Еңсесі биік-ұлы Жеңіс!

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы

Бұқарбай батыр ауылы

КМҚК № 13 «Балдырған» ясли-бақшасы

Тәрбиеші: Күзембаева Айнұр

Тақырыбы:     Еңсесі  биік-ұлы  Жеңіс!

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен аналардың тұлғасын, асыл бейнесін ашу, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету.

Ұлы Отан соғысы, патриоттық тәрбие, Жеңіс күні, ашық сабақ, 9 мамыр, тәрбие сағаты

Сахна  мерекеге  сай  безендірілген.

           Көрініс:     Ортаға  киіз  басуға  жиналған  аналар  шығады.  Бір-біріне  Салимаштың  үйіне  киіз  басуға  баратындарын  айтып, Салимаштың  үйіне  келеді. Аналар  ән  айтып, әңгімелесіп  отырып  киіз  басады.  Осы  кезде  соғыстың  басталғаны  туралы  радиодан  дауыс  естіледі.

Радиодағы  дауыс:

«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Соғыс,соғыс басталды,  Неміс  басқыншылары  тұтқиылдан   шабуыл  жасады.»  Аналар  жаман  хабарды  естіп,  залдан  шуласып  шығып  кетеді.   (таспадан  шулаған, жылаған  әйелдер  мен  балалардың  дыбыстары  естіліп  тұрады)

Соғысқа  аттануға  дайындалған  солдаттар (ересек тобының бүлдіршіндері) музыка  әуенімен сап түзеп,   залға  кіреді:  Командирі (тәрбиеші) солдаттарды  дайындық  жаттығулар  жасауға тұрғызады.

  1. Саппен  жүру.
  2. Бірінші  әскери  топ  алға  шығып  еңбектеу.
  3. Екіші  әскери  топ  жүрелеп  жүру.
  4. Қаруларын  ұстау  тәсілдерін  үйрену.
  5. Ұранмен  соғысқа  аттану.

Ұран: Отанды  біз  қорғаймыз

Жаудың  алдын  ораймыз.

Командир: Отан  үшін  алға!

Солдаттар: Ура,ура,ура!

Солдаттар  залдан  саппен  жүріп  шығып  кетеді.

Слаидтан  кино  фильмнен  үзінді  көрсетіледі.

Ортада  тылдағы  әйелдер  диірмен  тартқан, келі  түйген, тоқыма  тоқып  отырған аналар  көрінісі  көрсетіледі.

Ана  сөзі: Е, бұл  соғыс  бірімізді  де  есеңгіретіп  жіберді-ау.  Осы  кезде  таспадан  почташы  қыздың  келе  жатқаны  хабарланады. Почташы  қыз  жүгіріп  келеді. Почташы  қыз:  Сүйіші, сүйінші  хат  келді. Аналар  дабырласып  хаттың  кімге  келгенін  білуге  асығады.  Почташы  қыз  Күләйша  апаның  баласына  келген хатты  беріп, басқада  ауылға  хат  апарып  беретінін  айтып  қоштасып  кетеді.Ана  баласынан  келген  хатты  ашып  оқиды.  Майданнан  келген  хат  таспадан  тыңдалып , аналар  қуанып,  қауқылдасып  тұрады.  Сол  қуаныш  артынан  радиодан  соғыстың  біткені  хабарланады.  Радиодағы  дыбыс:   Тыңдаңыздар,  тыңдаңыздар!      1945  жыл  8  май  Совет  армиясы  неміс  басқыншыларын  кері  шегіндірді.  Жауынгерлеріміз  елге  оралады,  залға  соғыстан  келген  солдаттар  кіреді.  Алдарынан  гүл  шоқтарын  ұстаған  қыздар  шығады.  Аналар  өз  балаларын  құшақтап,  музыка  әунімен  барлығы  билеп  залдан  шығып  кетеді.

Жүргізуші:  Жеңіс,  жеңіс-желісі  дастанымның.

Жырым  бөлек  сырым да  басқа  бүгін.

Туғандар  45-тің  көктемінде.

Немере  көріп  сүйер  жаста  бүгін.

Тұрғандай  болғанда   өмір  сең  үстінде.

Хабары  жеткен жұртқа  «Жеңіс»  деген.

Шаттық  үні  шарықтаған  ел  үстіне.

Сіздерді   өшпес  ерлік  пен  өлшеусіз  даңқтың  халқымыздың  шексіз  қаһармандығымен  мұқалмас  қажыр-қайратының  мерекесі  Ұлы Жеңістің  69  жылдығымен  құттықтаймын.  Қайсарлық  пен  қаһармандық, Отанға  деген  сүйіспеншілік  аса  қатыгез  сұрапыл  соғыста  жеңіске  жол  ашты.  Жауынгер-  майдангерлер  өлшеусіз  өжеттілік  пен  жеңіске  деген  мұқалмас  ерлік-жігер  таныта  білді.

Жүргізуші: Талай  жанды  қиды  ажал  балтасы.

Жауды  жеңіп  қайтты ауылға  қаншасы.

Біздің  мына  бейбіт  өмір  алаңсыз.

Ел  қорғаған  батырлардың  арқасы.

Би:  «Сарбаздар»

Ересек тобының   «бишілер»  тобы

Жүргізуші:  Жігіт  жастан  қан  майданға  кеттің  бе?

Сағындырдың  көз  ілдірмей  көп түнде.

Зарықтырған  Жеңіс  туым-Жауынгер.

Байтақ  елге  аман-есен  жеттің  бе?

Би:  «Айжан қыз»  Ортаңғы  «Ботақан»  топ  бүлдіршіндерінің  орындауында

Қан  майданда  қаза  тапқан  боздақтар  қаһармандығын  мәңгі  есте  сақтап, ерлігіне  бас  иіп, батырлар суреттерінің жанына гүл шоқтарын қояды.

Жүргізуші:  Жеңіс  келді  далама,

Жеңіс  келді  ән  болып.

Жеңіс  келді  қалама,

Келді  ауылға  сән  көрдік.

Ән:  «Ел  қорғауға  әзірміз»

Ортаңғы  топ  бүлдіршіні  О.Дидар

Ерлігі  естен  кетпес  ел  есінде

Теңің  жоқ  тектілікке  теңдесуге,

Өлшеулі  ар-намыс  пен  нарқымыздың

Қорғаны  адамдық  пен  салтымыздың.

Ортаңғы  «Ботақан»  топ  бүлдіршіндерінің  орындауында  «Катюша»  биі.

Жүргізуші: Жау  жеңілді  ақыры

Атты  бейбіт  таң  күліп,

Әлия  мен  Мәншүкті

Ұмытпайды  ел  мәңгілік.

Қайсарлық  пен  өшпес  ерлік  көрсеткен  қазақтың  қаһарманы  Әлия  мен  Мәншүкті  біз  ешқашан  ұмытпаймыз.  Өлшеусіз  өжеттілік  пен  жеңіске  мұқалмас  ерлік-жігер  танытқан  қос  қарлығаш  біздің  міңгілік  жүрегімізде  сақталады.

Әлия  мен  Мәншүкке  тағзым  жасау.

Жүргізуші:              Алаулап  гүл  жарады.

Туған  жер  құлпырады

Балалар  болады  аман

Аналар  болады  аман

Бейбітшілік  болса.

Би: «Құстар  биі»  ортаңғы «Балбөбек»  тобының  бүлдіршіндері.

Айқастың  арқалаған  ауыр  жолын

Ағындат  ақ  боз  атпен  Бауыржаным

Қиында  қара  нардай  қайыспас  ер

Қашанда  саған  риза  бауырларың.

Хор: «Жауынгер  жыры»  ересек  топ  бүлдіршіндеренің  орындауында  қабыл  алыңыздар.

Жүргізуші:Жеңіс  келді  артта  қалды  зор  қайғы.

Адам  асыл  арманда  алға  жолдайды.

Бейбіт  күнін  аталардың  әкелген.

Бүгін  міне  ұрпақтары  жолдайды.

Би: «Жеңіс биі»  ортаңғы «Балбөбек» топ бишілері.

Сұм соғыс қайтіп болмасын

Бәйшешектер  солмасын

Еліміз  бейбіт  күн  кешіп,

Бір  Алла  өзі  қолдасын.

Бірлікпен  күн  кешіп,

Бейбітшілік  орнасын.

-Осымен  9-мамыр  Ұлы  Жеңіс  күніне  арналған  «Ер  есімі-ел  есінде» атты  ертеңгіліміз  аяақталды.  Заманымыз  тыныш,  аспанымыз  ашық  болсын!  Сау  саламат  болыңыздар.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер12
  1. Назерке

    Осы көрініс арқылы кішкентай бүлдіршіндерімізді Отанын сүюге, оны қорғауға баулыды.Өте керемет көрініс.Құрастылуы да маған ұнады.

  2. Бальнур

    Біз жеңіс мерекесін ұмытпауымыз керекю Мына сабақ жақсы екен. Бүлдіршін сабилерге жеңіс мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыруға

  3. жансая

    Тәрбие сағаты өте жақсы құрылған

  4. жансая

    Маған өте ұнады

  5. Айжан

    Ма ған ұнады рахмееееет

  6. Индира

    жақсы қалай тіркеледі

  7. алтынай

    Оте жаксы жазылган буны Ким жазды?

  8. Айлин

    Өте жақсы. Бірақ Мәншүктің хаты болмағаны өкінішті!!!

  9. Айдын

    калай тиркелет айтыныздарш

  10. Жанат

    мен іздеген осы рахмет

  11. Сания

    Тәрбие сағаты жақсы құрылған ұнады

  12. Жансулу

    оте керемет жазылган

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ