Бала тәрбиесі — баршаға ортақ

Жотаева  Назира Тулеубекқызы

«Айгөлек» бөбекжайының әдіскері.

Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан — жақты жетіліп, дамыған, парасатты азамат тәрбиелеп өсіру отбасының, балабақшаның, барша қауымның міндеті.
Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие  жүйесін қайта құрудың басты шарты  балабақшаға қолайлы жағдай жасау, тәрбие мәселесін жүйелі жүргізу, мекемелердің материалдық  техникалық базасын жақсартып, кадрлардың біліктілігін арттыру.  Қазіргі заманда жас- ұрпаққа саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды саласы болып табылады.   Қазақстан Республикасының  2015  жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі  тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Баланы тәрбиелеу, дамыту, білім беру мәселесінде  отбасы мен балабақша  ұжымының арасында өзара тығыз байланыс орнауы тиіс.

Тәрбие, Бала тәрбиесі, ұлттық тәрбие, жас ұрпақ

Ұрпағымызды  ұлттық  тәрбиеге баулып, бойына адамгершілікті, мәдениетті, инабаттылықты, өз ана тіліне деген құрметті сіңіре тәрбиелеу балабақшаның  міндеті. Ұлттық тәрбие кәусарынан нәр алған біздің балабақшада еңбек ететін тәрбиешілер тәрбиеленушілердің бойына адамгершілік пен  ізгілікті қалыптастырып, жүйелі жұмыс жүргізіп, ата- аналармен  тығыз байланыс нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуде. Балабақшаның әрбір күнін қызықты да тартымды, мағыналы өткізуді жоспарлап, ұжұмның ынтымағын жарастырып, баланың жан жақты білім, тәрбие алуына жағдай туғызып отырған іскер басшымыз Утепова Жамал Төрешқызы,  тәрбиешілеріміз  Жотаева Назира  және Бектурлина Динараның ұрпақ тәрбиесіндегі ізденісін айрықша айтқым келеді. Олар бүлдіршіндерге жүрек жылуын, мейірімі  мен шұғылалы шуағын аямайтын ізгі жандар.  Олай болса бүгінгі тәрбиеленуші еліміздің  ертеңгі тұтқасы десек, егеменді еліміздің болашағы, бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуде баршамыз тыңғылықты еңбек етуге тиіспіз. Біздің мақсатымыз  ХХІ  ғасыр талабына сай  білімді, жаңашыл, мәдениетті, жан- жақты жеке тұлға тәрбиелеу.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Кулшай Омарова Тыныштыққызы Тәрбиеші

    маған Туған күнінмен балақай мақала керек

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ