Аю қалай емделді?

Мақсаты: Балаңыз дәрігер атаулыдан қорқады. Ақ халат көрінсе-ақ, қалтырап-дірілдей бастайты. Аузына діре алмақ түгілі, қандай әрекетпен болса да ине салдыруға қарсы.Сол себепті балаларды екпе еккенде ертегі айтып түсіндіру. Қорқыныш сезімін жеңе білуге көмектесу.
Көрнекіліктер: аю, қасқыр, сиыр, жолбарыс, мысық, түлкі, үкі.
Барысы: Қайырлы күн, балалар! Қалайсыңдар? Қонайтармен амандасайық балалар? Бүгін ерекше күн, менімен оқу қызметіне дайынсыңдар ма?
Шаттық шеңберіне тұрайық.
Біздер жақсы баламыз,
Өсіп ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз
Сәлеметсіздер ме!
-Балалар мен кіммін?
-Дәрігер.
-Дәрігер не істей балалар?
-Дәрі береді. Егеді, емдейді.
Дәрігер туралы ертегі сабақҚане, балалар барлығымыз бірге менен, яғни дәрігерден ем алуға ешқандай қорықпаудың жолын қарастырайық.
Кім менімен ертегі еліне саяхатқа шығады?
Мен
Кім аю болады? Аягөз
Кім үкі болады? Ақнұр
Кім түлкі болады? Ербатыр
Сиыр- Асылай
Жолбырыс- Батыржан
Мысық- Нұрбақыт
Ерте, ертеде айдаладағы орманда бір аю өмір сүріпті. Оны орманда бүкіл аң атаулы жақсы көріпті. Ал, аю бүлдірген десе дүниені ұмытады екен. Орманның қай бұрышында қандай бүлдірген өсетінін жақсы біліпті.

Бір күні сол баяғы әдетімен аю ішінде серуендеп жүріпті.Әндетіп жүріп, үйінен алыстап кеткенін байқамай қалыпты. Ал қарсы алдында бір үлкен түп бүлдірген тамылжып тісіп тұр екен. Қызығып кеткен аю бүлдіргенді қарбыта жей бастайды. Тіпті таусылар емес. Жеп жатыр, жеп жатыр.

Әбден тойғасын,қараса, күн ұясына әлде қашан батып кеткен. Айнала қараңғы. Аюды ұйқы қысады да, ұйықтап кетеді. Бір мезгілдерде ұйқысынан оянып, қараса, бұтаның ең жоғарғы жағынан бір шоқ бүлдірген уылжып пісіп тұр екен. Аю олай қорбаңдайды, былай қорбаңдайды, қолы жетер емес. Ақыры бар салмағымен тағы бір қимылдап көреді.Жоқ. тіпті болмағасын бір бұтаны алып бүлдіргенді аузына сала бергенде табаны удай ашып кетеді.Тап біреу табанына біз ты,ып алған тәрізді. Отыра қалып табанын қараса ештеңе жоқ. Солай жайлап ақсаңдап басып аю үйіне келді.Үйіндегі дәрі салған қобдишаны қараса еш дәрі жоқ. Ақыры әрі ойланып, бері ойланып, дызылдаған табаны маза бермеген соң үкіге барады.Бір білсе үкі білер, немесе жағатын йоды болар – деп. Аюды асықпай тыңдап алған үкі: әМен саған көмектесе алмаймын, досым,-дейді. Өйткені менің қолымда дәрі жоқ, ал йод ол саған көмектеспейді. Әрі табаныңа кірген тікен тіптен кішкентай екен, менің қолыма ілігер емес. Сен одан да қасқырға бар. Өткен әзірде қасқырдың қақпанға түсіп қап, ақсаңдап жүргенін көргем. Қазір ештеңе болмағандай шауып жүр.»

Аю қорбаңдай басып, қарқырға келеді. Қасқар : «Мені Айболит дәрігер жазды» дейді қуана.
Ол кім?
Соны да білмейсің бе? Ол барлық орман аңдарын емдейтін дәрігер,- дейді қасқыр.
Ал, мені ше емдей ала ма?
Әрине. Жүр, кеттік.
Солай қасқыр аюды Айболит дәрігерге алып келеді.

Айболит дәрігер орман ортасындағы ашық алаңтайда үлкен бәйтеректің жанында отырады екен. Жанында қарақұрым аң. Сиыр да, жолбарыс та, түлкі де, мысық па.Бәрі кезекпен ем алып жатыр.Кезек аюға келді.
Саған не болды?-деп сұрады Айболит дәрігер.
Аю бәрін асықпай баяндап береді.
Аюдың табанынан жаймен қараған дәрігер оны егу керек екендігін айтады.

-Мен сені егемін. Аздап ауырады, бірақ кейін құлан- таза айығып кетесің.
Алдымен егемін де, солсын табаныңа кірген шөңгені алып тастаймын. Келісесің гой?
-Иә, дейді аю.
Дәрігер оны егеді де, арнайы құралдарының кқмегімен шөңгені алып тастайды. Сосын енді ауырмас үшін аюды тағы бір рет егеді.
Осыдан соң аю дәрігерге алғысын айтып, үйіне қайтады. Келесі күні ол Айболит дәрігерге себет толы бүлдірген алып береді.
Міне, осылай дәрігер аюға көмектеседі.
Балалар, дәрігерден қорқуға бола ма ?
-Жоқ.
Дәрігер ауырып тұрған балаларға емдеп көмектеседі, ауыруын басады. Үлкендерге де,б балаларға да, барлық науқас адамдарға көмектеседі.
Аюдың әрекеті дұрыс, дәрігерден қорықпай егіліп, жарасын емдетіп алды.
Балалар сендер де дәрігерден қорықпай дер кезінде емделсеңдер аурудан айығып кетесіңдер. Өскенде мен сияқты дәрігер болуларыңа да болады.
Енді меннен қорықпайсыңдар го?
Ия.
Жарайсыңдар, балалар! Аюдардың кейпін соңдаған балаларға көп рахмет, жақсы ойнап шықтыңдар. Бүгінгі оқу –қызметі сендерге ұнады ма?

Бүгінгі оқу-қызметі осымен аяқталды, қонақтармен қоштасайық.
Сау болыңыздар!

Пікірлер1
  1. Нағима

    Тәрбиелік мақсаты дұрыс қойылған. Балаларға дәрігерден қорықпау керектігін, олар бізді емдейтінін үйретіп жатыр

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ