«Әдемі гүлдер» (тех.карта)

№ 11 «Қызғалдақ» ересек тобында ұйымдастырылған ашық оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет: Тіл дамыту, Сурет.
Тақырыбы: «Әдемі гүлдер»
Мақсаты:
Білімділік: Гүлдердің түрлерімен таныстыру. Гүлдердің түр – түстерін ажырата білуге баулу. Өсімдіктерді күту ережелерімен таныстыру. Түстер туралы ұғымын бекіту, түстердің атын білуге машықтандыру.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, тілдік белсенділік қызметін арттыру. Гүлдердің түр–түстерін есте сақтау, қабылдау, ойлау сезімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Түған еліннің табиғатына, гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге, күтуге, сүйіспеншілікке жастайыннан тәрбиелеу.
Cөздік жұмыс:гүлдер, қызғалдақ, күнбағыс, раушангүл, түймедақ, лалагүл, бәйшешек, бақытгүл, «жетіқазына».
Көрнекі құралдар: интер белсенді тақта, гүлдердің суреттері, қойылған бөлме гүлдері,
Әдіс- тәсіл: әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Гүлдер туралы сабақМотивациялық -қозғаушы Тәрбиеші:
-Балалар бүгін бізде ерекше күн, өйткені бізде ашық оқу іс – әрекеті және бізге көптеген қонақтар келген екен. Алдымен келген қонақтармен амандасып алайықшы.
-Бүгінгі іс – әрекетімізді ізгі ниетпен, жақсы тілекпен, жылы лебіздермен бастайық. Олай болса балалар бүгін мен сендерге әдемі гүл әкелдім, ендеше осы гүлге деген тілектерімізді айтайық.
-Жарайсыңдар балалар, ендеше осы гүлімізді әдемі құмыраға салып қояйық, айналаға әсемдік сыйласын. Балалар топқа келген қонақтарды көрді, қонақтармен амандасты.
Балалар гүлге өздерінің тілектерін айтады:
-Гүл, сен әдмісің.
-Гүліміз жайқала берсін.
-Гүлдерді баптап өсірейік.
-Гүл бізге әсемдік сыйлайды, т.с.с.
Іздену ұйымдастырушы Тәрбиеші:
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезігілінде неше ай бар?
-Көктем мезгілінде ауа – райы қандай болады?
-Балалар сендерге көктем мезгілі несімен ұнайды?
— Балалар бүгін бізде сурет оқу іс – әрекеті. Өткен оқу іс – әрекетті есімізге түсірейікші, біз ненің суретін салдық?
-Дұрыс балалар, біз өткен іс – әрекетте ғажайып ұшақтың суретін салған болатынбыз. Балалар мен сендерге өлең жолдарын оқимын, сендер мұқият тыңдап отырып, өлең жолдары не туралы екенін айтыңдар.
Түрлі – түсті әйбат,
Гүлдер шықты жайнап.
Қызыл – жасыл аймақ,
Қырға шықты ойнап.
-Балалар бұл гүлдер туралы өлең жолдары екен, олай болса балалар, бүгін біз гүлдер туралы әңгімелейміз және бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз: «Әдемі гүлдер» деп аталады.
-Балалар, сендер гүлдер әлеміне саяхатқа барғыларың келе ме? Олай болса, жеңіл әуеннің ырғағымен көзімізді жұмып, көктем мезгіліне, гүлдер әлеміне ойша саяхат жасап қайтайық.
Көктемгі күн жерді қыздырып, табиғаттағы барлық тіршілік иелерін оятып, қызғалдақтар жер анадан күш алып, жарырақтарын жайып, күлтелерін көтеріп, күнге қарай қол созғандай. Айналамыздың барлығы жап – жасыл шөптер. Қызыл, сары, қызғылт – сары, әдемі жайқалған, құлпырған гүлдер. Гүлдердің қош иісі қандай керемет. Балалар, гүлдердің жұпар иісін иіскейікші. Қандай тамаша!
-Балалар, көзімізді ашып, жаңағы ойша саяхаттап қайтқанда көрген гүлдеріміз туралы әңгімелеп берейік. (Слайд арқылы көрсету)
әдемі гүлдер сабақ жоспары
Гүлдер тірі табиғатқа жатады. Олар тамыры арқылы қоректенеді. Гүлдерді өсіру үшін топырақ, күннің көзі, су қажет.

Гүлдер 3 – ке бөлінеді: дала гүлі, бақша гүлі және бөлме гүлдері. Дала гүлдері көктем мезгілі басталған айналаны әсем күйге бөлеп, құлпыртады. Дала гүлдеріне бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ, жауқазын, бақбақ, т.с.с гүлдер жатады. Көктем мезгілінде ең алғаш шығатын гүл – бәйшешек гүлі. Бәйшешек гүлі қар еріген кезде шығады. Оны орыс тілінде поджснежник деп атайды. Бақша гүлдеріне раушангүл, түймедағы, жатады. Бақша гүлдерін адамдар өздерінің бақшасына арнайы көктем мезгілінде егеді, олар әдемі хош иісімен ауланы құлпыртып тұрады. Бақша гүлдерін адамдар баптап, суарып отырады. Бөлме гүлдеріне райхан гүлі, астра гүлі, жатады. Бөлме гүлдерін де адамдар арнайы түбекке әдемілікке, таза ауа үшін отырғызады. Балалар гүлдерді жұлуға немес үзуге болмайды. Оларды баптап, күтіп, суарып отыруымыз керек.
(Ғажайып сәт)
Топқа гүл ханшайымы келеді.
Гүл ханшайымы:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
-Балалар, бізге гүл ханшайымы қонаққа келіпті.
Гүл ханшайымы:
-Мен гүл ханшайымымын. Сендерден көмек сұрап келдім. Бүгін Назерке деген қызымның туған күні. Назерке қызыма сыйлыққа гүлдесте жасап қойсам, кешегі қатты желде гүлдестамді ұшырып әкетіпті. Сендер маған Назерке қызыма сыйлық жасауға көмектесесіңіз бе?
Тәрбиеші:
-Балалар, Гүл ханшайымына сыйлық жасауға көмектесеміз бе? Олай болса мен сендерге өлең жолдарын оқып берейін, сендер мені мұқият тыңдап, өлең не туралы екенін айтып беріңдер.
Қырқалардың төрінен
Лаулап көзге ұрады
Қызғалдақтар өңірді
Қып- қызыл ғып тұрады.
-Балалар өлең не туралы екен?
-Дұрыс, қызғалдақ туралы екен. Олай болса бүгін біз қызғалдақтың суретін саламыз. Қызғалдақ көктем мезгілінде ерте гүлдейтін гүлдердің бірі. Оның сабағы, жапырағы және күлтесі болады. Күлтесі қызыл түсті болып келеді. Бүгін біз қызғалдақты күндегіден ерекше триз әдісімен салып үйренеміз. Ол үшін бізге ақ қағаз, қызыл және жасыл түсті гуашь, басы паралонмен оралған таяқша және қызғалдақ гүлінің трафареты керек. Алдымен басы паралонмен оралған таяқшаны жасыл түсті гуашьқа батырып алып, қағаз бетін бағдарлай отырып, қызғалдағымыздың төменнен жоғары қарай сабағын саламыз. Содан кейін сабағынан жапырағын шығарамыз. Жапырағымыздың бір ұшын сүйірлеу етіп, екінші бұрышын үшкірлеп саламыз. Содан кейін гүлдің трафаретін алып, қызыл түсті гуашьқа батырып алып, сабағымыздың жоғары жағына басу әдісімен саламыз. Міне біздің қызғалдағымыз пайда болды. Балалар сурет салғанда мұқият, ұқыпты етіп салу керек.

сергіту сәті

Сергіту сәті

Балаларға қылқалам мен бояуды қолдану технологиясын түсіндіру. Балаларға сурет салғызу. Балаларды қадағалау, мақтау.
-Балалар, енді біздің суреттеріміз кепкенше біз Гүл ханшайымына күннің екінші жартысында жаттаған тақпақтарымызды айтып берейік.
Гүл ханшайымы:
-Балалар менің сендермен қоштасатын кезім жетті. Сендер гүлдің суретін өте жақсы сала білдіңдер. Гүлдер туралы тақпақтар да жаттаған екенсіңдер. Мен енді кетейін, сендерге қонаққа Назерке қызымды жіберейін. Сендер салған суреттеріңді соған сыйлаңдар. Ол өте қуанып қалсын.
Гүл ханшайымы балаламен қоштасып кетеді. Балалар сұраққа:
-Бір жылда 4 мезгіл бар.
-Қазір жылдың көктем мезгілі.
-Қыс мезгілінде 3 ай бар, наурыз, сәуіп, мамыр айлары.
-Көктем мезгілінде ауа – райы жылына бастайды, жиі – жиі жаңбыр жауады. Ағаштар бүршік жарып, жапырақтар шыға бастайды. Құстар жылы жақтан ұшып келе бастайды.
-Айналамыздың барлығы жасыл түске боялады, құлпырып жайнап гүлдер өседі.
Балалар өткен тақырыпты естеріне түсірді, ұшақтың суретін салғандарын айтты.
Балалар өлең жолдарын тыңдады, гүлдерт туралы екенін білді. Балалар жаңа тақырыппен танысты.
Балалар гүлдер әлеміне саяхатқа баруға келісті, көздерін жұмып, гүлдер әлкміне ойша саяхатқа шықты.
Балалар гүлдердің суреттерін көрді, гүлдер туралы түсінік алады.
Балалар топқа келген Гүл ханшайымын көреді, амандасады.
Балалар Гүл ханшайымына Назерке деген қызға сыйлық жасауға келіседі.
Балалар өлең жолдарын тыңдап, өлең қызғалдақ туралы екенін айтады. Балала қызғалдақ гүлі туралы слайд арқылы көріп түсінік алады.
Балалар қызғалдақ гүлін салу әдісін көреді, қалай салу керек екенін үйренеді.
Балалар сергіту жаттығуын жасайды.
Баяу музыка әуенімен балалар сурет салады.
Балалар гүлдер туралы тақпақтар айтады.
Гүлназ:
Камила:
Сырғалым:
Ерғали:
Бейбарыс:
Нұртас:
Балалар Гүл ханшайымымен қоштасады. Салған суреттерін Назеркеге сыйлауға келіседі.
Тәрбиеші:
-Балалар бүгін бізде қандай іс – әрекет болды?
-Бізге қонаққа кім келді?
-Гүл ханшайымы бізден қандай көмек сұрады?
-Біз оған қандай көмек бердік?
-Сендерге гүлдің суретін салған ұнады ма?
Мақтау, мадақтау. Келген қонақтармен қоштасу. Балалар:
-Сурет салу сабағы.
-Гүл ханшайымы келді.
-Гүлдің суретін салып беруді сұрады.
-Біз қызғалдақ гүлінің суретін салдық.
-Ұнады, деп жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: гүлдердің үш түрге бөлінетінін;
Меңгеруі:гүлдерді триз әдісі арқылы салуды.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Loading...
Erketai / Фев.11.2017
Ұқсас Жазбалар

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!