Танымдық-шығармашылық ойындарды қолдану әдістемесі

Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші алдында тұрған ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез кұлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау,сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек.

Балалардың таным мүшелерін және де шығармашылық қабілеттерін  дамыту мақсатында танымдық-шығармашылық ойындарколданудың маңызы зор.

Ойын дегенміз — жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытты пайдалану — үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын — тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдіке т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, eceйіп ecyiнe де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің eciгiн ашып, оның шығармашылық, қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады .

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен, табиғат пен таныстыруда танымдық-шығармашылық ойындар өте маңызды орын алады. Танымдық-шығармашылық ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың таным мүшелерін (есту, көру, ойлау, сөйлеу), сонымен бірге, шығармашылық қабілетін дамытуда таптырмас ойын болып табылады. Танымдық-шығармашылық ойындарды ойлап тауып, оны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде  тиімді пайдалану тәрбиешінің шеберлігіне байланысты. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде балаларды жан-жақты дамытуда қатып қалған әдіс-тәсіл жоқ.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыруда көбіне танымдық ойындар қолданылады. Танымдық ойындар баршамызға белгілі таным мүшелерін дамытуда, қоршаған ортаны, айналадағы дүниені таныстыруда мақсатты түрде пайдаланылады.

Танымдық шығармашылық ойындар балаларға қоршаған ортаның, табиғат құбылыстарының өзгерістерін, оның қалай пайда болатынын қызықты да естен шықпайтындай етіп қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға алғаш ойналған ойын керемет бір ғажап дүние сиақты болып көрінеді. Себебі бұл кездегі балалар өздері алғаш көрген жаңа дүниені,затты ешқашан ұмытпайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру барысында танымдық-шығармашылық ойындарды .

tanimdik-oyndarМектеп жасына дейінгі бала дүниетанымын дамытатын танымдық-шығармашылық ойындар жүйесі

Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын  танымдық ойындар мен шығармашылық ойындарды біріктіре отырып қалыптастыру тәрбиешінің біліміне, біліктілігіне, шығармашылық қабілетіне, креативтілігіне баланысты.

Жалпы танымдық ойындарға келетін болсақ, танымдық ойындар негізінен мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетінің дамуына үлкен кқмек көрсетеді. Танымдық ойындар көбіне қоршаған ортамен таныстыруда қолданылады. Танымдық ойындар  қоршаған дүниені тану, білу, түйсіну мен қабылдаудан басталады. Олардың даму деңгейі неғұрлым жоғары болағн сайын қоршаған болмысты тану соғұрлым мол болады.  «Алтын сақа», «Бәйге», «Тапқыр болсаң, талас жоқ», «Кім жылдам?» сынды түрлі зияткерлік ойындар бала қиялын дамытып, мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелес-тікке ұмтылуға, танымдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыруда танымдық шығармашылық өтілген тақырыптарды пысықтауға өте тиімді.

Мысалы, балаларды үй жануарлары мен таныстыруда төрт түлікке, жабайы аңдар, үй құстары және т.б. байланысты мынадай танымдық шығармашылық ойындарды қолда аламыз:

1. «Қайсы ненің даусы?»

Мақсаты:  баланың есту, зейіні, тез ойламу қабілеттерін дамыту.

Қажетті құралдар: магнитафон немесе теледидар, жан-жануарлардың  дауысы бар диск.

1)  Бұл ойында балаларға төрт түліктің даусы магнитафоннан немесе теледидардан естіледі. Балалар әр жануардың даусын естіп, оны ажырата бастайды.

2)  Дәл осылай жабайы аңдардың даусын ести отырып, олардыңда даусын ажырата алуы керек.

3)   Үй құстарының дауысын да ажыра алуы қажет.

4)   Табиғат құбылыстарының дауысын жарата білуі керек.

2. «Не екенін тап?»

Мақсаты: балалардың сипап сезу арқылы таным қабілеттерін дамыту.

Керекті құрал-жабдықтар: жеміс-жидектер, көкөністер.

Балалардың көздерін байлап, қолдорына жемістерді немесе көкөністерді ұстап, сипап сезу арқылы балалр қолында тұрған заттың атын айтады.

3. «Суреттерді дұрыс құрастыр» ойыны

Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Керекті құрал-жабдықтар: құстардың қиылған суреті

Балалардың алдына үй құстарының қиылған суреттері беріледі. Ол суретте құстың басы, денесі, қанаты және аяқтары бөлек-бөлек қиылған болады. Балаларға берілетін тапсырма суреттерді дұрыс жинастыру.

4. «Суреттің жұбын тап» танымдық ойыны.

Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын және тілін дамыту

Қажетті құралдар: Магниттік тақта, магниттер, 12 жұп суреттер: анар — алма, шәйнек — кесе, қораз — әтеш, аққу – шағала, шегіртке – құмырсқа,  күрек – тырма, қызғалдақ – раушан, ешкі – қой, қасқыр – аю, картоп – сәбіз, кітап – дәптер, қаламсап –қалам.

Психолог магниттік тақтаға ойынның суреттерін іледі. Суреттердің орналасуы: жоғарғы қатарына – фасоль, алма, шәйнек, қораз, аққу, құмырсқа, күрек, қызғалдақ, ешкі, қасқыр, кітап, сәбіздің суреттерін қояды. Төменгі жағына – горох, анар, кесе, әтеш, шағала, шегіртке, тырна, раушан, қой, картоп, дәптердің суреттерін қояды.

Балаларға жоғарғы қатардан сурет таңдап төменгі қатардан сол суреттің жұбын тауып топтастыру керек екенің түсіндіреді. Балалар кезекпен жұптарын тауып және неліктен олай ойлайтының айтады. Мысалы: фасоль суретіне мен горохтың суретін жұп қылып топтастырдым. Себебі екеуіде асқа жатады.
Психолог негізгі дұрыс жауапты алғанан соң, суреттің орның ауыстырып жұбтарын бірінің астына бірін қойып отырады. Содан соң балалардан қалған суреттердің жұбтары қандай болғанын еске түсірулерін сұрайды.

Суретке қарап сурет пен сөздерді байланыстыр

5. «Ауа,су және жарық» шығармашылық ойыны.

Мақсаты: Берілге суреттегі сурет пен сөздеді байланыстыра отырып, сөйлем құрастыру. Балаладың ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту.

Ерте,ерте, ертеде, осыдан көп жыл бұрын құстар шөлдеп, қаталапты,ағаштар қурап қалыпты, гүлдер солады. Шөлдеген құстар желден көмек сұрайды. Көмектесуге уәде берге жел күнге келеді. Күн көлдердің, көлшіктердің суын қыздыра бастады. Су тамшылары  буға айналып, аспанға көтерілді. Ол жерде тамшылар бір-бірімен қосылып, бұлтқа айналды. Жерге жаңбыр жауды. Жер рақаттана демалды. Жаңбыр суына шөлі қанған  өсімдіктер мен құстар қуанды.

6. «Кім  табады?» танымдық ойыны

Мақсаты:  балалардың  тез ойлау,  тілін дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Бұл ойында балаларға ұшатын құстар мен ұшпайтын құстарды ажырату қажет.

Қажетті құралдар: Магниттік тақта, магниттер, сонымен бірге құстардың суреттері: үкі, жапалақ, қарлығаш, қарға,  сауысқан, бүркіт,  бөдене, қырғауыл, түйеқұс, тауық, қораз, торғай, шымшық, қаз, үйрек, және т.б.

7. «Көбелектер әлемі» жаттығуы

Мақсаты:релаксация және қиялын дамыту.

Қажетті құралдар: МР3, баяу орындалатын музыка, кілемшелер (бала санына қарай)

Жаттығудың өтілу барысы:

Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ – қолдарын еркін созады.
Психолог арнайы релаксацияның әуенің қосып былай дейді: «Көздеріңді жұмып, менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жаймен демалыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күніңде шалғында жүргендерінді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден – гүлге ұшып жүргенің көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл – қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарың жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдерші! Сендердің қанаттарың төмен – жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқаның сезіңіңдер! Ауада баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп рахаттаныңдар! Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнен төмендегі жап-жасыл болып тұрған шалғынға зер салыңдар. Қараңдаршы, қандай жайқалып тұрған гүлдердің көптігін! Көздеріңмен ең әдемі гүлді тауып алып соған жақындай түсіңдер! Енді сендер өздеріңнің гүлдеріңнің иісің сездіңдер! Жайменен қалықтап осы гүлдің аңқыған исінің ортасыңа отырыңдар! Тағыда оның жұпар исімен демалыңдар.Енді көздеріңді ашыңдар! Балалар кезекпен өздеріңің сезімдері жайлы айтады.

8. «Суретті есіңе сақта» ойыны.

 

Мақсаты: көру есін және зейінің дамыту.

Қажетті құралдар: Ойын карточкалары бала санына қарай.

Ойынның өтілуі барысы:

Психолог әр балаға ойынға араналған карточкаларды таратады және зейін қойып назарларын аударуын сұрайды. 10 сек. соң карточканы аударып «суретте не орналасқан» деп сұрайды. Балалар кезекпен жауап беріп отырады. Кейін карточкаларды ауыстырады. Ойын осылай жалғаса береді.
Ескерту: Дұрыс жауапқа балаларға жұлдызша немесе фишка беріп отырады. Осылай жеңімпаз анықталады.

9. «Көкөністер» ойыны.

Мақсаты: Баланың сөздік қорын байыту, зейінің дамыту, өзара келісімге келуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Көкөністердің суреті бала санына қарай.
Ойынның өтілу барысы:

Психолог әрбір балаға көкөністің суреті бейнеленген карточкаларды таратады. Балалар шеңбер құрып тұрады да, әрқайсысы қолдарындағы қандай көкөніс екенін айтады. Содан соң психолог шеңбер ішіне кіріп қандайда бір көкөністің атауын атайды. Аталған көкөністің суреті бар бала шеңбер бойымен айнала қашады, ал жүргізуші баланы қуа жөңеледі. Ойыншы ұсталап қалмауы үшін балалардың қолындағы қандайда бір көкөністің атауын атауы қажет. Сол кезде кімнің қолындағы көкөністің атауы аталса сол ортаға шығып, қаша жөнеледі. Ал, 1 ойыншы көкөністің атауын атаған бойда орнына тұрады. Жүргізуші ұстап алам дегенше келесі көкөністің аты аталады. Ойын осылай жалғаса береді.

Ескерту: Алғашқы ойын кезінде психолог жүргізуші орнына ойнайды, кейінен жүргізушіні балалар арасынан таңдайды.

10.  «Түлкінің балалары мен бүркіт»

Мақсаты: зейінің, ерік жігерін дамыту.

Ойын барысы: Балалар 1,2 санау арқылы немесе өз еріктерімен түлкілер және бүркіттер болып екіге бөлінеді. Бүркіттер түлкілерді аңдып бір жерде жиналып отырады. Түлкілердің ішінен біреуі түлкі болып қалғандары түлкінің балалары болады. Түлкі ортаға тұрып қандайда бір қимылдар жасап, оны әртүрлі қылып өзгертіп жасай береді. Түлкінің балалары анасының жасағандарын қалмай қайталап жасап отыруы керек. Кім қимылдарды жасауға үлгірмей немесе жасай алмаса соны бүркіттер алып кетеді. Анасымен қалған түлкі баласа жеңімпаз болып саналады. Ойын жүргізушілері ауыстырылып 2-3 рет қайталанады .

Ескерту. Ойынды көңілді әуен қосып ойнаған жақсы.

Мектеп жасына дейінгі балалрдың танымдық шығармашылық қабілетін дамытуда қолданылатын тиімді әдістердің бірі – танымдық-шығармашылық ойындар болып табылады.

Танымдық-шығармашылық ойындар баланың дүниетанымын қалыптастыруда алатын орны маңызда да ерекше екені сөзсіз.

Себебі танымдық-шығармашылық ойындар баланы таным қабілеті арқылы табиғатты, қоршаған ортаны таныса, шығармашылық ойындар арқылы бала таныған заттарының қандай қызмет атқарып, қандай қасиетке ие екендерін айта білу, сөйлеу, сөзбен сөзді байланыстып сөйлеуге үйреніп дағдыланады.

Пікірлер18
  1. Гулнур

    керемет жазылған

  2. рахмет керекти акпарат

  3. Асылжан Бақытбек

    Жақсы жазылған

  4. Aknur

    Сәлеметсіздер ме?
    Мен осы сайтқа тіркелмекші едім, алайда тіркеле алмай жатырмын. Себебі астынғы бөлігінде тұрған код выражениедегі таңбаларды түсіну мүмкін емес. Мен қалай кіріп тіркелсем болады енді? Немесе басқа таңбалар қойсаңыздар екен. Рахмет!

  5. айгерім

    жаксы жазылган

  6. Алия

    жаксы ойындар

  7. Шолпан

    маган макала унады керемет жазылган

  8. Алида

    Күшті ойындар екен)))

  9. райгул

    жаксы ойын екен

  10. Акнур

    мақаланыз өте жақсы әрі түсінікті екен

  11. Материалдар ұнады әсіресе жас ұстаздарға берері мол,әріптестріме сайт туралы ақпарат беремін. Рахмет сіздерге!!!!!!

  12. айым

    жаксы

  13. azhara

    өте керекті матаериалдар

  14. Жанар

    Мақалаңыз керемет. Маған ұнады.

  15. тамина

    мақалалар қажетті және түсінікті

  16. Тоғжан

    мақалаңыз жаңадан бастап келе жатқан педагогтарға керек екен

  17. Алима

    мақала керемет маған ұнады

  18. Дана

    жақсы материал екен

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ