Буынға бөлейік

Тақырыбы: Буынға бөлейік

Мақсаты:  Сөздердің бір буыннанда көп буыннанда тұратынын білдіру. Сөзде неше

дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын түсіндіру. Буындық белгіні қол жаттықтыру дәптеріне жаздыру.

Көрнекі құралдар: суреттер, кеспе әріптер, сөздер

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, СТО технологиясы

Балалар, буынға бөлу, ұстаз сабағы, сауат ашу, сөз, дыбыс

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іздену ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті түзету

  Психологиялық жаттығу 

Қуан шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Қош келдіңіз, қонақтар!

 

Балалар бүгін бізге ұстаздар қонаққа келіпті. Қонақтармен амандасайық.

 

 

 

 

 

Балалар, сабағымызды бастамас бұрын біздер бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Сендер өз аттарыңды білесіңдер ғой. Ал қандай дыбыстан басталып тұрғандарын білесіңдер ме?

Аттарың қандай дыбыстан басталса, сол дыбыстан басталатын жылы тілектер айтайықшы. Мысалы:

Менің атым –Мадина  Мамаларымыз аман болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар, бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сауат ашу сабағы.

Ендеше сабағымызды бастайық.

 

 

 

 

 

 

Балалар, сауат ашу сабағынан

не үйрендік?

—          Дыбыс дегеніміз не?

 

 

— Әріп дегеніміз не?

 

 

—          Қазақ тілінде  қанша  әріп бар?

—          Дауысты дыбыстар нешеу?

—          Дауыссыз дыбыстар ше?

—          Сөз неден құралады?

—          Сөйлем неден құралады?

—          Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Балалар, мен сендерге әріп жұмбақ жасырамын. Сендер мұқият тыңдап, шешуін табасыңдар.

 

Табада бар,

Танада жоқ

Сабада бар,

Санада жоқ

 

Дабылда жоқ,

Дауылда бар.

Далада жоқ,

Ауылда бар.

 

Қылда  бар,

Жүнде жоқ.

Жылда бар,

Күнде жоқ

 

Нарда бар,

Қарда жоқ.

Нанда бар,

Майда жоқ.

Балалар, шешуін дұрыс таптыңдар.

Мына тақтаға қарайықшы жұмбақтың шешуінен қандай сөз шықты?

—          Дұрыс, айтасыңдар.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Буынға бөлейік».

Буын дегеніміз— сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы: Ай-на  бірінші буын-ай, екінші буын-на. Айна сөзі екі буыннан тұрады.

Дауысты дыбыс жеке өзі ғана бір буын құрай алады. Мысалы:  А-ша.

Й,У,Ң дыбыстары екі дауыстының ортасында келсе, онда олар екінші буынның басында айтылады. Мысалы: қа-йық, жа-ңа, та-уық

Балалар енді баспалдақ ойынын ойнайық.

«Баспалдақ» ойыны.

Әр баспалдаққа шығып жалауды алу  үшін тапсырмаларды орындау керек.

 

 

 

 

Буын дегеніміз не?

 

 

 

 

 

 

 

 

1 баспалдақтың тапсырмасы:«Сөздерден сөйлем құра» ойыны

Суреттерден сөйлем құрастыру. Осы сөздерді шапалақпен буынға бөлу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Бәрі істі басқарған.

 

2 баспалдақтың тапсырмасы:

«Шашылған әріптерден сөз құраймыз» дыбыстық талдау жаса

 

 

 

3 баспалдақтың тапсырмасы:

«Буындардан  сөз құра»

Буындардан сөз құрап оқып, текшенің ішіне жаз.

 

 

4баспалдақтың тапсырмасы:

«Т» кестесін  толтырайық

 

1 буынды сөздер 2 буынды сөздер
Ай, күн, қыс, түс, ұл, қыз, гүл Қа-йың, а-уыл, жа-ңа, қа-ла, ал-ма

 

5 баспалдақтың тапсырмасы:

Шығармашылық тапсырма: «Адасқан буындар»

Берілген буындардан мағынасына қарай сөздер құрау.

( ба, үй, қа, ша, тыр, пан, на, рек)

Балалар біз баспалдақтың  5 тапсырмасын орындадық. Енді жалауымызға жеттік.

Жалаудың сұрағы:

Буын дегеніміз не?

 

 

 

Балалар, сабақта не үйрендіңдер?

Сабақ ұнады ма?

Балалар бір буынды сөзді буынға бөлуге болмайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар, бүгін сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сөгеті бастауыш мектебінің

Тәрбиелі баласы.

Алдыменен қонақпен,

Сәлемдесіп алады.

Сәлеметсіздер ме!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Менің атым-Тоғжан

Тәртіпті бала болайық!

Нанымыз көп болсын!

Әлемде бейбітшілік, достық болсын!

Гүлдей жайнап жүрейік!

Ешқашан ауырмайық!

 

 

 

 

 

Күндей жадырап,

Айдай арайлап.

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдір, таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық

 

 

 

—          Әріпті, дыбысты

—          Дыбысты естиміз, айтамыз. Әр дыбыстың өз таңбасы бар.

 

—          Әріпті көреміз, жазамыз, оқимыз. Әріп дегеніміз- дыбыстарды таңбалау

—          42 әріп

—          15

—          25

—          Әріп, дыбыстан

—          Сөздерден

 

 

 

 

 

 

 

 

—          Б

 

 

 

 

—          У

 

 

 

 

—          Ы

 

 

 

 

—          Н

 

 

 

 

—          БУЫН

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мен анама гүл сыйлаймын. ГҮЛ. 1 буын

 

Мен дәптерге көркем жазу  жазамын. ДӘП-ТЕР 2 буын

 

 

Балалар қимыл-қозғалыс арқылы жасайды

 

 

 

 

 

 

 

 

Ана, ара, шар, қаз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ба-қа, үй-рек, тыр-на, ша-пан

 

 

 

 

Буын дегеніміз- сөзде қанша дауысты  дыбыс болса, сонша буын болады

 

Буынға бөлуді.

ұнады

 

 

Гүлді білем жайнаған,

Құсты білем сайраған.

Бар дыбысты білемін

Енді таныс айналам

Біз сүйікті балдырған,

Білім отын жандырған.

 

                                    Күтілетін нәтиже:

Білуі:  Буынға бөлуді толық білді.

Меңгеруі: толық жауап беруді, сөйлем құрауды, дыбыстық талдау жасауды меңгерді.

Жасай алуы: қойылған сұрақтарға толық жауап берулері және ойындарда белсенділік танытып, тапсырмаларды орындады.

Пікірлер10
  1. Арай

    балалар көбіне ауызша буынға бөлгенмен, буынға бөліп жазуда қиналады. өз есімінің алғашқы дыбысынан басталатын жылы сөздер айту жақсы әдіс.

  2. Әсемгүл

    Өте жақсы ұйымдастырылған.Көп көмегі тиді.

  3. Райымбек

    Жақсы

  4. Мөлдір

    Сабақ жақсы жасалған. тиянақты. өзімнің сабағыма қосамын

  5. Загира

    Рахмет. Балаларга оте кызыкты отеди деп ойлаймын. Зайцев технологиясында колданып отипсиз. Негизи артурли технологияларды колдану аркылы отилген сабак сапалы болады

  6. Бахтыгуль

    ҚМЖ жақсы құрылған.

  7. Гулзира

    Сабақ жақсы жоспарланған. кезеңдері, оқушыларға қойылған сұрақтары нақты. Тасымал тақырыбын оқушылар түсінді деп ойлаймын. ҚМЖ ұнады.

  8. Камшат Шаяхметова Кенжеканкызы

    Маған Бейсебаева Халида ханымның сауат ашу пәнінен «Буынға бөлейік» атты оқу қызметі ұнады. Осындай сабақ жоспарлары біз секілді тәрбиешілерге тигізер көмегі көп деп ойлаймын. Осы секілді жақсы сабақ жоспарларын шығарып жатқан сайт жұмысы өте жақсы деп бағалаймын. Сіздерге сәттілік, табыс тілеймін. Рахмет сіздерге!

  9. Олжас

    Маған сабақ ұнады. Сәттілік тілеймін!

  10. сабақ жоспары унады

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ