Балабақшада ойналатын ойындар

Балабақшада ойналатын ойындар баланың физикалық дамуы жағынан ғана емес, ой қиял ұшқырлығын, логикасын дамытады.

ойындар балабақшадаНенің дауысы?
Мақсаты: Жануарлар туралы білімдерін бекіту, жануарлардың дауысын ажыратуға үйрету.
Шарты: Бір бала шығып бір жануардың дауысын келтіреді, қалған балалар қай жануардың дауысы екенін ажыратады.

Қуыршақты киіндіру
Мақсаты: Киім атауларын есте сақтауға, жыл мезгіліне байланысты киінуге үйрету.
Шарты: Мұғалім балаларға қуыршақты киіндіріп, серуенге шығару керектігін айтады. Балалар кезекпен қуыршаққа керек киімдерді атайды.

Дәрігер
Мақсаты: Адамның дене мүшелерін дұрыс атауға үйрету. Мынау не? сұрағына жауап беру.
Шарты: Қуыршақдәрігер немесе баладәрігер балалармен амандасады да өолын, басын, құлағын және т. б. дене мүшелерін көрсетуге ұсынады.

Сенде не бар?
Мақсаты: Сұрақты түсініп затты дұрыс атап, жауап беруге үйрету.
Шарты: Мұғалім заттарды балаларға таратып беріп, сенде не бар? — деп сұрақ қояды, балалар жауап береді.

Баубақшада
Мақсаты: Көкөністер мен жемістерді дұрыс атауға, ажыратуға үйрету.
Шарты: Үстел үстінде баубақшаның суреті. Балаларда көкөністер мен жемістердің суреті. Мұғалімнің белгісі бойынша, балалар көкөністерді, жемістерді баубақшаға орналастырады.

Кім көп сөз айтады?
Мақсаты: Өткен сөздерді пысықтау, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: Мұғалім тақырыпты айтады, балалар сол тақырыпқа байланысты сөздерді айтады.
Мысалы: «Ойыншықтар». Балалар: доп, аю, қоян, зырылдауық т. б.

Бұл үйде кімдер тұрады?
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын арттыру, есте сақтау.
Шарты: Тәрбиеші үй терезесінен отбасы мүшелерінің суретін көрсетеді, балалар оларды атайды.

Балабақшаға арналған көптеген ойындар топтамасы.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Ардақ

    Өте жақсы ?керемет!

  2. ФАТИМА

    Керемет сайт, мағанда көмегі тиді, әсіресе жас ерекшеліктеріне қарай ойынды тез табасың, ракмет үлкен, әлі ле талай жаңа, қызықты мәліметтер, ойындар көбейе берсін!

  3. Камшат Шаяхметова Кенжеканкызы

    Маған «Балабақшада ойналатын ойындар» деген ойындар жинағы ұнады. Мен өзім тәрбиеші болып қызмет атқаратындықтан балалармен көп ойын түрлерін ойнаймыз. Кейде «қандай ойын ойнатамын» деп ойланып қалатын кездер де болады. Мына жерден ойын түрлерін тез табуға болады екен. Сайт жұмысына тек қана сәттілік тілеймін!Рахмет сіздерге!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ