Бастаңғы

bastangi

Мақсаты: балаларды халқымыздың салт-дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз!

Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше сабақ болмақ, сабағымыздың тақырыбы: «Бастаңғы» деп аталады.
 -Балалар, бүгін мен сендерді бастаңғыға шақырамын.

Бастаңғы деген не?
Қазіргі ұмыт қалған дәстүріміздің бірі.Ертеде қыздар мен жігіттер әке-шешелері қыдырып кеткен кезде ауыл жастары жиналып, бастаңғы өткізеді екен. Бастаңғыда ән айтамыз, би билейміз, ойын ойнаймыз және қазақтың ұлттық тағамымен танысамыз. Ертеде біздің ата-әжелеріміз алтыбақан тепкен. Міне, мынау алтыбақан. Қазір бір бала, бір қыз бала отырады.
(Балаларды отырғызамыз.)

-Кәне балалар қандай өлең білесіңдер?
-Халық әні. «Угай-ай»әнін айтайық.

Енді мен жұмбақ жасырайын, сіздер шешуін тауып көріңдер. Дәмді — дәмді тағамдарды жинайды, Қонақтарды көңілдене сыйлайды.(Дастархан.)

-Міне, мынау дастархан. Дастархан үстінде тұрған тағамдарға қараңдаршы, білесіңдер ме?
-Кім атайды?
-Дастарханда тұрған тағамдар ірімшік және сарысу.

Енді жасалу жолдарын айтайын. Ірімшік сүттен жасалады. Әуелі сүтті айран құйып ірітеді, сарғайғанша қайнатады. Ірімшік әзір болғаннан кейін ыдысқа салып алады. Ал суына майлы сүт құйып қайнатады. Қоспаны сарғайып қоюланғанша қайнатады. Әбден қоюланғаннан кейін, ыдысқа салып алады. Енді ірімшікпен сарысудан ауыз тиейік.

Балалар, тағамның дәмі қандай екен?
— Ірімшік неден жасалады?
— Сарысу ше?

Сергіту сәті:
Керегені жазайық,
Шаңырақты құрайық.
Уық болып иіліп,
Киіз үйдей болайық.

Балалар, мынау не?
— Сүйек. Бұл малдың сүйегі. Қазір «Ақсүйек» ойынын ойнаймыз. Бұл ойынды бабаларымыз ай жарығы мен түнде ойнаған. Ал біз күндіз ойнап көрейік.(Ойынның шарты түсіндіріледі.)
Балалар, бәрің көздеріңді жұмыңдар мен сүйекті тығып қоямын, сүйекті тауып алған бала, ойынды жалғастырады.
Қорытынды: балалар, бүгін біз қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі «бастаңғы» рәсімімен таныстық және сендердің өнерлеріңді тамашаладық.Барлығың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет.

Пікірлер2
  1. Жанар

    Өте жақсы бастаңғы екен рахмет керегімізге жарап жатыр

  2. Ақерке

    Бастаңғы дегенді қазір көп жастар білмейді шыны керек. Іздеген адамға таптырмас материал!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ