Б дыбысы мен әрпі


Erketai / Янв.9.2016. / Пікірлер жоқ

Сауат ашу.
Тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

  • Б дыбысы мен әрпінің жазылуымен таныстыру
  • Өткен әріптерді қайталай отырып есте сақтау қабілеттерін және сөздік қорларын дамыту қол икемдерін дамыту
  • Имандылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Суреттер карточкалар, Итерактивті тақталар.ойыншықтар.

Әдіс тәсілдер:Ойын сұрақ жауап, көрнекілік.жартылай ізденіс

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу шаттық шеңбері . Балалар шеңберге тұрып бір – біріне сәттілік тілейді.

Бір жылда неше мезгіл бар?
Қазір қай мезгіл?Алдымызда қай мезгіл келе жатыр?
(Дыбыс естіледі) бұл не дыбыс? Бізге қонаққа ертегідегі бауырсақ келіпті. Бауырсақ бізбен бірге сабақ оқимын дейді. :

 

Сабақ тақырыбы мен мақсаты мен таныстыру:
Бауырсаққа біз қандай дыбыстарды үйренгенімізді айту керекпіз.Ал бауырсақтың қаламсабы жоқ ол орманда жан – жануар мен табиғаттағы құбылыстарды біріктіріп жазады екен. Слайдтан;
қандай әріптерге ұқсайды мына суреттер бауырсақ таяқшалармен жазады екен.
Бауырсақ бізге мынандай жазулар әкеліпті (суретті ребустар) сендер оқи аласыңдар ма? Тас және бақа суреті.( Тасбақа), ай және гүл суреті, тай және лақ суреті(Айгүл, тайлақ) түйе құс,
Бауырсақ атасы мен апасы үйреткен мынандай тақпақтар айтқысы келіп тұр. Онда қандай дыбыстар көп естіледі екен тыңдайықшы.

б дыбысы мен әріпі

Тамызда туған торайды, Уайымдайды уалихан,
Түгін Тұрар тарайды . Усойқының уынан.
Тордағы тоты тақылдап, Уланбасын Уалихан,
Таң қалдырды талайды . Уатайық ұлумен .
Қандай дыбыстар көп естіліп тұр?
Балалар жауабы; Т және У дыбыстары.
Енді біз өзіміздің қандай әріптермен және дыбыстарды, үйренгенімізді бауырсаққа айтайықшы балалар.
Балалар жауабы.
Сонымен бірге, дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай.? Балалар жауабы.дыбысты естиміз ,айтамыз, әріпті жазамыз көреміз.

 

Дыбыстар неше түрге бөлінеді ? оларды қандай түспен бояймыз.?
Балалар жауабы.
Карточка: бес бұрыштағыәріптердің дауысты дыбыстыны қызыл , дауыссыз быстыны көкпен боя.
Сергіту сәті .орманда бауырсаққа ең бірінші кездескен кім?

 

Қоян
Ақ қоян ау, ақ қоян.
Орныңнан тұршы,
Бетіңді жушы,
Орманға барайық
Тамақтанып алайық.

 


Жаңа сабақ .Балалар енді бізге қонаққа келген бауырсақ қандай дыбыстан басталып тұр.балалар жауабы: Б дыбысы. Балалар мына суретте қараңдаршы не көріп отырсыңдар. (слайдтан суреттер),
«Б» әрпі есікпен ойнай берген соң бесікке бөлеп тастапты
Балалар жауабы. «Б»әрпін бесікке таңып тастадық дейді .Бесік деген не?- деп бауырсақ бізден сұрап тұр.
Қазақ халқы Бесікке бала бөлейді бесікте жатқан бала тыныш ұйықтайды.

Бесік деген сөзде бірінші қандай быбыс естіп тұрсыңдар?
Балалар жауабы: «Б» дыбысы
Бала деген сөзде ше?
Ендеше біз бүгін қандай әріппен танысады екенбіз.
«Б» дыбысы енді біз қолымызға айнаны алып айнаға қарап бдыбысын айтып көрейік. (айнамен б дыбысын айтып көру.)
Б дыбысын айтқан кезде кедергі бар ма?
дауысты ма дауыссыз ба?
Балалар жауабы:Дауыссыз , ерін кедергі жасайды .
Ойын: сөз ойла тез ойла. «Б»дыбысы бар сөздер ойлау. Қай топ жеңіп шықса сол қатар көп бал жинайды.
2топқа бөлініп жарысыды ойын «сөз ойла тез ойла» қай топ көп сөз ойлайды,
Б әрпі қалай жазылады екен әрпін бауырсақпен бірге жазып көрелік. Б әрпінің жазылуымен таныстыру.сергіту сәті.
Дәптер мен жұмыс.Б әрпі элеиенттерін жазғызып үйрету.
Бауырсаққа оқығанды үйретіп жіберейік.
Бес бұрыштағы буынды басқа буындарға қосып оқу.
ҚА

ЛА Ба ТА

НАН ҒА

 

Сабақты қорытындылау
Сонымен қандай әріппен дыбыс пен таныстық?
Балалар жауабы.
Слайдтан суреттер көрсету:Б дыбысы жоқ суреттерді тап.
Сол суретті сыз
Бауырсақпен қоштасайық. сендерге жұлдызшаларын берді?
Жұлдыздай жарқырап жүріңдер дейді.

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!