Бастауыш сыныпқа арналған логикалық тапсырмалар

Математика
Пәні бойынша бастауыш сынып оқушылары үшін логикалық ойлауға арналған тапсырмалар (2, 3, 4 сыныптар) 2-сынып

№ 1 тапсырма
1. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр?
2. Отбасында төрт бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша.Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша?
3. Әсет Сәбитпен шахмат ойнап 2 рет жеңді, ал Сәбит Әсетті 3 рет жеңді. Тағы бір ойында олар тепе-тең түсті. Балалар неше рет шахмат ойнаған?4. Арман тақта шоколадты екіге бөлді, содан соң оның бөлінген бір бөлігін тағы да екіге бөлді. Сонда Әсет шоколадты неше бөлікке бөлген?
5. Әрбір екі қорапшада 10 конфеттен салынған. Мәдина бірінші қораптан бірнеше конфет алып жеді. Мұны көрген Дариға екінші қораптан бірінші қорапта қанша қалса,сонша конфетті жеп қойды. Енді екі қораптағы барлық қалған конфеттердің саны қанша болмақ?
6. Мына сандар қандай тәртіппен орналасқан?
1 2 3 4 5 6 7 8 9 9 8 7 6 5 4 3 2 1
7. 4 литрлік және 6 литрлік ыдыстармен 2 литр суды краннан қалай ағызып алуға болады?
8. Екінші сынып оқушылары екі-екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен жетінші жұп болды. Олар алдынан санағанда жетінші болды, ал артынан санағанда төртінші болды. Сыныпта қанша оқушы бар?
9. Велосипед дөңгелегінде 8 шабақ бар. Барлық шабақтардың арасында неше аралық болады?
10. Отбасында 2 бала бар. Мәрлен Ардақтың ағасы, ал Ардақ Мәрленге аға емес. Сонда Сұңғат кім?
logikalik-tapsirmalar


№ 2 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. Бір таңбалы сандар нешеу? Екі таңбалылар ше?
2. 10, 11, 238, 5051, 7002 сандарының қосындысын тап.
3. Қосындысы 9-ға тең болатын барлық есептерді жаз.
4. Алғашқы он натурал санды жаз және олардың ішінен барлық жұп сандарды ата.
5. Ең кіші бір таңбалы сан мен ең үлкен бір таңбалы санды ата.
6. Ең кіші төрт таңбалы саннан бірлікті алғанда үш таңбалы сан шығуы керек. Ол қандай сан?
7. Қандай екі таңбалы санға бірлікті қосқанда үш таңбалы сан шығады?
8. Алдында сан болмайтын натурал санды жаз.
9. Мына өрнектерді жаз және айырмашылықтарын салыстыр: 88–36, 88–31, 88–35.
10. Орындарын ауыстырса да өзгермейтін бірнеше сандар жаз.

№ 3 тапсырма
Өрнекті жаз және есептеп шығар.

1. 30 бен 13-тің айырмасынан 8-ді азайт.
2. 7 мен 6-ның қосындысына 9-ды қос.
3. 8 бен 4-тің қосындысы 11 мен 6-ның айырмасынан қаншаға көп?
4. 33-ке 16 мен 9-дың айырмасын қос.
5. 16 мен 8-дің айырмасын 7-ге арттыр.
6. 21 мен 29-дың қосындысын 22 мен 12-нің айырмасынан кеміт.

3-сынып

№ 1 тапсырма
1. Әнуар Сабырдан 5 жас үлкен және Даниярдан 2 жас үлкен. Сабыр үлкен бе, Данияр үлкен бе? Және неше жасқа үлкен?
2. Әкесі, шешесі, ұлы үшеуінің жастарын қосқанда 70 жас. Ал төрт жылдан кейін үшеуінің жастары нешеге жетеді?
3. Сыныптағы 25 оқушының 17-сі ағылшын тілін, кейбіреуі француз тілін де үйреніп жүр, ал 15 оқушы француз тілін үйреніп жүр. Екі тілді де үйренушілер саны қанша?
4. Ағашта 3 ұзақ пен 2 қарға отырды. Екі құс ұшып кетті. Неше және қандай құстар ағашта қалуы мүмкін?
5. Жол бойына үйеңкі мен жөке ағаштары отырғызылды. Әрбір екі үйеңкінің ортасына екі жөке ағаштары отырғызылған. Егер үйеңкі 20 болса, жөке ағашы нешеу?
6. Екі залда 50 орындық бар. Бір залдан 10 орындықты алып кеткенде, екі залдағы орындықтар саны бірдей болды. Әуелде әр залда неше орындықтан болғанын тап.
7. 18 вафлиді тарелкелерге былай салған: біріншісіне – 4, екіншісіне – 5, үшіншісіне – 2, ал төртіншісіне – 7. Осы тарелкелерді екі үстелге қойғанда, бір үстелде екінші үстелден екі есе көп вафли болу керек. Сонда тарелкелерді қалай қоямыз?
8. Әжем, анам және мен – үшеуміз фотосуретке түстік. Әжем анамның сол жағында, анам менің сол жағымда тұр. Біздің фотосуретте қалай тұрғанымызды тап.
9. Назым, Майра және Нұргүл – үшеуі роза, жауқазын, түймедақ гүлдерін сатып алды. Назым мен Майра роза гүлін алған жоқ, ал Майра мен Нұргүл түймедақ гүлін алған жоқ. Кім қандай гүл сатып алғанын тап.
10. Жібек матаның 1 метрі сәтеннен 2 есе қымбат. Енді 8 метр сәтенге көп ақша кете ме, әлде 4 метр жібекке көп ақша кете ме?
11. Қорапшада барлығы 15 шар жатыр: қара, қызыл, және ақ. Ақ шарлар қарасынан 7 есе артық. Неше қызыл шар барын табыңдар.

 
Erketai / Июл.3.2013

комментариев 114 Пікір қосу

  • менде 500 тг бар.100 мал сатып алуым керек. кой 1 тг , сиыр 10 тг. Жылкы 100 тг . Кой . Сиыр жылкы канша шт сатып алуым керек шешип бериниздерши

  • қойдан 60 -60 теңге
    сйырдан 39 — 390 теңге
    жылқы 1- 50 теңге
    60+39+1=100 бас
    60+3900+50=500 теңге
    барлығы 100 бас 500 теңге

  • 7 7 7 7=4
    матаматикалық таңбалар қою арқылы шығар

  • 7 7 7 7=1
    7 7 7 7=2
    7 7 7 7=3
    7 7 7 7=5

  • сіздерге көптен көп рахмет бізге керекті мағлұматтар енгізіпсіздер

  • Мен математика пәнінен олимпиадаға дайындалу үшін қажетті материалдар іздеп отырмын. Маған осы тапсырмалар ұнады.

  • Алдыңғы күні 13 жаста едім,келесі жылы 16-ға толамын.-деді Маржан.
    Маржан дұрыс айта ма?

  • айтындар балалар!

  • керемет сайт екен. маган ұнады.

  • TAAMAWA)))))))

  • казак тилинен тест керек

  • Логикалық есептеулерге цифрограммалар, әр түрлі басқатырғылар т.б жатады.
    «Цифрограмма» «65»
    Логикалық есептердің бір түрінде беріледі. мысалы:
    тор көздерді толтырыңыз. сонда көлбеуінен де, тігінен де, көлденең де қосындылары тек 65 болу керек.

  • Кызыкты математика логикалык есептер бастауыш сыныпка арналган сайыс сабактар издеп отырмын комектесиниздерши

  • арман балық аулауға шықты ыдысында 4 маса бар ед онн 2 ен 2 балы аулады
    қалған маса мен қанша балық аулайды?

  • Pахмет сіздерге көп,көп!

  • коп-коп рахмет

  • Рахмет сіздерге көп. Өте пайдалы және қызықты .

  • маған қайырымдылық туралы мақал мәтелдер керек еді

  • осы сурактардын бари 1 класка арналган

  • сосын мен 4 класпым маган логиканын жауаптарын издеп отырганмын

  • өте жақсы

  • өте пайдалы сайт екен рахмет

  • Спасибо.Хороший сайт,Мне понравилось.

  • Сіздерге көп рахмет! Шынында да пайдалы сайт екен!

  • Төрт бала даминоны екі сағат ойнаса екі бала не сағат ойнады

  • екі сағат ойнайды

  • жолаушынын 1 ешкі, 1 орамжапырағы және 1 қасқыры бар,ол өзеннің бер жағынан ар жағына 2 орынды қайықпен өтуі керек, қасқырды ешкімен қалдыруға не ешкіні орамжапырақпен қалдыруға болмайды жеп қояды , не істееу керек?

  • ӨТЕ ТАМАША

  • Tamawa

  • сайт өте жақсы екен

  • 2 улы 2кызы бар

  • Жастары 8де 12де 16да 20да 24те

  • 500тенге

  • тамаша, өте пайдалы және қызықты.

  • 7:7+7-7=1

  • 7:7+7:7=2

  • Бастауыш сыныптарға өте керек тапсырмалар.

  • оте жаксы екен

  • 77+77+77+77=308

  • Маржаннын айтканыы дурыс емес себеби ол 14-ке келеди

  • ӨӨӨӨӨӨттттеее тамаша кльово!очень — очень хорошо! Тапсырмалар екен НО!6 сыныпка нету!если че бар боса пожалуйста маган скажите?! мхм

  • Сенде 5 литрлік және 3 литірлік ыдыс бар. Егер басқа ыдысың болмаса, су ағатын шүмектен 4 литр суды қалай дәл өлшеп аласың?

  • Көбейтіндісі 1 000 000-ға тең екі санды тап. Бірде-бір санда 0 цифры болмауы тиіс

  • Қосындысы 19 болу үшін 2-минут ішінде 4 тақ санды ойлап тап ( сандар қайталану мүмкін).

  • өте жаксы

  • Өте керемет сайт!
    Сізден өскен балалар,
    Батырлар мен даналар,
    Құттықтаймыз мейраммен
    Құрметті біздің аналар
    * * *
    Баланың да тірегі,
    Дананың да тірегі.
    Шаншымасын ешқашан
    Аналардың жүрегі
    * * *
    Айналайын, анашым,
    Жұмысына барасың.
    Қайтып мені көргенше
    Шын сағынып қаласың
    * * *
    Аналарды сүйеміз,
    Сөзін ойға түйеміз.
    Әжені де ардақтап,
    Әдеппен бас иеміз

    * * *
    Біз доспыз гүлдермен,
    Текке оны жұлмаймыз.
    Той күні бір — бірден
    Анаға сыйлаймыз.
    * * *
    Бойға қуат береді
    Әй, жарайсың дегені.
    Мен анамнан әр кезде
    Соны естігім келеді.
    * * *

  • ата-аналарға қажет сайт
    — Жасы жүзге келген қария өзінің туған күнін қалдырмай атап отырған. Сонда ол 25 рет қана атап өткен. Ол қай күні туған?

  • Туй ана жерде 2,3,4 сынып деп турды гой, бирак неге тек 2 сыныптыкы ғана

  • Ой кеширинеиздер мен дурыскпрамаппын
    Бул оте керемет сайт коп рахмет улкеналгысымызды билдиремин

  • өте балаға пайдалы есеп

  • өте жақсы

  • 7+7/7+7

  • бұрыннан білмеппін, кызықты екен

  • ӨТЕ ҚЫЗЫҚТЫ ЕКЕН

  • Өте қызықты кішкентай балаларға!

  • өте жақсы екен.

  • жаксы акпарат екен

  • Сайт өте жақсы екен. Рахмет!

  • керемет

  • света 4 жылда 1 рет тойлады

  • Еркетай

  • Кіру қиынғо таза…

  • логикалық тапсырмалар тамаша, бастауыш сынып үшін тиімді

  • Сұрақтары бәрі ұнады, тек жүктеу жағынан қиындық туып тұрғаны….

  • Қандай қиындық?

  • Тапсырмалар ұнады, жауаптарымен болса оданда күшті болар еді

  • Тапсырмаларыңыз ұнады, жауаппен болса жақсы болар еді.

  • логикалық есептер оқушының миын ширатады

  • ОЙЫН ЖАҚСЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫ

  • ТАМАША МАҒАН ҚАТТЫ ҰННАДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДД

  • көп коп рахмет))

  • рахмет

  • rahmet

  • өте керемет

  • Қыздарға арналған портфолио өте ұнады.

  • Логикалық есептер оқушыларға пайдасы өте көп.Мидың қызметін арттырады. Балалардың қызығушылығын жаксартады. Маған ұнады. Рахмет.

  • Сайтқа қалай кіремін

  • Салем! Сайтқа тіркелу формасы сайттың оң жақ төменгі бөлігінде орналасқан. Сол жерде көрсетілген «Тіркелу» сілтемесін басыңыз.

  • Есен 6 дәптер сатып алғысы келіп еді бірақ 40 теңгесі жетпей қалды сондықтан ол 5 дәптер сатып алды оның өзінде 50 теңгесі қалды? Бір дәптердің бағасы қанша?

  • логикалык сурак бир байдың 500койы бар,ал кедейдин 3 койы бар.байдын 500 койы кедейдин қорасына сыйады,ал кедейдин 3 койы байдын корасына сыймайды.неге

  • Рахмет. Өте пайдалы.

  • Рахмет пайдалы екен тек жүктей алмай отырмын

  • Маған қатты ұнады.Бұл жерден көптеген сабаққа керекті мәлімет алдым. Рахмет.

  • керемет

  • Маған ұнады

  • өте керемет

  • кеңестер көп екен

  • Менің жасымды табындаршы ен үлкен бір таңбалы санды үшке бөліп беске көбейтіп алтыны азайтсан оган одан үш азайтсан оған бір коссан менің жасым шығады менің жасы нешеде

  • оте жаксыыы

  • маган оте унады тапсырмалар окушылардын ойлау кабилетин арттыруга комеги зор

  • жаңағана көрнекілікке тапсырыс бердім неге келмей жатыр ?

  • Неге өтірік жазасыз «1000»деген санды жіберсеңіз болды сізге көрнекіліктер жіберіледі деп ойлайсыз ба? Алдымен қалай тапсырыс жасауға болатынын анықтап оқып шығыңыз. Тапсырыс жасау үшін ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНҒА ЖҮКТЕЙТІН 1000 АКТИВ КАРТАСЫНДАҒЫ КОДТТЫ ЖІБЕРУІҢІЗ КЕРЕК!!!

  • сайтқа қалай жазылам

  • Жауап керек 4 сыныптын 1 тасырма киын

  • Cәлеметсіздер , мен сіздердің логикалық тапсыраларыңызды оқушыларыма орындатсам деп отырмын

  • 2cыныпқа байланысты презентатцияларды алғым келеді

  • унады

  • өте жақсы

  • Сізге рахмет, балаларыма жақсы және қызықты тапсырмалар алдым деп ойлаймын. оларға ұнайды деген ойдамын

  • рахмет тапсырмалар керемет!

  • бұл сұрақтардын жауабы бар ма?

  • Автор осы күйінде жіберген.

  • сайт маған ұнады көп қажетті мағлұматтар бар екен.

  • Very good

  • норм

  • тапсырмаларыңыз өте жақсы екен

  • керемет

  • рахмет сабағыма пайдасы тиеді деп ойлаймын

  • Өте ұнады сабаққа пайдасы жақсы екен

  • өте ұнады

  • Бұл менің орысшадан аударған кітабымның бір үзіндісі ғана ғой, осы мақаланы Еркетайдан көрнекілік алу үшін мен салғанмын. /2,3,4 сыныптарға арналған./

  • Өте жақсы сайт. Маған ұнады рахмет

  • 1 деген цифрды 7 рет . 3 деген цифрды 6 рет пайдаланып 1000 санын шыгару керек . комектесиниздерши отиниш . матиматиктерге кулагына алтын сырга единицасын салып берем дурыс жауап берген адамга. коп рахмет.

  • Ені 2 метр ор қазылған. Ұзындығы 2 м екі тақтайды пайдаланып, одан қалай өтуге болады?
    Шығарып беріңіздерші?

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!