Ашық сабақ «Бөлме өсімдіктері»

Балабақша, ашық сабақ, тәрбиешілерге, балаларғаҰйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Айналамен танысу.
Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері.
Мақсаты: Бөлме өсімдіктер туралы түсінік беру. Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын , оларды баптап, күту ережелерімен таныстыру. Өсінді отырғызу жолын көрсетіп, табиғатты аялауға, сүюге үйрету.
Шаттық шеңбері: Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
Балалар отырады.

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер оның жауабын шешуге тырысыңдар. – Адамдардың бәрі қызығады, су құймасаң сәні бұзылады. Бұл не?
Балалар: — Гүл деп, жауабын тапты.

Тәрбиеші: Дұрыс. Жарайсыңдар, ендеше бүгін біз бөлме өсімдіктерімен таныс боламыз. Өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп көрік бере қоймай, бөлменің, үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады екен. Олардың көптеген түрлері болады. Енді балалар тақтаға назарымызды аударайық, міне, мынау раушан гүлі. Гүлінің түсі қызыл, хош иісті болып келеді екен. Раушан гүлі өте әдемі, бөлмемізді әдемі етіп тұрады.

Ал мынау, алоэ өсімдігі. Жапырақтары тікенді болып келген, бірақ тікені қолымызға кірмейді. Алоэның емдік қасиеті бар, дәрі-дәрмек. Егерде, жүгіріп бара жатып, жарақат алған жағдайда осы алоэ кескінін кесіп алып, жарақат алған жерге тигізіп бір-аз уақыт ұстап тұрсақ жазылады екен. Міне, өсімдіктердің осындай адамға деген пайдасы бар екен. Енді, гүлдің сырт келбетімен танысайық. Тамыры – сабағы – жапырағы – гүлі. Балалар, ендеше осы айтып отырған гүлдеріміз біздің бөлмемізде бар ма? Мұқият қарайықшы, кім көріп тұр?

Балалар: — Табиғат бұрышында деп, және раушан,алоэ өсімдіктерді тауып көрсетті.
Осы мезетте Карлсон ұшып келеді. Үнтаспаға жазылған ұшақ дыбысы жіберіледі.
Карлсон: Саламатсыздарма балалар. Үйіме, үйдің шатырына ұшып бара жатып(қолмен жоғары жаққа көрсетеді), сендердің терезелеріңнен өте әдемі бөлме өсімдіктерін көріп, жақынырақ көруге келдім. Мен де үйіме гүл өсіргім келеді, бірақ мен күту, баптау ережелерін білмеймін.
Тәрбиеші: — Карлсон, сен мұңайма. Балалармен бірге отырып көріп,үйренуіңе болады.

Балалар әуелі Карлсонға гүл туралы тақпақтарымызды айтып берейік.
Мұстафа: Қызыл – жасыл гүл егіп,
Баптап, күттік, түрлеттік,
Қалмасын деп қуарып,
Апта сайын суардық.
Аделя: Арасында гүлдің,
Ойнап бүгін жүрдім
Қызыл, көкшіл, сары
Әп- әдемі бәрі.
Раушан: Үйде тұрып өсетін,
Әкеп гүлдің көшетін
Топырақты салдым да,
Отырғыздым қалбырға.
Карлсон: Жарайсыңдар балалар.

Тәрбиеші: Енді Карлсонға өсінді отырғызу жолын көрсетейік. Балалар, жақсы көріну үшін қасыма, үстелге жақынырақ тұрыңдар.
Практикалық әрекет: Гүл отырғызу үшін ең әуелі бізге ыдыс қажет. Ыдысты алып, ішіне жай даладағы топырақ емес, құнарлы топырақ саламыз, жақсы өсу үшін. Содан соң, топырақ ортасына құдықша жасап, гүл өсіндісін отырғызамыз (тамырын көрсету). Енді, осы гүлімізді табиғат бұрышына қояйық. Балаларға сұрақ: Балалар, гүл отырғызып, тек осылай қоямыз ба екен?
Рамазан: -Жоқ, гүлге су құю керек.
Тәрбиеші: — Дұрыс айтасың, балалар егерде біз тамақ ішпесек не болады екен бізге?
Ақтоты: -Ауырып қаламыз.
Тәрбиеші: Әлсізденеміз, ауырып қаламыз екен. Ал, егерде тамак ішсек, күшіміз көп болады, бойымыз өседі. Сол сияқты өсімдіктер адам сияқты тамақ ішпесе, ауырып қалады. Су құйып, күтіп,баптап тұру қажет екен.

Күту ережелері:
Гүлдердің жапырақтарының шаңын сулы мақтамен сүртеді (Мәдина сүртеді).
Жапырақтары ұсақ өсімдіктерді су шашатын ыдыспен бүркеп-шашып жуамыз( Мұстафа шашып жуады).
Суды жапырақтарына тигізбей топырағына құяды(Ердәулет құяды).
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, бәрін көріп, ұғып алған екенсіңдер.
Карлсон: Балалар, мен сендермен бір сергіп алғым келіп тұр.( Балалар тұрады)
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам,
Қанатты бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.

Тәрбиеші: Жарайды, орындарымызға отырайық. Бүгінгі сабақ ұнадыма?
— Біз қандай бөлме өсімдіктерімен таныстық?
Балалар: — Раушан, алоэ өсімдігімен
Тәрбиеші: — Гүлдің сырт келбеті қандай?
Ару: — Тамыры – сабағы – жапырағы – гүлі болады.
Тәрбиеші: — Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар?
Аделя: — Бізге қуаныш сыйлайды.
Әділбек: — Дәрі – дәрмек.
Раушан: — Бөлменің ауасын тазартады.
Тәрбиеші: — балалар, жаңағы отырғызған гүлімізді Карлсонға сыйлайық. Келісесіңдерме?
Балалар: — Ия.

Карлсон: — Рахмет, балалар, сендер әдепті, білімді екенсіңдер. Бөлме өсімдік туралы көп мағлұмат алдым, енді менде гүлдерімді күтіп, баптап тұрамын. Сау болыңдар!!! (ұшып кетеді).
Балалар: — Сауболыңыз!!!

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер23
  1. Аягоз

    Сабақ жоспары жақсы, балаларға түсінікті

  2. Сәуле

    Оқу қызметі балалар үшін қызықты етіп құрылған

  3. Асел

    Сабақ жоспары жас ерекшелігіне сай болды, тамаша

  4. Гульбарам

    Сіздің сабағыңыздың жоспары, маған ұнады. Маған осы тақырыпқа сабақ керек болып еді. Тамаша болды. Рахмет, сіздерге.

  5. Данагуль

    Өте жақсы жазылған сабақ жоспары екен

  6. Гүлдана

    Бөлме өсімдіктері ерекше сəн бередіғой қашанда?

  7. Фатима

    бөлме өсімдіктерінің маңыздылығы жайлы өте жақсы түсінік береді. әсіресе алоэ гүлі жайлы берілген мәліметтер тамаша екен.

  8. Актоты

    Ашық сабақ жақсы ұйымдастырылған. Балаларға әсіресе бөлме гүлін қалай күтіп баптау керектігі айтылып кеткен. Сонымен қатар гүлді қалай ыдысқа отырғызатынын тәжірбие жасатып көрсеткені ұтымды шыққан. Маған ұнады.

  9. гульжан

    жақсы

  10. Жаке

    керемет

  11. aisulu

    өте жақсы материал. іздегенімді дәл таптым. РАХМЕТ…

  12. Мадина

    рахмет

  13. Рахмет! осындай материал жүктегенізге!!!

  14. мадина

    өте жақсы

  15. Аягоз

    жақсы

  16. асель

    Жаксы

  17. Акнур

    Өте тамаша!!Рахмет!

  18. Сымбат

    осындай ашық сабактар коп болсын

  19. Сымбат

    тамаша

  20. асем

    super

  21. асем

    ашық сабақ өте жақсы жазылған

  22. асем

    керемет өте

  23. асем

    керемет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ