Балаларға арналған спорттық ойындар балабақшада

Балалардың денсаулығы- ұлт саулығы  (спорттық ойын-сауық)
Мақсаты: Бір ортақ мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке жаттықтыру. Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу. Күш қуат пен секіргіштікті дамыту.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, монтессори, дәстүрден тыс тәсілі.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, кішкене доптар, шелектер, күректер, әуе шарлары, кубиктер, таяқшалар, шығыршықтар, орамалдар, жіптер, гүлдер, көбелектер, қыстырғыштар, кедергілер,кеглилер.
Жүру барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар, апайлар, бүлдіршіндер! Бүгінгі өткелі тұрған «Баланың денсаулығы-ұлт саулығы» атты спорттық ойын-сауығымызға қош келдіңіздер! Ендеше спорттық ойын-сауығымызды бастамас бұрын әділ-қазы алқасын таныстырып өтейін:
1. Балабақша меңгерушісі: Каримова Гүлнар апай.
2. Балабақша медбикесі: Молдағалиева Нәсіп апай.
3. Балабақша психологы: Көбенғалиева Айба апай.
Ендігі кезекте ортаға сайысқа қатысушы «Күштілер» және «Шымырлар» топтарын шақырайық. Балалар залға бірінің артынан-бірі тізбектеліп қолдарына жалау ұстап кіреді. Енді мен спорттық ойын-сауықтың кезеңдерімен тансытырып өтейін:

balabaksha-sporttik-oin-sauik
1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны.
2. «Кім ұқыпты» ойыны.
3. «Түйілген орамал» ойыны.
4. «Күлімде, Күн» ойыны.
5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны.
— Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар.
Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. Ойын шарты: әуе шарларын қолымызға ұстап, кеглилердің арасымен өтіп, межені айналып, қайтарда жүгіп келу.
– Бәркелді балалар не деген шапшаңсыңдар.!
2-кезең. Келесі ойынымыз «Кім ұқыпты». Шартымен таныстырып өтейін: шығыршықтан секіріп, жерде жатқан көбелектерді жоғарыда тұрған гүлге оралған жіпке, аяқтың ұшы көтеріп, қолдарымызды созып қыстырғышты ашып ілу.
-Өте тамаша балалар!
3-ші кезең. «Түйілген орамал» ойыны. Ойын шарты: шығыршықтан ортасынан өтіп, отырғыштың үстінен түйілген орамалды алып келу.
Әділқазы алқасы әділ бағаларыңызды берсеңіздер!
4-ші кезең. Ойнайық та, ойлайықта ойнайық,
Күшімізді көрсетейік, сынайық –деп «Күлімде Күн» ойынын ойнайық. Шарты: Кубиктердің арасымен өтіп, шеңберге, шашылып жатқан таяқшалардан күн бейнесін құрастыру.
-Жарайсыңдар балалар қандай әдемі Күн!
5-кезең. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. Ойын шарты: мына қолымыздағы күрекке салынған допты жерге түсірмей шапшаң шелектің ішіне түсіреміз.
-Балалар сендер бүгінгі спорттық ойынға белсенді атсалыстыңдар.
Ендігі кезекті әділ-қазы алқасы сіздерге сөз берейін. Балалар жеңістерін құтты болсын. Әрқашан биіктерден көрне беріңдер.
Осымен «Балалардың денсаулығы- ұлт саулығы» атты спорттық ойын-сауығымыз тәмәмдалды. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын! Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Бахтыгуль

    Спорттық орынның түрлері ұнады.

  2. Айгерім

    Спорттық ойын түрлерін оте жаксы алган.балалардың жас ерекшелігіне сай.тамаша ойындар

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ