Ертегілер еліне саяхат сабақ жоспары

Білім беру саласы: «Денсаулық, Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене тәрбиесі,Ән-саз
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мектепалды даярлық тобы
Сабақтың мақсаты: Балаларды дәлдікке, ептілікке баули отырып, физиологиялық дамуына қолайлы әсер ету. Жүгіру, секіру, жылжу сияқты негізгі қимылдарды жетілдіру. Ертегі желісі арқылы балаларды халқымыздың әдеп-ғұрып, салт-дәстүрінен мәліметттер бере отырып, ұлттық ойындардың ойнау жолдарын үйрету, епті, шымыр болып өсуге тәрбиелеу. Әуен арқылы жаттығу жасауға үйрету.
Құрал-жабдықтар: «Көкпар» ойынына қажетті құралдар, слайд, малта тастар, ұсақ гүлдер, гимнастикалық үстел. Жаттығулар мен ойындарға музыка.
Сабақтың барысы: Балалар көбелек қимылымен, әуенмен залға келіп кіреді.
Ұйымдастыру кезеңі: — Сәлеметсіздер ме, балалар! Көріп-тұрмын көңіл-күйлерің жақсы екен! Демек бәріміздің деніміз сау және сабаққа дайынбыз. Өйткені жақсы көңіл күй ауырмайтын және күш-жігері көп балаларда болады, онда сабағымызды бастаймыз.

 

Балалар бізге көптеген қонақтар келіпті, қонақтармен амандасайық.
Балалар:

Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз!
Туған елдің көгінде
Шамшырақ боп жанамыз!

 

Сәлеметсіздер ме апайлар!

Жаттықтырушы: Ертегілер еліне саяхатқа барғыларың келе ме?
Балалар жауабы.
Жаттықтырушы: Жарайсыңдар! Алдымен жұмбақ жасырайын, сол жұмбақтың жауабы біздің бүгінгі көлігіміз болады.
Сартылдайды табаны,
Көрдім жүйрік арбаны. Ол не?
(Поезд)

ertegiler-eli

Жаттықтырушы: Дұрыс, ендеше саяхатқа поезбен шығамыз. Осы кезде радиодан тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! №2 жүрдек поезд жүргелі тұр, поездға отырғызылу басталды! – деп хабарлайды. Балалар бірінің артынан бірі белдерінен ұстап тізбектеле тұрып, «паравоз» әнін шырқап жолға шығады. Балалар ағаштар арасымен ирелеңдеп жүріп, жалғыз киіз үйдің алдына келіп тоқтайды. Үйдің алдында ата мұңайып отырады. Балалар амандасып жөн сұрайды.
Ата: — Жалғыз балам алтын сақасын жоғалтып алып, соны іздеп кетіп келмей жатыр. Оны мыстан ұстап алған шығар деп ойлап отырмын. Енді оған қалай көмектесерімді де білмей отырмын!?
Жаттықтырушы: Ендеше біз сізге көмектесейік!
Балалар Бай баласына көмектесу үшін сапарға аттанады.
Жаттықтырушы: Балалар Бай баласын табуымыз үшін жолда көптеген кедергілер кездеседі. Содан сүрінбей өтсек қана Бай баласына тез жетеміз. Міне өзен. Осы өзеннен тастардың үстімен жүріп, таудағы үңгірден еңкейіп өтіп, батпақтың кепкен жерімен әрі қарай жүреміз.

 

Негізгі қимылдар:
1. Тепе-теңдікті сақтап, тастардың үстімен жүріп, судан өту.
2. Еңбектеп таудағы үңгірден өту
3. Кепкен батпақтың үстінен адымдап жүру.
Жаттықтырушы: — жазық алаңға да келдік, табиғатты қызықтап дем алайық. (Осы кезде қазақ күйі орындалады)
Сұрақ-жауап жұмысы:
1. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер? («Көкпар сайыс», «қыз қуу», «арқан тарту», «алтыбақан», «ақсүйек» т.б.)
2. Ат үстінде ойналатын қандай ойынды білесіңдер? («көкпар», «аударыспақ», «теңге алу»)
3. Аңшылыққа байланысты ұлттық ойындарды ата («ақсерек-көксерек», «аңшы мен үйрек»)
4. Төрт түлікке байланысты қандай ойын түрін білесің? («соқыр теке», «ақ сүйек», «асық ойындары»)
5. Арқанмен ойналатын қандай ойын түрін білесіңдер? («арқан тартыс», «арынды арқан»)

 

Балалар жауабы.
Жаттықтырушы: Енді әуенмен қимыл-қозғалыс жасайық.

 

Балалар күйдің әуен ырғағына сай отырған қалыптарында алдарына шашылған ұсақ малта тастарды, қолдарын созып еңкейіп, бір-бірлеп жинап алады, жинаған тастардың санын айтады.

1. Қимыл-қозғалыстар жасау:
Өздігінен тұра алмайды,
Төрт аяғы тарбаңдайды.
Орнынан қозғамаса

 

Қоңыз байғұс жүре алмайды – деген өлең шумақтары оқылады.
Балалар осы өлең шумақтары оқылып жатырған кезде қоңыздың қимылын жасау үшін, шалқасынан жатып, қолдары мен аяқтары арқылы қимыл жасайды, ал тұрғанда қолдың көмегінсіз тұрады. (Жаттығу 3 рет қайталанады)
Жаттықтырушы: — Барлығымыз жүріп, бойымызды жаза йық.

 

Балалар 3 қатарға бөлініп, әуенмен қимыл-қозғалыс жасайды.
Би: «Топ-топ»
Жаттықтырушы: — Балалар, ары қарай сапарымызды жалғастырайық.
Балалардың алдынан бай баласы шығады. Ол балалармен амандасып, жөн сұрасады
Бай баласы:
Алтын сақа деп елім ертегі ғып шертеді,
Мәңгі жасап келемін.
Мен қазақтың өрені
Алтын сақаны іздеп келемін!

 

Жаттықтырушы: — Балалар, бай баласына көмектесемізбе?
Жаттықтырушы: — Олай болса Бай баласымен бірге жолға аттанайық!
Балалардың алдынан жылқышы кездеседі. Ол балалармен амандасып жөн сұрасады.
Бай баласы: — Менің алтын сақам жоғалып қалып еді. Соны іздеп жолға шығып келеміз. Сіз маған жолға шығуға жүйрік ат беріңіз.

 

Жылқышы: — Менің ең жүйрік жылқым керек болса, менің сендерге қояр бір шартым бар. Олай болса маған қызықты бір ойын ойнап беріңдер! Менің тапсырмамды орындауға келісесіңдер ме?
Жаттықтырушы: — Балалар, біз ұлттық ойын «Көкпарды» ойнап берейік. Жылқышы ата сіз біздің балалардың ойынын тамашалаңыз.

 

Ұлттық ойын : «Көкпар».
Жылқышы жүйрік тайды баланың алдына көлденең тартады.
Балалар Бай баласымен бірге атпен шабады
Ат үстіндегі қимылдар жасалады
Балалардың алдынан мыстан әжей шығады.
Бай баласы: — Әжей менің алтын сақамды бересіз бе?

Мыстан әжей: Ай, жүгірмектер алтын сақаны оп-оңай ала қойғыларың келді. Олай болса маған қызықты бір ойын ойнап берсеңдер. Ойымнан шығып жатырсаңдар алтын сақаны беремін.
Ұ.о. «Киіз үй құрау»
Мыстан әжей: — Менің көңілімнен шықты – деп балалардың алтын сақасын береді.
Балалар Бай баласымен қоштасып, балабақша келеді. Көңілді балалар би билейді.
Би: «Қаражорға» Сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Авторы: Аймуратова Набира Жиемуратовна

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Асем

    ертегі арқылы бала дамуына әсер ету өте керемет

  2. Гүлдана

    Ертегі бала өмірінде ерекше орын алары хақ.Сондықтан өте жақсы мақала екен?

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ