«Ана – Ән, Бала- оның қайырмасы» мерекелік сайыс

Армысыздар, ардақты да аяулы аналар, сымбатты қыздар!

Міне,жыл аралатып  көктемнің алғашқы күндерімен келетін

Халықаралық әйелдер  күні де келіп жетті.

8-наурыз  1908 жылы 8 наурызда  өздерінің ауыр жағдайына

төзе алмаған  Нью-Йорктың еңбекші әйелдері демонстрацияға шықты.

Осы оқиғаны  есте қалдыру үшін 1910 жылы Данияның астанасы

Копенгагенде болған,ІІ Халықаралақ Конференцияда  Клара Цеткиннің

ұсынысы бойынаша, 8- наурыз – Әйелдер күні деп белгіленді.Осы

жылдан бастап,8- наурыз мерекесі үзбей тойланып келеді.

 

8 наурыз сценарий, 8 наурыз мерекесіне арналған, Халықаралық әйелдер күні, тәрбие сағаты балабақшадаОсы  мерекеге орай өзіміздің бақшамызда «Ана – ән,бала – оның қайырмасы»

атты мерекелік сайыс өтпекші.Сайысқа 6 топтың ата –аналары,

балаларымен жарысқа түседі.

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар

Алдарыңда жауқазындай  құлпырған

Алаңсыз да балғын шақты балалар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,- деп ортаға сайысқа

қатысушыларымызды  шақырамыз.

1.«Бәйшешек»:Нұрханова Дана және оның қызы Байбосынова Алуа.

2. «Еркемай»: Тойғанбаева Құралай және қызы Қастеева Зере.

3. «Бал-бала»:Момышова Асел және баласы   Ақылбек Дәнеш.

4. «бал –бала» Бурасан Дәметкен және Бурасан Айсұлтан

6.  «. Айгөлек»: Жүкенова Аягүл және Балағазиева Асел.

5. «Тұлпар»  Рысқұлова Гүлжазира және Маткәрім Нұртілек.

Енді,жарысымызды бастамас бұрын әділ тура

бағасын беретін қазылар алқасын сайлап алайық.

1.Бейсебекова Гулайым Жұмабаева

2.Абдрахманова Гульмира Хамзақызы

3.Жанат Ниязбекова

4.Тлеубаева Индира Арыстанбекова

5.Суйналиев Арон  Тимирболатович

6.Алтынбекова Диана Болатовна

7.Момышова Асел Дамиятовна

Жеребе тастау

1.Таныстыру

2.Музыкалық сәлем

3.Қол өнер

4.Сұрақ – жауап

5.дәм-думан.Ас мәзірі

Гүл көңілің қуаныштан өрілді

Жанарыңнан жалын нұры төгілді

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен

Көпшілікке таныстыршы тобыңды – дей келе

І сайысымыз топтардың өздерін таныстыруы.

1.«Бәйшешек»:Нұрханова Дана және оның қызы Байбосынова Алуа.

2. «Еркемай»: Тойғанбаева Құралай және қызы Қастеева Зере.

3. «Бал-бала»:Момышова Асел және баласы   Ақылбек Дәнеш.

4. «бал –бала» Бурасан Дәметкен және Бурасан Айсұлтан

6.  «. Айгөлек»: Жүкенова Аягүл және Балағазиева Асел.

5. «Тұлпар»  Рысқұлова Гүлжазира және Маткәрім Нұртілек.

Енді, сайысымыздың әділ бағасын берулеріңізді сұраймын.

Ана – деген адамзаттың данасы

Ана – деген сәбилердің панасы

Ана – деген жарық жұлдыз шырағың

Ана – деген қайнар ыстық бұлағың

Ана – деген өмірдегі қамқорың

Ана – деген  сүйенерің жан құрбым, — деп аналарымызға арналған әуезді әнімен, бақшамыздың үлгілі тәрбиешілерінің бірі Қалиева Айгүлдің орындауында «Ана жыры» әнін қабыл алыңыздар.

ІІ тур .Музыкалық сәлем

Топтардың музыкалық сәлемін тамашалайық.

1.«Бәйшешек»:Нұрханова Дана және оның қызы Байбосынова Алуа.

2. «Еркемай»: Тойғанбаева Құралай және қызы Қастеева Зере.

3. «Бал-бала»:Момышова Асел және баласы   Ақылбек Дәнеш.

4. «бал –бала» Бурасан Дәметкен және Бурасан Айсұлтан

6.  «. Айгөлек»: Жүкенова Аягүл және Балағазиева Асел.

5. «Тұлпар»  Рысқұлова Гүлжазира және Маткәрім Нұртілек.

Әділ қазылардан музыкалық сәлемнің бағасын сұраймыз.

Көңілімізді бір көтеріп әуезді ән тыңдап едік,

енді бақшамыздың өнерлі қыздарының

көрінісін тамашалаңыздар.

Көрініс: ГАЙ

ІІІ.тур Қол өнер.Үй тапсырмасы.

Балабақшамызға ескерткіш ретінде, яғни қолдан жасалған дүние болуы шарт.

1.«Бәйшешек»:Нұрханова Дана және оның қызы Байбосынова Алуа.

2. «Еркемай»: Тойғанбаева Құралай және қызы Қастеева Зере.

3. «Бал-бала»:Момышова Асел және баласы   Ақылбек Дәнеш.

4. «бал –бала» Бурасан Дәметкен және Бурасан Айсұлтан

6.  «. Айгөлек»: Жүкенова Аягүл және Балағазиева Асел.

5. «Тұлпар»  Рысқұлова Гүлжазира және Маткәрім Нұртілек.

Қол өнер сайысының  бағасын әділ – қазылардан

алқасынан сұраймыз.

Даусың қандай  сырлы еді

Табиғатты тыңдатқан

Көркің қандай  нұрлы еді

Таң шолпанмен астасқан

Өнеріңді, кәне бүгін көрсетші

Мына жұртқа, қошеметпен қол соққан, деп –

Айша  қыздарыңыздың әнін  тамашалаңыздар.

4.Тур. Салт – дәстүрге байланысты сұрақ-жауап.

Мына қоржында сұрақтар көп сол сұрақтың жауабын

табуыңыз керек.ойлануға екі минут уақыт беріледі.

1.«Бәйшешек»:Нұрханова Дана және оның қызы Байбосынова Алуа.

2. «Еркемай»: Тойғанбаева Құралай және қызы Қастеева Зере.

3. «Бал-бала»:Момышова Асел және баласы   Ақылбек Дәнеш.

4. «бал –бала» Бурасан Дәметкен және Бурасан Айсұлтан

6.  «. Айгөлек»: Жүкенова Аягүл және Балағазиева Асел.

5. «Тұлпар»  Рысқұлова Гүлжазира және Маткәрім Нұртілек.

Сұрақ – жауаптың бағаларын сұраймыз.

Бабамыздың жырысың сен домбыра

Анамыздың сырысың сен домбыра

Қазағымның жүрегінен жаралған

Даламыздың үнісің сен домбыра!- дей келе

балабақшамыздың  алғаш түлектері « ——————— »

тобының қаздарының «Домбыра» биін тамашалаңыздар.

5.тур. «Ас-адамның арқауы» дәм-думан

 Қазыларалқасының алдында қолдарынан келген ас мәзірін жасайды.

(барлығы бір уақытта бастайды.)Сіздерге 7 минут уақыт беріледі.Ал,іске сәт.

Осы кезде көздеріңіз қатысушыларда, құлақтарыңыз әнде болсын.

«Құлақтан кіріп бойды алар

Тәтті ән мен жақсы күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй» — деп Абай атамыз айтқандай

Бақшамыздың әнші қызы Аяулым қыздарыңыздың

әнін қабыл алыңыздар.

Ас мәзірінің Әділ- қазылардан бағасын сұрау.

Енді сіздер қорытынды бағаны есептегенше,

Ән:

Сөз кезегін әділ – қазылар алқасына  береміз.

Қатысушыларға номинация бойынша алғыс хат беріледі.

Осы жарысқа  уақыттарыңызды қиып, балаларыңызбен

біздің бақшамызға келіп жарысқа қатысқандарыңызға

мың алғыс.Намысқа тырысып,жеңуге деген

ұмтылыстарыңыздан еш уақытта қайтпаңыздар.

Адам барма ана сүтін татпаған

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған

Адалдықтың ар намысын сақтаған

Мен анамның сонысына мақтанам,- деп

 бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.Сіздерге зор денсаулық,

отбастарыңызға бірлік пен татулық тілейміз.

Балабақша ұжымының атынан сіздерге көп рахмет.

Мақала авторы: Шаханова Назерке

Пікірлер15
  1. Риза

    Ата-аналармен тығыз байланыс жасап,осындай игі іс шаралар ұйымдастырсақ нұр үстіне нұр болады.Маған ұнады.рахмет!

  2. Таймасова Рахила Жарасқызы

    Қатты ұнады

  3. Инкар

    Тамаша,өте керемет десе де болады. Рахмет сіздерге!!

  4. лаура

    Ата анмен трейнингке жаксы екен. суреттері болса жаксы болар еді.

  5. Мулдир

    Ана мен баланың арасындагы бацланысты ынтымакты ету ушін осындай ауенді жарыстар еоп уйымдастырвлса бала онерге бецім болвп оседи

  6. Бибігүл

    Бұл «Еркетай» сайтындағы балаларға арналған дүниелер маған ұнады. Еңбектеріңізге еселі табыс, шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін дегім келеді. Көп рахмет сіздерге!!!

  7. Асем

    Жоспары жүрсі бәрі жақсы маған ұнады алдағы уақытта қолданатын!

  8. Маржан

    өте керемет ауқымды ашық сабақ жариялағандарыңызға Рахмет

  9. Маржан

    Өте керемет және ауқымды ашық сабақ, қатты ұнады

  10. Айгерим

    мақала өте керемет, катты унады

  11. Айгерим

    мени сайтка кабылданыздарш

  12. Nurlygul

    salemetsizderma men saitka tirkele almai jurmin kanwa jazsamda tirkele almadm

    1. Erketai (автор)

      Логиніңізді латын әріптерімен жазыңыз.

  13. Назерке

    cәлеметсіздер ме? мені мазалап жүрген сұрақ бар еді.Ол біз осы «Еркетай» сайтына мақалаларымызды жариялап жүрміз.Осы мақалдардың осы сайтта жарияланғаны туралы қалай дәлелдейміз.Яғни, біз аттестациядан өткенде бізге бұл керек қой.Ал осыны қалай дәлелдеуге болады.Осыған жауап жазсаңыздар.

    1. Erketai (автор)

      Салем! Сайттың мына бетінде барлық ақпарат берілген

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ