Жазда (сабақ)

Сабақтың тақырыбы:Жазда.

Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі:Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіре отырып,

жыл мезгілдері ,жаз туралы түсініктерін тереңдету.Тәрбиелілігі:Табиғатты қорғауға,сүюге тәрбиелеу.

 

Дамытушылығы:Дұрыс байланыстыра сөйлеп, өз ойын жеткізе  білуге баулу.

Жаз туралы, сабақ, жыл мезгілдері , Табиғат туралыПән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.

Әдісі:сұрақ-жауап, сөздік.

Түрі:аралас

Көрнекілігі:Жыл мезгілдерінің суреттері, жұмбақ.

                                   

                                           Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

«Сақина салу»ойыны арқылы сабаққа қызығушылықтарын ояту.

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

1. «Ең шебер ісімер»мәтінінің мазмұнын айту.

2.Өз қолдарынан шыққан бұйымдарын к өрсетіп,әңгімелеу.

3.Еліміздегі атақты шеберлердің бұйымдарынан көрме ұйымдастыру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Кіріспе әңгіме. а)Сурет бойынша әңгіме.

-Суретте жылдың қай мезгіл ібейнеленген?

-Жаз мезгіліне жататын айларды ата.Жазғы ойындар туралы не білесіңдер?

ә )Метаграмма.

Жасыл желек алабым,

Жыл маусымы боламын.

Бірінші әріп ауысса,

Айдынға ұшып қонамын.                         (Жаз-Қаз)

2.Оқулықпен жұмыс.Өлеңді оқу.

— Мұғалімнің мәнерлеп жатқа оқуы.

— Оқушылардың іштей оқуы.

— Шумақтап екі жолдан оқуы.

Сергіту сәті

3.Өлеңді  талдау.

-Өлең неге «Жаз»деп аталды?

-Жаз мезгілі несімен ерекше?

-Өлеңде балалардың қандай әрекеті суреттелген?

-Жаз айында   ойналатын ойындарды   ата.

-«Аптап»  сөзін тағы қандай сөздермен алмастыруға болады?

IV.Сабақты бекіту.

1)Жаз, жауын, жеміс-жидектер туралы жұмбақтар шешкізу.

2)Оқушыларды үш топқа бөліп шығармашылық тапсырмалар беру.

1-топ: «Жарқын жаз»тақырбына сурет сал.

2-топ: «Жарқын жаз»тақырбына шағын әңгіме жаз.

3-топқа жұмбақтарды құрастыру немесе өлең шығаруды ұсынуға болады.

V. Үйге тапсырма.

Өлеңді мәнерлеп жатқа оқу.

VI. Бағалау.

Пікірлер1
  1. Зилкенова Жанара

    өте тамаша

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ