Балабақша өз үйім

Тақырыбы: Сөздік ұлттық ойындар.

Мақсаты: Сәбилердің өз бақшасы туралы түсініктерін толықтары отырып, олардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, әңгімелеу, тақпақ айту арқылы ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсаты көзделген «Балабақша өз үйім» деген сабақта суреттер, ақ қағаз, желім көрнекілік ретінде пайдаланылады. Сабақ барысында сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру әдіс-тәсілдері қолданылады.

Тәрбие сағатының барысында балалар залға кіріп келген қонақтармен сәлемдесіп, шеңбер жасап тұрады да, бір-біріне: — аспанымыз ашық болсын, деніміз сау болсын, жақсы тәрбие алайық, қарнымыз тоқ, уайымымыз жоқ болсын, бақшамызда бала көп болсын – деген жылы лебіздерін білдіреді.

Тәрбиеші балаларға ризалық білдіріп, олардың назарын енді тақтадағы суретке аударады:

— Балалар, мына суреттен нені көріп тұрсындар?

— Ағаштар, оның сарғайған жапырақтары, балалар алма жинап жүр (әңгімелеу)

— Дұрыс айттыңдар, ал осы суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

— Күз мезгілі

— Ал күз мезгілі қай айдан басталады?

— Қырқүйек айынан басталады

— Ал тағы қандай айлары бар?

— Қазан айы

— Дүрыс. Одан кейін қандай ай туады?

— Қараша айы

— Сонымен күз мезгілінде неше ай бар екен?

— Үш ай бар – қырқүйек, қазан, қараша.

Тақырыбы: Сөздік ұлттық ойындар.Сабақтың барысы

Бірінші бала күз мезгілі туралы Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінен үзінді

жатқа айтады

Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан,

Білмеймін тоңғаныма, тоңғаныма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан

Екінші бала:

Алтын сары, қызыл көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырып.

Тәрбиеші: Өте жақсы, күз мезгілі жылдың ең бір жақсы көздерінің бірі. Себебі, күзде астық піседі, көкөністер, жемістер піседі, дихандар астық жинайды. (Балалар седепте тұрған көкөністер мен жемістерді бір-бірінен ажыратып бөлік-бөлік қояды).

Тәрбиеші бидайды көрсетіп, ол туралы балалардың не білетіндерін сұрайды.

Балалар бидай туралы, нан туралы білетіндерін баяндайды. (Суретпен жұмыс). Көктемде егін егеді, жаздай күтіп баптайды, күзде орып жинайды, қамбаға апарады, оны кептіреді, одан ұн жасайды, ұннан наубайханада нан пісіреді.

Тәрбиеші: — Осындай үлкен еңбекпен келген нанды жерге, аяқ астына тастауға бола ма?

— Әрине, жоқ.

— Нанды әруақытта қадірлеу керек.

1 – бала:

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

2 – бала:

Нанды басуға болмайды.

Мұнан соң балалар «Кім жылдам» ойынын ойнайды. Ойынның шарты бойынша балалар екіге бөлініп, картопты жинап жарысады, седепке тез жинап салған бала жеңіске жетеді.

Тәрбиеші: — Балалар, сендер барлық сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Соның бәрін қайдан үйреніп жұрсіндер?

— Балабақшада үйрендік.

— Балабақшада кім үйретеді?

— Тәрбиеші апайлар?

— Тағы кімдер жұмыс істейді?

— Меңгеруші, күтуші, аспазшы, дәрігер

— Бақша сендерге үнай ма?

— Ұнайды

Балалар бақша туралы тақпақтар айтады.

Балабақша есігін,

Үшке толып ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз.

Бұл екінші үйіміз,

Бір туғанбыз, бәріміз.

Біз осы үйдің гүліміз

Біз осы үйдің сәніміз.

Тәрбиеші: — Балалар, енді «Балдырғандар жырын» бәріміз қосылып айтайық. (Ән айтылады).

Тәрбиеші: — Балалар, әнді жақсы айттындар. Енді «Балабақша» деген сөзді буынға бөліп жазып көрейік деп Ба-ла-бақ-ша деп кеспе әріптермен жазып көрсетеді.

— Неше буын бар? (4 буын).

— Төрт санын кім көрсетеді?

Тілімізде төрт санына байланысты айтылатын біраз мағыналы сөздер бар.

Мәсілен, «Түн ұйқысын төрт бөлді», «Төрт түлігі сай», «төрт көзі түгел», «төрт бұрыш, төрт алма» деп айтылады. Бұдан кейін сандар жайында тура және кері санамақтар айтылады.

Тәрбиеші: Енді суретке қарап, ертегілердің аттарын айтып көрейік. (Суретпен жұмыс).

Балалар «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Мақта қыз бен мысық», «Кім күшті» ертегілерінің аттарын сурет бойынша айтып шығады. Мұнан соң, Ы. Алтынсариннің «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінен шағын қойылым көрсетіледі.

Тәрбиеші: — Міне, балалар, көрдіндер ме, бізде осылай еңбек туралы қандай мақал-мәтел білесіндер?

«Бейнет,

Бейнет түбі зейнет».

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

«Еңбек ер атындырады».

Балалар, еңбек бізді жақсы әдепке, өнегелі іске тәрбиелейді. Олай болса, жақсы және жаман істер бейнеленген мына суреттерге көңіл аударайық. (Суретпен жұмыс). Балалар сурет бойынша Құстарды атуға болмайды, құстың ұясын бұзба, көк шөпті жұлма деген сөздерді айтып, түйіндейді.

Тәрбиеші: — Балалар, сендер бақшадан көп нәрсе үйреніпсіңдер, бақшамыз тағы не үйретеді?

1 – бала: Үйретеді суретке.

2 – бала: Үйретеді білімге.

3 – бала: Үйретеді әдепке.

4 – бала: Таза болып жүруге.

5 – бала: Бір-бірімен сыйласты,

Тату жүрміз баршамыз.

Бал достық пен өнеге –

Біздің балабақшамыз.

Балалар балабақшаның суретін қағаз бетіне жапсырады. Тәрбиеші балалардың жұмысына мақтау айтып, жапсырылған суреттерін келген қонақтарға сыйлауды өтінеді.

Балалар өз суреттерін қонақтарға сыйлап, қоштасып тобына бет алады.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ