Алғашқы менің сүйікті «Ұстазым»

Ұстаздық қызмет, үлкен міндет.«Ұстаз»-Құдіретті де, мәртебелі сөз.» Ұстаз» болу үшін- қайырымдылық пен батылдық іскерлік қажет. «Ұстаз» деген осы бір бес әріптің әрқайсысында өзіндік бір мағына бар. Ұлағатты,сабырлы,тәрбиелі,адамгершілікті,заңды білетін адам.Мектеп табалдырығын аттап, жәутеңдеп келген жас бүлдіршіндер алтын ұя мектептен білім аламыз деп асығып келеді. Сол сәттен бастап Ұстаз балалардың жарқын болашағына нұрлы қадам жасап, барлық жауапкершілікті өз мойына алады. Балаға саналы тәрбие мен сапалы білім беру Ұстаздың міндеті деп санаймын. Сол сияқты менің алғашқы ардақты

Ұстазым Кожахметова Сұлушаш Шұғайқызы өзінің қажырлы да сапалы еңбегімен Ұлағатты ұстаз атанып,құрметті зейнетке шықты. Мен алғаш рет мектепке келгенде, қолымнан жетектеп сыныпқа әкеліп партаға отырғызып,біздің білім алатын ордамыз- мектеп екенін түсіндіріп, мектеп ережесімен таныстырып, мектеп ішін аралатып, таныстырып көрсетті.Енді оқушы болдыңдар деген сәттен бастап мен өзімді жаңаша бір өмір бастағандай сезіндім.

Сұлушаш Шұғайқызының маған берген білімі өте ұғымды болды.Қай пән болмасын жақсы нақты түсіндірді.Өзі жан -жақты ізденіс жолында жүретін.Сыныптан тыс ашық тәрбие сағаттарын мәртебелі өткізіп, райондық олимпиадаларға қатыстырып, әрқашанда жүлделі орында болатынмын. Менің кішкентай кезімдегі бар арманым- осы Сұлушаш Шұғайқызы сияқты мұғалім болу еді. Сол арманыма жетіп, осы ұстаздың бар қасиеті өз бойыма сіңіп, қазір мен де мектеп қабығасында19 жыл Ақмырза мектебінде мұғалім болып қызмет атқарып келемін.Мұғалім болу оңай емес екенін өз көзіммен көріп жүрмін.Әр мамандықтың өзі оңай емес. Бірақ сол қиындықты жеңіп, алдыма келген жас бүлдіршіндерге сапалы білім , саналы тәрбие беру менің міндетім деп сезінемін.

Мен 2″А» сыныбына сабақ беремін. Сыныбымда 11 оқушы бар. Балалар тәрбиелі,жан жақты ізденіс жолында жүретін оқушылар.Үздіктер мен екпінділер саны 9. Сыныптан тыс жұмыстарға белсене қатысып, өз өнерлерін аямай көрсете біледі. Конкрус, олимпиадаларға қатысып белсендлік танытады. Мен өз сыныбымды мақтаныш етіп, берген білімімнің айқын жеткеніне қуаныштымын. Ал өзімді үйреткен өзі сияқы тәрбиелеп, сапалы білім беріп, менің жарқын болашағыма нұр сепкен Сұлушаш Шұғайқызына мың да бір рахмет айтып, ол ұстазға зор денсаулық, қажымас қайрат,ұзақ ғұмыр, отбасына бірлік ынтымақ тілеймін!

 
Erketai / Фев.26.2017

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!