкентай кезімнен оқып,көріп өстім.Өте кнремет әлі есімде.Балаларға да оқуға жеңіл.

  5. Асел

    Суреттері анық,балалардың көз мөлшеріне сай ұйымдастырылған

  6. Мулдир

    Осы ертегини бала кезмнен билемин али де кызык

  7. Таңнұры

    Неге енесі?

    1. Гульвира

      Енді солай шығар

  8. Зайра

    Рахмет, ұнады маған.

  9. дана

    көп-көп рахмет

  10. дана

    өте керемет ертегі

  11. дана

    керемет ертегі

  12. Айнур

    осы сайттан өзіңе ұнаған материалды жүктеп алу үшін қайта қайта жазыла бергені қиындық келтіреді екен. ал қалғанының барлығы жақсы.

  13. Айнур

    тамаша

  14. Диас

    Жеті лақ ертегісі маған ұнады әсіресе суреті

  15. гаухар

    ұнадыыыыыыы керемет

  16. Арайлым Акатаева

    Балаларға арналған ертегілеріңіз өте жақсы екен!маған ұнады…

  17. тимур

    ұнады

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ