«Дьенеш» блоктарын қолданып баланың логикасын дамыту

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Мақсаты: Заттардың көлемі, геометриялық пішін және мөлшерімен таныстыру;
Ойлау іскерліктерін дамыту: салыстыру, талдау, жіктеу, жалпылау және т.б.;
Логикалық тапсырмаларды шешу іскерлігін қалыптастыру;
Танымдылық процессі — қабылдау, ес, зеиін, қиялдарын дамыту;
Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиеші қызметі Балалардың іс-әрекеті

І кезең- мотвациялық- қозғаушы -Біз әдепті баламыз
Амандасу үлкенге,
Алдыменен қонақпен
Тәрбиенің басы ғой.
Амандасып аламыз.
Ал кәнекей бәріміз.
-Жарайсыңдар!
-Көңіл-күйлерін қалай?
-Бізде қазір қандай жыл мезгілі?
-Жыл мезгілдерін атап өтіндерші?
-Көктемде неше ай бар?
-Жарайсыңдар!
-Бір апта да неше күн бар?
-Атап кетейікші?
-Дұрыс айтасыңдар.
-Ал бүгін аптаның қай күні?
-Жарайсыңдар!
-Біз нешеге дейін сандарды білеміз?
-Жақсы, енді кері санайық.
-Өте жақсы.
-Сәлеметсіздер ме!
Өте тамаша!
-Көктем
-Қыс, көктем, жаз және күз
-Үш ай
-7 күн бар
-Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі.
-Жұма
-онға дейін білеміз
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0

ІІ кезең-ұйымдастырушылық- ізденушілік

Біз сендермен қазір Дьенеш блоктары арқылы саяхатқа шығамыз. Дьенеш блогі деп айтып жатамыз.
Ол үшін бірінші Дьенеш деген кім танысып алайық.
Золтон Дьенеш
Венгрлық теоретик және практик, «Жаңа математика» әдістемесінің авторы

Дьенештің логикалық блоктары

Логикалық блоктарды венгердің психолог-математигі Золтан Дьенеш ойлап тапқан. Балаларды блоктар арқылы ойната отырып, оларға нысандардың түсін, пішінін, көлемі мен жуандығын көрсете отырып, ажыратуға үйретуде, математика тұрғысынан алғы ұғымдарды меңгертуде таптырмас құрал.
Таныстық енді, саяхатқа шығамыз. Саяхатқа немен барамыз?
Автобуспен барайық.
Мен сендерге билет беремін. Сендер өз орындарына отырыңдар? Яғни билет арқылы өз орындарынды табыңдар.

Дьенеш блоктары.

Билет
Автобусқа мініп Дьенеш кафесіне келеді.
Аспазшыға тауық сорпасын және коктейль дайындауға көмектесейік.
-Балалар, сорпа дәмді болды ма?
-Алғысымызды білдіреміз!
-Сорпамызды ішсек, әрі қарай логика қалашығына баруымыз керек. Жүріңдер.
Логика қалашығына келдік.
-балалар қараңдаршы, қалада үлкен және кішкентай аудан бар екен, соларға түр-түсіне қарай қоршау жасау керек. Ал пішініне қарай үй жасайық.
Жарайсыңдар! Ендеше, әрі қарай жүреміз.

 
Erketai / Мар.10.2017

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!