Дидактикалық ойын (балаларға)

дидактикалықДидактикалық ойындар 

«Портрет жаса»
Ойынның мақсаты:Адамның дене (бет) мүшелерін пайдалана отырып, балаларды сипаттау бойынша бейнені сомдауға үйрету. Адамның бет құрылымы туралы білімін бекіту. Эстетикалық сезімге тәрбиелеу.

«Сурет арқылы әңгімеле»
Ойынның мақсаты:Суретке қарап әңгіме құрастыра алу дағдыларын дамыту. Балаларды тыңдау және сөзді түсіну, сұраққа жауап беру іскерліктерін дамыту.

«Қай ертегінің кейіпкері?»
Ойынның мақсаты:Балалардың халық ауыз әдебиетінің кейіпкерлері арқылы ертегілерді естеріне сақтау. Шығарманың мазмұнын түсініп, кейіпкерлердің мінез-құлық қатынастарын сипаттауға үйрету.
Көркем сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.

«Жыл мезгілдері»
Ойынның мақсаты:Балалардың балалардың түстерді анықтау бойынша білімін бекту. Балаларды қандай да бір «Жыл мезгіліне» сәйкес келетін түс колориясын анықтауға үйрету. Табиғатқа деген эстетикалық сезім мен махаббатқа тәрбиелеу.

«Сыңарын тап»
Ойынның мақсаты:Геометриялық ұ,ымдарды бекіту. Геометриялық фигураларды анықтай білуге, түс гаммаларын айыра білуге үйрету. Назарын тұрақтандыруға тәрбиелеу.

«Жыл мезгілдері»
Ойынның мақсаты:«Төгілу» түстерін анықтау дағдысын дамыту. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Эстетикалық сезімге тәрбиелеу.

«Неше жеміс?»
Ойынның мақсаты:Балалардың «5» реттік санына дейінгі білімін бекіту. Есептің математикалық есебін дамыту. Көру есте сақтауына тәрбиелеу.

«Көршісін тап»
Ойынның мақсаты:Математикалық елестете алу білімін бекіту. Көру есте сақтау қабілетін дамыту. Жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу.

«Қанша? Неше?»
Ойынның мақсаты:Екі затты салыстыру. Математикалық шешім дағдыларын бекіту. Байсалдылық пен төзімділікке тәрбиелеу.

Осыған ұқсас тағы бір материалды қараңыз.

Пікірлер3
  1. Рахымғалиева Толқын

    Қазіргі тәрбиешілерге керек нағыз керемет сайт

  2. Айдарбайқызы Ақмарал

    Мақала ұнады. «Еркетай» сайтта тәрбиешілерге керек мағұлматтар жарияланады. Балаларға ойнатуға өте жақсы. Рахмет.

  3. Гульнар

    рахмет қызықты ойындар екен

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ