Ашық сабақ «Бөлме өсімдіктері»

Балабақша, ашық сабақ, тәрбиешілерге, балаларға

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Айналамен танысу.
Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері.
Мақсаты: Бөлме өсімдіктер туралы түсінік беру. Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын , оларды баптап, күту ережелерімен таныстыру. Өсінді отырғызу жолын көрсетіп, табиғатты аялауға, сүюге үйрету.
Шаттық шеңбері: Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
Балалар отырады.

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер оның жауабын шешуге тырысыңдар. – Адамдардың бәрі қызығады, су құймасаң сәні бұзылады. Бұл не?
Балалар: — Гүл деп, жауабын тапты.

Тәрбиеші: Дұрыс. Жарайсыңдар, ендеше бүгін біз бөлме өсімдіктерімен таныс боламыз. Өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп көрік бере қоймай, бөлменің, үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады екен. Олардың көптеген түрлері болады. Енді балалар тақтаға назарымызды аударайық, міне, мынау раушан гүлі. Гүлінің түсі қызыл, хош иісті болып келеді екен. Раушан гүлі өте әдемі, бөлмемізді әдемі етіп тұрады.

Ал мынау, алоэ өсімдігі. Жапырақтары тікенді болып келген, бірақ тікені қолымызға кірмейді. Алоэның емдік қасиеті бар, дәрі-дәрмек. Егерде, жүгіріп бара жатып, жарақат алған жағдайда осы алоэ кескінін кесіп алып, жарақат алған жерге тигізіп бір-аз уақыт ұстап тұрсақ жазылады екен. Міне, өсімдіктердің осындай адамға деген пайдасы бар екен. Енді, гүлдің сырт келбетімен танысайық. Тамыры – сабағы – жапырағы – гүлі. Балалар, ендеше осы айтып отырған гүлдеріміз біздің бөлмемізде бар ма? Мұқият қарайықшы, кім көріп тұр?

Балалар: — Табиғат бұрышында деп, және раушан,алоэ өсімдіктерді тауып көрсетті.
Осы мезетте Карлсон ұшып келеді. Үнтаспаға жазылған ұшақ дыбысы жіберіледі.
Карлсон: Саламатсыздарма балалар. Үйіме, үйдің шатырына ұшып бара жатып(қолмен жоғары жаққа көрсетеді), сендердің терезелеріңнен өте әдемі бөлме өсімдіктерін көріп, жақынырақ көруге келдім. Мен де үйіме гүл өсіргім келеді, бірақ мен күту, баптау ережелерін білмеймін.
Тәрбиеші: — Карлсон, сен мұңайма. Балалармен бірге отырып көріп,үйренуіңе болады.

Erketai / Сен.4.2013. / комментариев 15

комментариев 15 Пікір қосу

  • керемет

  • керемет өте

  • ашық сабақ өте жақсы жазылған

  • super

  • тамаша

  • осындай ашық сабактар коп болсын

  • Өте тамаша!!Рахмет!

  • Жаксы

  • жақсы

  • өте жақсы

  • Рахмет! осындай материал жүктегенізге!!!

  • рахмет

  • өте жақсы материал. іздегенімді дәл таптым. РАХМЕТ…

  • керемет

  • жақсы

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!