Ертегілер әлемі.Бақшабай ата және оның балалары

ertegi-alemi

Муханбетова Раушан Төлепбергенқызы
Орал қаласы
№1 Орта жалпы білім беретін мектеп мектепалды даярлық тобы мұғалімі
Күзгі қойылым .
Тақырыбы : «Бақшабай ата және оның балалары»
Мақсаты: Балаларды туған елдің табиғатына деген сүйіспеншілікке,қайырымдылыққа баулып, оның әсемдігін терең сезінуге, қамқор болуға тәрбиелеу.Күз мезгілінің ерекшеліктерін ажыратуға,бау-бақшаны күтіп, баптауға, қорғауға баулу.Балаларды еңбекке, адалдыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Қатысатындар: Бақшабай ата
Қияр
Қызанақ
Қарбыз
Қызылша
Пияз
Сәбіз
Бақшабай ата күн шықпастан бақшасына барып, күн ұясына қонар кезде көңілденіп қайтады. Оның Қызанақ, Сәбіз , Қызылша, Көк пияз атты қыздары, Қияр, Қарбыз атты ұлдары бар.
Күнде өздерін күтіп-баптап жүрген Бақшабай аталарын көргенде, оның ұл-қыздары да бойларын түзеп, қуаныштан жүздері бал- бұл жайнап, жайраң қағады.
Үш жыл бойы Жер-анадан нәр алған Бақшабай атаның ұл-қыздары күзгі тойға дайындалу үстінде. Әрқайсысының киген киімдері мен бет-жүздеріне сынай қараған Бақшабай ата :
— Ойпырым-ай, тақиясындағы үкісі желбіреген, беті алмадай қызарған, көйлегі гүлденіп, саптама етегі жарасқан Қызанақ қызымның сәні ерекше екен.
Қияр:- Қолымнан қаламым түспей, әр күнім еңбекпен өтіп, денемді дәнге толтырып, пісіп жетіліп, әрі сақтықтыда ұмытпаған ұлыңызға да бір көз салыңызшы.
Қарбыз: — Мен де жап-жасыл болып ер жетіп өстім. Жаныма жақындасаң, тәтті иісім мұрныңды қытықтайды. Біз туралы да бірдеңе десеңізші.
Атасы:-Еркем, сен –менің оң қанатымсың.
Қызылша:- Құлағымдағы сырғам сән беріп, жапырағым жылуын берген соң, адамзатқа дал болып, қан құрамын реттеп жүретін қызыңыздың сәлемін қабыл алыңыз.
Бауырларының алдына шығып, өз-өздерін көрсетіп, мақтау естіп жатқанын көрген Пияз ашулы түрмен:
-Көк ала көйлек киемін.
Дөңгеленіп билеймін
Көзден жасты ағызам
Атымды еске алғызам
Ата:- Сұлу қызым, ашуға бой алдырма Айналаңа достар жинай біл.
Сен- менің сүйікті, сүйкімді баламсың.
Қуанған Пияз билей жөнелді.
Сән-салтанаты жарасқан ұл-қыздар Бақшабай атасын айнала қоршап алып, өз- өнерлерімен таныстыра бастады. Сол сәтте біреудің қатты жөткірінген даусы шықты. Барлығы дауыс шыққын жаққа қарады.
Ештеңемен шаруасы жоқ Сәбіз жалғыз отыр екен. Бұларға күліп қарап қояды.
Ата: -Ау, Сәбіз, неге жалғыз отырсың? Жүріңдер , балаларым, бәріміз Сәбіздің қасына барайық. Көңілді кешімізді жалғастырайық.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Бахтыгуль

    Өте жақсы жазылған.

  2. Бека

    Куштi- пуштi

  3. LIZA

    МАКАЛА ҰНАДЫ , ҚАЛАЙ КӨШІРМЕСІН ТОЛЫҚ АЛУҒА БОЛАДЫ?

  4. adilbek

    кушты унады

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ