Әр түсті дөңгелектер

Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімдері: Сурет салу
Тақырыбы: Әр түсті дөңгелектер

Мақсаты: Балаларға дөңгелек формаларын бір жолда салдыру. Балаларды қарындаш ұстауға үйрету, қағазға дөңгелектерді салу. Таныс түстерді бекіту.
Билингвалды компонент дөңгелек-круг, Қызыл — красный, Көк — синий
Сары — желтый, Жасыл — зеленый
Көрнекіліктер: суреттер
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Күндей күлімдеп,

Айдай арайлап.

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөп-мөлдір көңіл күймен.

Бүгінгі күнді бастайық!
-Балалар қазір біз түрлі-түсті дөңгелектер әлемге саяхат жасаймыз!
Балалар бір –біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Балалар қуанады
ar-turli-dongelekterҰйымдастырушылық ізденіс Ал балалар дөңгелектер әлеміне дейін автобуспен барайық.
-Ой балалар қараңдаршы қандай керемет! Не көріп тұрсыңдар балалар?
Ой жарайсындар!
Қызыл, жасыл сары, көк балалар пішіні қандай?
Қызыл-красный, көк-синий, сары-желтый , жасыл –зеленый.

Дөңгелек елінің ханшайымы
-Сәлеметсіңдерме балалар! Мен дөңгелек елінің ханшайымымын!
Сендердің келгендерің қандай жақсы болды. Сендерді көріп бір қуанып қалдым. Сендерге дөңгелектер елінен мына сандықшаны сыйға тартамын.
Рахмет сізге Дөңгелек елінің ханымы. Балалар енді ханыммен қоштасып өз тобымызға қайтайық.
Балалар мына сандықшада не бар екен ашып көремізбе?

Балалар қараңдарсай сендерге дөңгелек елінің ханымы әр түсті дөгелектер беріп жіберіпті. Енді осы дөңгелектерді бастырып бояуымыз керек.
Сергіту сәті
Бала — бала балақан
Қане көрсет алақан
Саусақтарым айбат
Былай – былай ойнады

Балалар таңдана қарайды
Балалар дөңгелектер елінің ханымымен қоштасады
Балалар суретті бояды.
Балалардың қимылы
Рефлексивті – реттеушілік

Қане, балалар шеңберге тұрайықшы

Балалар бүгін біз сары, жасыл, көк, қызыл түстерімен таныстық, енді сендер осы түстердің өз – түстеріне қарай мына «сыйқырлы» қолшатырға кір қыстырғышпен қыстырыңдар апарып іліңдер
Балалар бүгін қандай жұмыс жасадық?
Қандай түстер үйрендік?
Жарайсыңдар балалар!
Мадақтау. «Сыйқырлы қолшатырға» өз қолдарындағы түстерін сәкестендіріп қыстырады
Дөңгелектер салдық
Сары, көк, қызыл, жасыл

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Түстерді, дөңгелектерді
Түсінеді: әр түрлі дөңгелектерді
Қолданады: 4 түстерді топтастыруға үйренеді

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ