Дыбыстар әлемі


Erketai / Ноя.2.2015. / Пікірлер жоқ

Ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Мерзімі: 22.09.2015ж шағын топ: естиярлар тобы
Білім саласы: қатынас, таным.
Бөлімі: тіл дамыту, сауат ашу.
Тақырыбы: Дыбыстар әлемі.
Мақсаты:
Білімділік:
• Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратуға үйрету.
• Буынға бөліп айтуды дағдыландыру.
• Жаңа білім негіздерімен таныстыру.
Түзету-дамытушылық:
• Балаға дыбыстарды анық айтуға, есту арқылы ажыратуға, суреттерге негізделе отырып еркін сөйлеуге үйрету.
• Артикуляциялық қимыл қозғалысын арттыружәне белсендіру.
• Белсенді және енжар сөздік қорына «дауысты дыбыс», «дауыссыз дыбыс» ұғымдарын енгізу.
• Баланың фонематикалық есту қабілетін шыңдау..
• Дыбыстар қатарын ажыратуға үйрету.
• Ұсақ қол саусақ қимылын арттыру.
Тәрбиелік: үлкендердің сөзін тыңдауға, сыйлауға, ұқыптылыққа және тазалыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар:проектор,дыбыстар видеосы, дыбыстар белгісі, артикуляциялық жаттығуға арналған перзентация, мнемокестелер, мнемокубтар, үлестірмелі суреттер, видеослайдтар, М.Монтессори әдісі.
Билингвистикалық компонент: Дыбыс – звук, принцесса –ханшайым, волк- қасқыр; т.б

dibistar


Іс-әрекет бөлімдері Логопедтің іс-әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушы — Саламатсыңдарма балалар. Сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне дайынсыңдар ма? Айтыңдаршы маған қазір жылдың қай мезгілі? Сендер тағы қандай жыл мезгілдерін білесіңдер? Балалар, бүгін біз сендермен қызықты серуенге барамыз. Орындарыңа отырып, мені мұқият тыңдаңдар
Логопед: — ерте-ерте ертеде көңілді дыбыстар өмір сүріпті. Олар: А, О,Ө, Е, У, И, Ы,Ә, І. Бұлардың барлығын бірге дауысты дыбыстар деп атайды екен.Дауысты дыбыстар созылып айтылады екен, және құстар секілді ән шырқай алады. Олар ән салғанда қалған дыбыстар да ән салғысы келеді екен, бірақ олардың дауысы үзіліп кете береді екен олар: С,Ш, Қ, Р, Л, Д және тағы басқалары. Оларды барлығы дауыссыз дыбыстар деп атайды екен.

Логопед: Ал, балалар саяхатымызға дайынсыңдар ма? Ендеше сиқырлы дыбыстар әлеміне бару үшін біз ең алдымен тыныс алу жаттығулары мен тіл жаттығуларын жасауымыз қажет, жасап алайық я? Алдымыздағы жапырақтарды алып үрлеп шығайық 1,2,3 кеттік. Кімнің жапырағы алысқа ұшады екен.Ал енді тіл жаттығуларын жасайық.

1. Артикуляциялық жаттығулар.
“күрек”, “ине”, “сағат”, “әткеншек”, “ат шапты”. Т.б.( Слайд.№1 )

Логопед: — Жарайсыңдар балалар біз орнымыздан тұрып шаттық шеңберін жасайық келіңдер.
Балалар, балалар
Тату-тәтті болыңдар.

Достық деген – бұл бақыт!

Достарыңды сыйлаңдар
Балалар сәлемдеседі.

Сұраққа жауап береді.

Мұқият тыңдайды.

Тыныс алу жаттығуларын жасайды.

Тіл жаттығуларын жасап, қайталайды.

Шаттық шеңберін жасайды.
Ұйымдастыру-ізденіс Логопед: – Қандай әдемі, балалар қараңдаршы. (видео№1)
Музыка қойылып, ортаға ханшайым шығады.
Ханшайым : — Саламатсыңдарма балалар, ал сендер мұнда не істеп жүрсіңдер?
Балалар: — Біз сіздерге қонаққа келдік.
Логопед: — Құрметті ханшайым біздің балалар дыбыстармен танысқысы келіп отыр еді, мен балаларды сіздерге қонаққа алып келдім.
Ханшайым: — Ал, ендеше қош келдіңіздер. Дыбыстар мұнда келіңдер, балалар сендермен танысқысы келіп отыр екен. (Видео№2).
Ханшайым: — Жарайсыңдар, ал ендеше менің ормандағы аңдарымның сендерге дайындаған тапсырмасы бар екен. Орындайсыңдар ма?
3. Д.О. Мына кесте бойынша жұмбақтарды шешіңдер . (Ойын шартын логопед түсіндіріп өтеді).
Тісі үшкір, түсі сұр,
Аспанға қарап ұлиды ол не екен? (қасқыр);
Құйрығы ұзын тоны сары, орманда тұрады, тауықты ұрлайды ол не? (түлкі)
4. Мен айтамын сендер қайталаңдар. (әліппе) видео№3
5. Д.О “Жылдың қай мезгілі?” . (суреттерге негізделе отырып әңгіме құрастыру. Мнемокестелер бойынша.).
Логопед: — Шаршадыңдар ма балалар. Сендердің көздерің шаршаған шығар, барлығымыз бірге көзімізге жаттығу жасап алайық. (көзге арналған гимнастика). Видео №4
Ханшайым: — енді балалар менің дыбыстарым сендерге тағы бір тапсырмасын ұсынбақ.
6. Тіл ұстарту. (видео№5).
Ханшайым: — жарайсыңдар балалар сендер өте ақылды екенсіңдер.
Логопед: — Құрметті ханшайым, біздің балабақшаға қайтуымыз керек. Балалар , бізді әлі тағы көптеген қызықты оқиғалар күтіп тұр. Қане ханшайыммен қоштасайық.
Сау болыңыздар.

Балалар ханшайыммен сәлемдеседі.

Экранға назар аударып, бақылайды.
Бірге қайталап шығады

Балалар жұмбақты шешеді.

Аңдарға сипаттама береді.
Алдымен тыңдап, содан кейін қайталайды.
Сурет бойынша әңгіме құрады
Көз жаттығуларын қайталайды.
Әуенімен бірге орындайды.

Ханшайыммен қоштасады.
Рефлексиялық-түзету Логопед : — балалар, сендерге дыбыстар әлемі ұнады ма?
1. Дыбыстар қандай болып бөлінеді екен?
2. Сендер қандай тапсырмалар орындап шықтыңдар.?

— Балалар сендердің алдарында қыстырғыштар, күн және бұлт тұр. Егер сендерге сабақ ұнаса мына қыстырғыштарды қолданып күннің саулесі етіп жасайсыңдар, ал сабақ көңілсіз өтсе қыстырғышты алып бұлтқа жаңбыр етіп қыстырасыңдар.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Қыстырғышпен тапсырманы орындап шығады.
Күтілетін нәтиже:
Бала білуі керек: дыбыстардың айырмашылығын.
Бала игеруі керек: анық, асықпай сөйлеуге.
Бала меңгеруі керек: мнемокестелер бойынша әңгіме құруды.

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!