Әуе шарларының саяхаты

Тақырыбы: «Әуе шарларының саяхаты»

Мақсаты: 1. Көру және есту арқылы қабылдауын дамыту.

2. Еске сақтауын және ойлау қабілетін дамыту

3.Ойлауын және сөздік қорын (сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін

дамыту)

4. Қиялды, елестете білуді жетілдіру.

5. Жалпы және кішкентай саусақ маторикаларын дамыту

6. Қошаған ортаны аялай білуге , мейрімділікке, кішпейілділікке және бір-бірімен жақсы қарым- қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Әр түрлі шарлар жәй карандаштар, тапсырма жазылған

қағаз,магнитофон, көңілді үнтаспа .

Барысы: Балалар залға келіп кіреді .Амандасады. Түрлі- түсті шарларды ұшып кіреді.

aue-sharlarinin-sayahatiПсихолог: Үрілген шарларды көрсетіп «Бұл шарлар жай шар емес сиқырлы шарлар. Ол көптеген планетаны шарлады. Әртүрлі елдерді аралап, қызықты тамаша оқиғалардың куәсі болды және көптеген достар тапты. Бүгін балалар шарлар біздің балабақшаға келіпті.

— Балалар шарларға қарайықшы.Қанша ,нешеу санау. Неше ер бала? Неше қыз бала? Санау.

— Бұл шарлар сиқырлы ғой елдерден жинаған ойын,тапсырмаларын алып келіпті».

Қане, балалар, біреуін таңдап ала қойыңдар.

1-шардағы тапсырма. Амандасу. Балалар үнді елінде балалар бір бірімен құлақ, мұрын арқылы амандасады екен. Қане бізде бір- бірімізбен солай амандасайық.

1.«Санды қалай көрдің, солай қой»

Жұмыстың барысы: Әр баланың алдында сандар, шаршы қағаз, төрт бөлікке бөлінген. Психолог тақтаға сандарды сондай төрт бөлікке бөлінген қағазға салады. Баланың көріп есте сақтауына 5-6 секунд береді. Сонан соң санды алып тастайды балалар санды қалай қойды солай орналастырады.

2. Ойын«Мұқият бол»

Ойынның барысы: Балалар шеңбер құрып дөңгеленіп тұрады. Ортаға бір жүргізушіні санамақ арқылы таңдап шығарады. Жүргізуші бір затты айтады да допты лақтырады, допты қағып алған бала сол затқа сәйкес затты тез айтып, жылдам жүргізушіге лақтырады. Ойын солай жалғасады.

3. Ойын: «Жұмбақ ойла»

Ойынның барысы: Столдың үстінде балаларға таныс ойыншықтар жатады. Психолог балаларға бір ойыншықты жұмбақтап айтады. Балалар қай ойыншықты айтып тұр соны табады. Жұмбақты шешкен бала жүргізуші болады, ойын солай жалғасады. Ойын барлық бала жүргізуі болғанша жалғасады.

4. Ойын : «Жаз және сыз»

Ойынның барысы: Әр баланың алдында столдың үстінде таза қағаз және жәй карандаш.

Психолог балаларға :

А) Үш үшбұрыш, бір дөңгелек, екі сопақша және төртінші денені сыз.

ә) Екі сопақша , бір тіктөртбұрыш, екі шаршы және үшінші денені сыз.

Б) Үш дөңгелек , үш сопақша, бір тік төрт бұрыш және үшінші денені

сызу.

5. Ойын: «Поезд»

Ойынның барысы: Бірінші тұрған бала паровоз ал, қалғандары вагондар . Паровоздың артынан балалар біріне соң бірі келіп тұра береді. Поезд айналып жүреді. Паровозшы бала өзінен кейін бірінші кім, екінші кім, үшінші кім соны айтып береді. Артына қарамайды.

6. Ойын: «шапалақты тыңда»

Ойынның барысы: Психолог балаларға қимыл қозғалыс арқылы желді, қарды ,жаңбырды салуын сұрайды. Өздеріне ұнаған қимылды еске сақтап бір шапалақ естігенде- жел, екі шапалақ естілгенде қарды, үш шапалақ естілгенде жаңбырды бейнелеуін сұрайды. Музыка қосылады, балалар билейді шапалақ естілгенде қанша естісе соған байланысты қимыл жасайды.

7. Суретті картинка арқылы әңгіме құрастыру.

Ойынның барысы: Балалар сурет бойынша әңіме құрастырып айтып береді. Жақсы әңгімелеп берген балаға фишка беру.

8. «Суретті жалғастыр »

Ойынның барысы: Балалардың алдында бітпеген суреттер жатады. Балалар соны жалғастырып салады. Суретті картина болып шығады. Сол картина бойынша әңгіме құрап айтып беруі керек.

Қорытынды бөлім: Психолог : Балалар қараңдаршы мына шар бәріненде өзгеше екен. Бұл күн елінен келіпті . Бізге күннің жылуын ала келіпті. Қане бәріміз күннің жылуын алайық. Енді осы отырған қонақтарға сол жылуымызды ыммен, қимыл арқылы сыйлайық.

Балалар бұл сиқырлы шарлар әлі де талай елдерге барады, ондағы балалармен кездеседі.

Енді қонақтармен қоштасайық. Қош сау болыңыздар!

Иманғалиева Раиса Саттибаевна. Ақтөбе қаласы. №13 «Бөбек» мектепке дейінгі ұйымы, психолог.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Эльвира

    Психолог маманның жұмысы өте керемет ұйымдастырылған екен.Баланы жан жақты шынықтырған.Баланың миыда,дене бітімі да,сөздік қорыда барлығы қамтылған.балалар ойын арқылы тапсырмаларды орындап,көздеген мақсатқа жеткен екен.Өте керемет .

  2. Мулдир

    Әуе шары калай ушады,кандай пайдасы бар кимдер ушырады деген сурактарды балалалар жиі кояды..сол сурактардын жауабы

  3. Балкен

    Рақмет сізге сабағыңыз жақсы тартымды.

  4. Инкар

    Осы сайттан алып,осы тақырыпты өткізгем.Балалар осы тақырыпта өте белсенді болды.Жақсы етіп қүрастырылған ,авторына рахмет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ