Saying goodbye. Letter Bb (Ағылшын тілі)

Технологиялық карта.
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Ағылшын тілі
Тақырыбы: «Saying goodbye. Letter Bb»
Мақсаты:
• Қарым-қатынас дағдылары мен білімін қалыптастыру.
Балаларды жаңа сәлемдесу сөздерімен және Bb әрпімен таныстыру.
• Жаңа: goodbye,bye,tree лексикалық бірліктерін беру. Bb әріптен басталатын bee,bear сөздерін жаттату. Балаларға амандасу мен қоштасуды үйрету. Тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамыту. Кішіпейілдікке баулу.
• Шет тіліне қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: карточкалар, түрлі түсті қарындаштар, CD диск, өткен оқу іс-әрекетінде желімдеп жасаған саусаққа киілетін кейіпкерлер.
Билингвальді компонент: goodbyе – сау болыңыз – до свидания,bye – сау бол – пока,tree – ағаш – дерево, bee – ара – пчела,bear – аю – медведь.
Мотивациялық – қозғаушылық
Педагог балалармен амандасады:
Hello, children.
Өткен оқу іс-әрекетіндегі Sit down, please. әнін айтуға шақырады.
Балалардың іс-әрекеті
Балалар дөңгелек шеңберге тұрып, педагогпен амандасады, бәрі қосылып ән айтады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Педагог балалардан бір-бірімен кездескен кезде қандай сөздерді айтаты-нын, қоштасқан кезде қандай сөздерді айтаты-нын сұрайды.
1-тапсырма.
Суреттерге мұқият қарау-ларын ұсынады.
Жаңа Goodbyе! Bye! лексикалық бірліктермен таныстырады.
Педагог аудиодиск мәтіні оқылып жатқан кезде саусаққа киілетін кейіп-керлердің көмегімен қимылдар жасайды.
Bb әріпі
Track 5:
Түлкішек:
Hello, Mum.
Hello, Dad.
Түлкі-ана мен түлкі-әке:
Hello, Foxy.
Түлкішек:
Goodbye,Mum. Goodbye, Dad.
Түлкі-ана мен түлкі-әке:
Bye, Foxy.

2-тапсырма:
Оқылған сөздерді бекіту жаттығудың әр кейіпкері-мен қоштасуды ұсынады.
Жаңа лексиканы бекіту үшін қосымша тапсырма педагог балаларға саусақ-тарына кейіпкерлерін киіп, өз көршісінің кейіпкерімен қоштасуды ұсынады.

Сергіту сәті:
Foxy шапалақтайды!
Clap! Clap! Clap!
Foxy аяғын топылдатады!
Stamp! Stamp! Stamp!
Foxy секіреді!
Hop! Hop! Hop!
Foxy жүреді!
Step! Step! Step!
3,4-тапсырмалар:
Балаларды Bb әрпімен таныстырады, әріпті дауыстап айтады, балалардан тақпақты қайталауды сұрайды. Осы әріптен басталатын «bear» сөзін дауыстап айтқызады.
Әріпті бояуды тап-сырады.

5-тапсырма
«Сөзді ата» дидакти-калық ойын.
Foxy түлкішек біз үйренген сөзді ұмытып қалыпты. Оған көмекте-сіңдер. Педагог мысық, тышқан, аю, ара, ағаш және Foxy түлкішектің жанұясы бейнеленген карточкаларды (flashcards) көрсетеді.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырма (5-б).
Балалар 1-тапсырманың суретіне қарайды.
Жаңа сөздерді естерін-де сақтап, саусаққа киілетін кейіпкерлердің көмегімен сәлемдесу және қоштасу диалог-терін ойнайды.
Балалар кейіпкерлерімен қоштасады.
Балалар көрші тұрған кейіпкердің атын атап, онымен қоштасады.
Балалар педагогтің артынан сергіту сәтінің қимылдарын қайта-лайды.
Тақпақты қайталайды, әріпті және «bear» сөзін дауыстап қайталап айтады.
Бояйды.
Сөздерді атайды.
Рефлексиялық – түзетушілік
Педагог оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Педагог балаларды шеңбер құрып отыр-ғызады. Балалар педагог таңдап алған кейіпкермен қоштасады.
Балалар да кейіпкер-лермен қоштасады
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жаңа goodbye,bye,tree лексикалық бірліктерді, Bb әрпін және осы әріптен басталатын bee,bear сөздерді;
Түсінеді: Қоштасу кезіндегі ағылшын тілінде диалог сөздерді;
Қолданады: Ағылшын тіліндегі қоштасуды және жаңа сөздерді ағылшын тілінде айтуды.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (Жазбаның бағасын беруіңізді сұраймыз)
Loading...
Erketai / Фев.3.2017
Ұқсас Жазбалар

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!