Баланы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу үшін не істеу қажет?

Осы сұрақтың жауабын іздеп, табу мақсатымен, мен көптен бері теория, ғылымилық тұрғысынан сүйене отырып, балаларға зерттеу жүргізіп, ақыры өмірдегі жағдаяттармен мысал келтіре отырып, осы бір кеңестерді оқырмандарға, ата-аналарға, баршаңызға ұсынбақшымын, байқап көріңіз!Кәдеңізге жарасын!

Қай істегі сияқты бала тәрбиесінде де ештеңе өздігінен жүзеге аспайды. Жалпы, сындарлы азамат пен азаматша болып өсу үшін сәбиге соншалықты қамқорлық қажет. Әшейін қамқорлық емес, баланың әр қылығына мән беретін байқампаздық, қырағы мол қамқорлық қажет. Тәрбиешілер, ересектер, ата-аналар, жалпы көпшілігіміз мән беріп, көзге іле бермейтін төмендегідей өмір көріністерін алдыға тартады.

Бала өзімшіл, даңғой, суайт болуының себебі, оның алдын алу:

¨Бөбек күнінен басқа да жоқ қымбат киім кигізуге, қымбат ойыншық алып беруге ұмтылмаңыз.

¨Өзге баланың ойнап жүрген ойыншығын, «мағанда алып беріңдер!»- деп келгенде,ол баланың қолында жүрген ойыншықты өтірік жамандамау керек, яғни ересектер баланы алдауына болмайды. Бала сіздің өтірік жамандап тұрғаныңызды біліп, сәби санасында өзіңе ұнамайтын нәрсені жамандауға болады екен деген ұғым қалыптасады. Оданда шындықты айтып, «ойыншық алуға ақшамыз жетпейді» деген дұрыссырақ болар.

¨Кейде әр сөзге, тіптен әр іске мұқият болу да қажет, өйткені мұның өзі біз мәпелеп өсіріп отырған балаларымыз үшін  тәрбиелік үлгі-өнеге болады. Сіз балаңызға бойында жақсы қасиеттерін молайту үшін қолдан келгенінше аянбайтыныңыз анық. Мына бір өмірдегі жағдаятты мысалға алайық. Үйіңізде телефон шырылдады немесе үйге сіз қаламайтын бөтен адам есігіңізді қақты. Ал, сіз үйдегі бір адам арқылы «Мені жоқ  — деп айта сал!»-десеңіз, оны көріп, тыңдап отырған, сіз өтірік айтуға үйретпесеңізде көргенін орындайтын еш кінәсі жоқ бала үшін бұл іс-әрекетіңіз тәрбие барысында кері әсерін тигізбей қоймасы анық.

балаларды тәрбиелеу, тәрбие туралы, бала тәрбиесі, бала тәрбиесі туралы

¨Көптеген ата-ана баланы қатаң тәртіп, қытымыр мінезбен ойдағыдай өсіруге болады, — деп ойлайды. Бала ойнап жүріп, құлап қалса да, өзге бала жылатып кетсе де – тіл табыса аламаған, келісе алмаған өзің кінәлісің – ересек өз мазасын алмайтындай, шағымданбайтындай етіп айтады. Бұлай дербестікке тәрбиелеу дұрыс, алайда үнемі осылай жанашырлық танытпау жақсылық емес. Өйткені, өзі зәбір көргенде, ешкім аяушылық жасауды көрмегесін, тас бауырдың өзі болып шығады. Ал, мейірімді-қайырымды баланы өсіру үшін балаға үлгіні өзіңіз көрсетіңіз.

¨    Теледидарды көп көрсетпеу қажет, өйткені ондағы әрбір көрсетілім 3-4 сек. көрсететіндіктен, жыпылықтап, бала ойына ештеңе сақтай алмай қалады, сөйлеуді де тежейді.

Тағы да ұмыт қалдырған мысалдар бар шығар?! Дегенмен,осы мысалдардан ой түйіні, баланы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу үшін ата-аналар,жалпы ересектер әр тұсты, әр іс-әрекетті мән беретін байқампаздық, қырағылықты талап ететіндігін көреміз.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Галия Бултекова

    Өте жақсы мақала

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ