Ақ мамам (музыкалық сабақ)

Сабақ тақырыбы: «Ақ мамам»
Білімділік мақсаты: Анамызға деген сүйіспеншілік сый- сипат музыка арқылы жеткізу.
Баланы адамгершілікке баулу.
Коррекциялық-дамытушылық мақсаты: ән айту, музыка тыңдау қабілетін дамытып оны тәрбиелеу.Анаға деген махаббатын дамыту. Баланың ой-қиялын, шығармашылық қабілетін дамытып, ұжымда жұмыс жасауға дағдыландыру. Музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Ырғақты қимылдар жасату арқылы баланың жан-толғанысын тудырып, баланың ой-өрісін, білімін, есту қабілетін, сөйлеу тілін дамыту.
Музыкалық шығармаларды тыңдау арқылы ой-өрісі, есту қабілетін, сөйлеу тілін дамыту
Тәрбиелілік мақсаты: музыкаға деген әсемділікке, сұлулыққа және ұлттық музыкалық аспаптарымызды құрметтеуге, өнерді бағалауға тәрбиелеу. Ән мен музыка арқылы , баланың эстетикалық мәдениетін тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын құралдар: Сырнай, музыкалық аспаптар, нота тізбектері, теледидар, СD-дискасы, Анаға арнап сыйлық жасату. Әдіс өнерін қолдану.
Сабақта қолданылатын музыкалық құралдар:
1. Д. Нүрпейісова «Әсем Қоңыр» тыңдату.
2. Жаңа ән С. Садықовтың «Ақ мамам» үйрету.
3. «Айгөйлек» би қимылдарын үйрету.
4. Музыкалық- дидактикалық ойын ойнату
«Айгөйлек» ойыны
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Балалар сыныпқа Д.Нүрпейісованың «Әсем Қоңыр» күйімен кіреді.Балаларды отырғызғаннан кейін, әнгіме- кіріспеден бастаймыз. Аналарға арналған бұрыш. Балалар өздері жасаған суреттерін көрсетеді.

2. Залға кірген ән бойынша балаға бірнеше сұрақтар қоямын.
• Күй көңілді ме, алде көңілсіз бе?
• Қандай аспаптар естілді?
• Бұл музыка күй ме, алде би ме?

3. Балаларға Дина Нүрпейісованың қысқаша өмірі және шығармашылық жолын айтқан соң, осы күйді өзінің кішкентай немересіне арналғанын,немересінің сондай еркелінін, балдай тәтті қылығын күй өнері жеткізіп тұрғанын дәлелдедік. Дүниеде барлық аналар балаларын жанынан артық көретінін, және сол бала үшін,жанында қиятынын әңгімеледік. Әсіресе, қазақ аналары сүйіспеншілігін сөзбен де жеткізе алатынын дәлелдеу үшін, балаларға сұрақтар қоямын.

1. Сендерді аналарын жақсы көре ме?
2. Аналарын сендерді қалай еркелетеді?
3. сендер аналарына қандай ән сыйлар едіңдер?

музыкалық сабақӘжелерге де арнап өлең жолдарын оқып беремін.
Ұл қызыңа ерген немерең біз, әже
Немереңнен –ерген шөберең біз, әже
Шуағыңды сеуіп,жайнаймыз әже,
Жұлдыздарың сені, айналамыз әже- деп өлең шумақтарын оқып беремін.
Осылардың барін оқып, мінездеме берген соң соларға арнап, музыка шығарып, дауысты жаттықтырып алып, ең негізгі әнді үйретемін

5. Жаңа ән С.Садықовтың «Ақ мамам», әнін фраза бойынша демді дұрыс алуын қадағалап, сөздерін анық айтқызып орындатамын. Сырнайда бірнеше рет орындатып балаға сөздерін жаттатамын.

Әннің сөздерін дәптерге жаздырамын.
1.Еркелеймін шаттанам,
Жарқың күлкің бақ маған,
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші, келші ақ мамам.
2. Бал бөбегін баптаған,
Мамам үшін мақтанам
Ақ бетінен сүйейін
Келші, келші ақ мамам.

Келесі тарау бойынша музыкалық-ырғағақтық жаттығулар орындату және би элементтерін үйрету. «Айгөйлек».
Айгөйлек биінің негізгі қимылдары:
а)Музыканың әрбір ширегінде тізені сәл бүгіп, еденге өкшені жайлап соғу.
ә) Қыздар шеңбердің ішіне қарай жайлап қолдарын жоғары көтеріп аяқ ұшымен 6 қадам жасайды және 1 рет қолдарын соғады.
б) Оң және сол аяқпен жеңіл секіреді.
1 сан
Барлығы орнында тұрып 4 рет бірінші қимылды орындайды.
4 адым оңға жүреді.
Солға қарай алдыңғы 4 тактының қимылдарын қайталайды.
8- такт жай қадыммен оңға қарай шеңбер бойымен жүреді.
Қыздар 6 –жай жеңіл қадаммен аяқ ұшымен жүреді,қолдары жайлап көтереді және бір рет қолдарын соғады. Оң иықтары арқылы бұрылып, осы қозғалыспен өз орындарына келеді. Ұлдар орындарынан тұрып, 8 рет алақан соғады.(немесе екі аяқтарын кезек-кезек секіреді).
Осылай биді басынан бастап тағы бір қайталатамын.

7. Дидактикалық ойындар баланың өз бетімен жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілетін, іздемпаздығын арттырады, сөздік қорларын көбейтуге көмектеседі.
8.Музыкалық-дидактикалық ойын «Айгөйлек»
Ойын шарты.
Балалар екі топқа бөлінеді. Сап түзеп, бір-біріне қарама-қарсы қарап, қол ұстасып тұрады.
«Айгөйлек», айгөйлек
Айдың жүзі дөңгелек- барлық балалар айтады.
«Мен шақырсам сен керек» -бірінші топтың балалары айтады.
«Сен шақырсан мен керек»- екінші топтың балалары айтады.
Келесі топтағы бір баланы шақырады.
Музыканың соңында бірінші топтағы аты аталған бала, қарама-қарсы топтың тізбегін бұзып өту мақсатымен жүгіреді. Егер бала тізбекті үзіп өтсе,өзінің таңдауы бойынша бір баланы өзінің тобына алып кетеді.
Музыка басталғанда ойын қайталанады. Ойынның соңында балаларды өз жағына көбірек шығарған топ жеңеді.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ