Ал,кәне, Әжелер

«Қызғалдақ» балабақшасының мектепалды даярлық тобының ата-аналарымен бірлесіп өткізілген « Ал,кәне, Әжелер» сайысының бағдарламасы.
Жүргізуші:Басталды, міне ,тойымыз,
Ұнады ән мен ойымыз.
Наурыз бақыт әкеліп,
Тойға ұлассын тойымыз.
Мерекелік ертеңгілігіміз «Ал,кәне әжелер» сайысын бастаймыз.Алдымен әжелеріміз балабақшадағы немерелерімен ортаға шығады.
Ортадағы қоржыннан әжелеріміз реттік сандарын немерелерінің көмегі арқылы суырады.

№1.Нағима Уалиева——немересі Злихамен.
№2.Жания Сапарова—-немересі Ақботамен
№3Жаңыл Сырымбаева—немересі Сырыммен
№4Алма Дүзбаева —-немересі Фархат ,Парасатпен.
№5Күнсұлу Масаева——-немересі Айланамен.

Жүргізуші: Маған ақыл беретін,
Әжем менің асыл .
Сипап жақсы көретін,
«Құлыным» деп басымнан.
Ән: «Немерем»—орын: Ақбота.
Жүргізуші әжелерге сайыс шарттарын таныстырды және әділ-қазы құрамын сайлады.
Жүргізуші: Әділ-қазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты.
1 «.Шаңырағым-шаттығым»—Өзін, өз отбасын таныстыру.

Ән: «Қоғалай—орындайтын.: Нұрхат,Назарбек,Нұрхан.

2. «Ойлы болсаң озып көр»—Ырым-тиым туралы сөздер айта отырып,мағынасын айту.

Ән: «Қуанышым қазынам»—орынд:Мағжан,Айхан, Фархат

3 . «Өнерлі өрге жүзер» —өз өнерлерін көрсету.

Би: «Айгөлек» —Орынд:Бишілер тобы.

4 . «Шебердің қолы ортақ»—Қолөнер бұйымдарымен таныстыру.
(Өздерінің қолдан жасаған заттарын көрсету)
Ән: «Қызылқұмда ауылым» —орынд: Айлана, Назерке.

5. «Ас адамның арқауы» —Ұлттық тағамдардың жасалу жолдарымен таныстыру. (Үйден пісіріп әкеліп көрерменге көрсету)
Ән: «Қазақтың дастарханы» —орынд:Ақтыныс.
Ағылшынша ертегіден қойылым: «Мысық пен тышқан» —ролдегілер: Нұрхан, Алмаз,Аилана.
6. «Ескірмеген есті сөздер»—-Тиым сөздер мен мақал-мәтелдің жалғасын табу.
Би: «Адай» —ер балалар тобы.

Ән: «Көктем» —-Орынд: Әділхан,Дильназ,Жандарбек,Нұрсұлтан,Парасат.

Балабақша, мектепалды даярлық тобы, сайыс, жоспар, ата-аналармен, әжелер, сайыс бағдарламасы Жүргізуші: Жақсылыққа үйреткен,
Жамандықтан шектейді.
Ертегі айтып беретін,
Әжеге ешкім жетпейді.

Қорытынды сөз: Әділ-қазыларға беріп,әжелерге атақтар беріп,марапатталады:
1Нағима әжеге -« Өнегелі әже»
2Жәния әжеге- «Шебер әже»
3Жаңыл әжеге—«Балқаймақ әже»
4Алма әжеге—«Зерек әже»
5Күнсұлу әжеге –«Өнерлі әже» атақтары беріліп сыйлықтар ұсынылды.

Атырау облысы .Индер ауданы. Елтай ауылы. «Қызғалдақ» балабақшасы.
Балабақша әдіскері: Қарабалина Дина.

 

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер10
  1. Мулдир

    Карттарым асыл казынам демекши талими мен тарбиеси мол ата ажелер жогалып бара жатыр.казирги ата ажелер шаштарын бояп шалбарланып инстанын жулдызы болвп бара жатыр

  2. Инкар

    Мына ашық сабақты көріп қалып,өзім де өткізгім келіп кетті.Қызықты керемет тақырып екен.Әжелермен бірге немелері .Жақсы ашық сабақ болатын сияқты

  3. Слушаш Раимбаева

    Саламатсыздар ма бул ашык сабак оте жаксы екен сайыс туринде откизген осы жаксы тарбиешілер баскага улги болсын .жумыста жемисти болыныздар

  4. Бальнур

    Әжелер сайысы керемет ұйымдастаралған. Біздің қарттарымыздан аларымыз, үйренерәмәз көп. Қазір ондай сайыстар көп өткізілмейді гой. Қарттарымыз аман болсын. Рахмет

  5. saken

    Сайыс бир сарынды ешкандай жанашылдык жок

  6. Рая

    Макал ды калай округе болады

  7. алишер

    асыл әжем ақ әжем мәндаиымннан сипағ
    ан

  8. алишер

    жақсы өте керемет

  9. Ұлжан

    Әже деген көп шығар, менің әжемдей жоқ шығар!

  10. Баха

    жаксы

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ