Г г дыбысы мен әрпі.

Тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері

Мақсаты:

Білімділік: Г дыбысы мен әрпін таныстыру; г әрпі бар сөздерді дұрыс оқыту; сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету.

Дамытушылық: Балалардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін, жұмбақ шешу, тіл ұстарту жаттығуы арқылы тіл байлықтарын дамыту.

Тәрбиелік:
Әсемдікке, сыпайылыққа, ұқыптылыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: гүл –цветок, білім шыңы – вершина знании, шалғы – коса, шеге – гвоздь, ғаламтор – интернет, хат – письмо, смс – сообщение

Көрнекілігі: Кеспе әріптер, үлестірмелі суреттер, қима қағаздар, ребустар, текшелер, ермексаз, санау таяқшалары, интерактивті  тақта, планшет, флешка, релаксация әуені, көк және қызыл түсті қарындаштар, смайликтер

Әдісі: сөздік, көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

g-dibisi-men-aripi 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

«Шаттық шеңбері»

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

—         Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?(Қазір жылдың мезгілі – көктем»

—         Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?(қар ериді, жылғалардан су

ағады, бүршік атады, құстар жылы жақтан келе бастайды, күн жылына бастайды)

—         Көктем айларын атаңдар(наурыз, сәуір, мамыр)

—         Қазір қай ай?(сәуір айы)

—         Бүгін аптаның нешінші күні?

—         Балалар, бүгін бізде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті – сауат ашу және жазу

негіздері.

Өткенді қайталау.

а) Сұрақ-жауап:

— Дыбыс деген не?

— Дыбыстар нешеге бөлінеді?

— Әріп деп нені айтамыз?

— Әріптерді не істейміз?

ә) Ойын «Қай дыбыстан басталады?»

Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке сызық арқылы қос.

ІІ. Жаңа сабақ

Күтпеген сәт:

—         Балалар, бүгін бізге ғаламтор арқылы Тапқышбектен хат келді(смс

дауысы). Ол бізден көмек сұрап отыр, өзінің бірнеше тапсырмасын орындай алмай отыр. Егер ол тапсырмалардың бәрін дұрыс орындаса, білім шыңына шығады.

—         Ал, ендеше, Тапқышбекке білім шыңына шығуға көмектесеміз бе?

—         Тапсырмаларды орындауға дайынбыз ба?

—         Ал, ендеше ол тапсырмаларын флешкаға лақтырыпты, мен сол флешканы

компьютерге қосайын.

1 – тапсырма. Жұмбақ жасыру

Аналарға сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын.

Үзуге адам қимайтын,

Бұл не?(гүл)

—         Қане, балалар, «гүл» деп айтайықшы!

—         Ендеше, біз бүгін «Г» әрпі және дыбысымен танысамыз.

—         Қане, бәріміз дыбыстайықшы: «Г»

—         Балалар, қалай ойлайсыңдар «Г» дыбысы айтылуына қарай қандай

дыбыс?(дауыссыз дыбыс)

—         Неліктен дауыссыз дыбыс?(өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырайды, әндетіп

айта алмаймыз, созылмайды)

—         Ендеше қандай текшемен белгілейміз?(көк текше)

Әріп таңбасымен (жазба, баспа түрі)таныстыру.  Неге ұқсайды?(кран, шалғы, «Ғ» дыбысы)

2 — тапсырма: «Орнын тап» ойыны.

Г дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында кездеседі. Сөздерді буынға бөлу.

Гүл, глобус, гүлзар, газет – сөз басында;

Шеге, кереге, дәрігер– сөз ортасында;

3 – тапсырма: «Тіл ұстарту жаттығуы»

гү-гү-гү – қызыл гүл

ге-ге-ге – қисық шеге

гі-гі-гі – жинаймыз егін.

4 — тапсырма: Сергіту сәті: (релаксация «Гүлдер әлеміне саяхат»)

—         «Гүл» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

—         Г – дауыссыз, ү – дауысты, л – дауыссыз дыбыс.

5 – тапсырма:«Оқимыз, ойлаймыз!»

Гауһар жеңін түріңді,

Газға балық қуырды.

Гүлзарға су себелеп,

Газетке де үңілді.

6 — тапсырма:

Шығармашылық тапсырма: ермексаздан  «Г»  әрпінің жазба түрі; санау таяқшаларынан «Г» әрпінің баспа түрін жазу.

7 – тапсырма: Ребус

rebus

ІІІ. Қорытынды

—         Балалар, Тапқышбектен хат келді. Хатты оқиын.

—         Балалар, сендер Тапқышбетің барлық тапсырмаларын орындадыңдар.

Тапқышбекті білім шыңына жеткіздіңдер. Тапқышбек сендерге алғысын айтуда.

—         Балалар біз бүгін қай дыбыспен таныстық?

—         «Г» дыбысы қандай дыбыс?

—         Неліктен дауыссыз дыбыс?

—         Ендеше қандай текшемен белгілейміз?

—         «Г» дыбысы сөздің қайжерінде кездеседі?

Балаларды мадақтау.

Жақсы жауап берген балаға сары смайлик,орташа жауап берген балаға көк смайлик сыйлау.

Пікірлер6
  1. Гаухар

    Г г дыбысы мен әрпі. сабақ жоспарын оқыдым, керегін алам. Сауат ашу және жазу негіздері бойынша тағы осындай жұмыстар болса

  2. Гулназым

    Г дыбысы мен әрпін таныстыру; г әрпі сабағы толығымен қамтылған сабақ керемет

  3. Гульжазира

    ұйымдастырылған ашық оқу қызметін өткізерде осындай қосымша материалдар көп қажет, әлі де, көп материалдар болса

  4. Алия

    сабақтан алар нәрсе көп екен.

  5. тогжан

    сабағыңыз керемет

  6. ardok

    сабағыңыз маған өте ұнады рахмет!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ