«Менің анашым»! МАД топтарына 8 Наурызға арналған сценарий.

Балалар қолдарына жүрекше шарды ұстап, жұппен кіреді де, екі қатар болып тұрады. Ана туралы әнге би қимылдарын жасап, билейді. Би аяқталғаннан соң қолдағы шарларын жоғары қарай, қолдарынан босатып, ұшырады. Музыка әуенімен балалар саппен орындарына барады.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, аналар мен әжелер! Сіздерді көктемнің келуімен және бірге келетін алғашқы көктем мерекесі 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
«Жаным»дейсің мені.
Жаратушым-бір сен
Жалғыз өзің,тегі,
Жанашырым білсең,

Айналайын ана!-деп № «» тобының бүгінгі 8 наурыз халықаралық аналар,әжелер,апалар мерекесіне дайындаған мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
1-бала: Ана –деген өмірімнің шырағы
Өмір көзі алтын күннің шуағы
Дем беретін сүйетұғын жаныммен
Шөл далада сусындайтын бұлағың.

2-бала: Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
8-ші наурызбен.

3-бала:В добрый день Восьмое марта
Мамам нашим шлем привет!
«Мама» — слово дорогое,
В слове этом жизнь и свет.

4-бала: Балдай тәтті баламыз
Ақылдымыз данамыз
Аналардың мейрамын
Бірге қарсы аламыз.

5-бала:I love mother, she loves us
We love daddy, he loves us
He loves us and so you see
We are a happy family

6-бала:Аялаймыз ананымызды
Құрметтейміз бағамыз
Сіздер үшін аналар,
Шырқап әнге саламыз.
Ән: «Апа, туған күніңмен!» К.Ыбыраев
Тәрбиеші: Бүгінгі мерекеде аналарымыздың құрметіне би билеп берейік.
Би: «Көктем вальсі»
Тәрбиеші: Балалар бүгін тек аналарымыздың ғана емес, сонымен қатар әжелеріміздің де мерекесі. Сондықтан әжелерімізге де жүрек жарды тілектерімізді айтайық.

7-бала: Әжем менің,ақ әжем
Аппақ әжем,пәк әжем
Басқалардай емессіз
Сүйкімдісіз ақ әжем.
8-бала: Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсаң кешірген
Шөлдедің бе,дана әжем
Шай қайнытып берейін
Шекер салып жан әжем
Өзім құйып берейін
Балдай тәтті бал әжем!

9-бала:А вот руки бабушки — это просто клад!
Быть без дела бабушке руки не велят.
Золотые, ловкие, как люблю я их!
Нет, других, наверное, не найти таких!
10-бала: Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне.
Ән: «Ата-әже»

Тәрбиеші: Балалар, ұлдар, бүгін тек қана аналарымыз бен әжелріміздің ғана мерекесі емес, біздің қыздарымыздың да мерекесі. Кәне, қыздарды да құттықтап жіберейік.
11-бала:Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар.
12-бала:Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Қыздарға сыйлаймыз.
13-бала: Біз қыздарды сыйлаймыз,
Шаштарынан тартпаймыз.
Меркемен құттықтап,
Қыздарменен ойнаймыз.
8-nauriz-scenari-balabakshaga

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ұлдар, қыздарды бүгінгі мерекесімен құттықтап, тілектеріңді айттыңдар. Ендеше өздерің айтқандай қыздарымызды ортаға шақырып, ойын ойнайық.

Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды»
Шарты: Ортада үстел үстінде құмыраға салынған гүлдер тұрады. Ойынға 5-6 ұл бала қыздарды вальс биіне шақырады. Әуен ойналып, вальс билейді. Әуен тоқтаған кезде, ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гүлді алып бірінші қызға сыйлау керек. Кім бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.
Тәрбиеші: Көктем келмей бүгінде,
Көңілді өтпес мереке.
Көктемді мұнда шақырып,
Табамыз қайдан лезде?

Музыка ойналып, ортаға майшелпек жүгіріп шығады.
Тәрбиеші: Ой, майшелпек, сен мұнда қайдан жүрсің? Мұнда неге келдің?
Майшелпек: Мен, майшелпекпін, атамнанда қаштым, әжемнен де қаштым. Міне осында сендерге келдім. Құр келген жоқпын, сендерге хат әкелдім. Ол қайда кетті(іздейді)? А-а, міне, таптым(тәрбиешіге береді)
Балаларды, қонақтарды мерекемен құттықтап, қоштасып шығып кетеді.
Тәрбиеші: Міне, қызық?… Мына хат кімнен келді екен? Кәне, оқып көрейік.

Сәлеметсіңдер ме, балақайлар! Мен көктемнің апасы қыс ханшайымымын. Сендер менімен бірге қыс мезгілінде қызықтап, қардан аққала жасап, шанамен сырғанап, көңіл көтердіңдер. Енді менің сібір жаққа кететін уақытым болды. Ал, менің сіңілім көктем аруы әлі ұйқыда жатыр. Сендер бүгінгі мерекеде көңіл көтеріп, ән салып, би билеңдер. Сонда көктем аруы, ұйқысынан оянып, сендерге келетін болады. Сол кезде айнала құлпырып,күн сәулесін шашып, ағаштар бүршік жарып, бәйшешектер гүлдеп, құстар келіп, ән салатын болады. Қош сау болыңдар, балалар!

Сәлеммен: Қыс ханшайымы.
Тәрбиеші: Қыс ханшайымы көңіл көтеріңдер-деді ғой. Олай болса көңіл көтерейік.
Музыка ойналып, ішке сыпырғышымен ұшып мыстан кіреді.
Мыстан: Қараңғы үйшікте тұрамын,
Сиқырлаймын алдаймын.
Сыпырғышпен ұшамын.
Мұнда бала көп екен?
Бұл не өзі болды екен?
Балалар: Бұл балабақша.

Мыстан: Демек, мен дәл түскен екенмін ғой! Мен балабақшаға келген екенмін ғой! Жақсы болды! Ормандағы досым айтып еді: балабақшаға бар, онда балалар көктемді қарсы алып, аналар мен әжелерін мерекесімен құттықтап жатыр. Ал, сен онда болмайсың! Сендер мені шақырған жоқсыңдар! Мына мені, Мыстан сұлуды шақыруға ұмытып кеттіңдер(өзін қолымен көрсетеді)! Сондықтан мен сендерді кешірмеймін! Мен сендерден өшімді аламын! Мерекені болдырмай, мен сендерді осы жерден қуып шығамын!(балаларды қорқытады)

Тәрбиеші: Әй, Мыстан! Босқа шаршамай-ақ қой. Күшіңді құр босқа жоғалтпай-ақ қой! Біз сенен қорықпаймыз.
Мыстан: Ах, сендер менен қорықпайды екенсіңдер! Қазір мен айқайлаймын(айқайлайды). Мен сыпырғышыммен ұрайын(сыпырғышпен жерді соғады). Мен сендерге көктем аруын жібермеймін. Айналаны қара түнек көңілсіздік басатын болады. Мен қара түнекпен доспын. Ол сендерге көңіл көтеруге мұрша бермейді. Көктем аруы да оянбайды. Ал, көктем келмесе, мерекені де тойлай алмайсыңдар!
Тәрбиеші:Біз көңілді халықпыз. Көңіл көтеріп, би билеп, ән салып, қара түнекті қуамыз. Кәне, балалар, көңілді, әзіл ән салыңдар.
Мыстан: Ән салыңдар, салыңдар! Осыдан менің күлдірмей көріңдер! Көресетемін мен сендерге!

Ортаға әже киім киген төрт ұл шығады.
Әзіл ән: «Әжелер әні»
Бәрі: Келіннен қорқып саспайық,
Келіңдер өсек бастайық.
Немеренің әртүрлі
Қылығын айтып тастайық.
қ/сы: Ойбай, белім-ай,
Қайда кетті келін-ай.
1-бала: Немерем менің блатной,
Күндіз тыным таппайды.
«Видео көру керек керек»-деп,
Кешкі ұйқыға жатпайды.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай.
Ұят екен масқара ай.

2-бала: Немерем менің кір-кір боп,
Үйдің бетін көрмейді.
«Киндер» сатып әпер деп,
Еш тыныштық бермейді.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай
Ұят екен масқара-ай.
3-бала: Немерем менің теңгеге,
Үйір болып алыпты.
Мың теңгені сағызға,
Аямай бере салыпты.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай
Ұят екен масқара-ай.
4-бала: Немерем менің ән салса,
Махаббат деп айтады.
Қызың бар ма деп едім,
«Жоқ»,-деп басын шайқады.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай
Ұят екен масқара-ай.
Бәрі: Келіндер келіп қапты ғой,
Бізде үйге кетейік.
Немере шіркін тәтті ғой.
Барына шүкір етейік.
қ/сы: Ойбай, белім-ай,
Қайда кетті келін-ай.
Мыстан: Жарайды мені күлдірдіңдер! Бірақ мен сонда да берілмеймін. Күшті болсаңдар менің көңілімді тағы да көтеріп билетіп көріңдер. Сендер мені билете алмайсыңдар.
Тәрбиеші: Ах, мына мыстан өзінің жеңілісін мойындамады ғой. Балалар, көңілді би билеп, мына мыстанды билетсек қайтеді?
Балалар: Иә.
Би: «Моряк биі»
Мыстан да балалармен қосылып, билеп кетеді. Музыка бітсе де Мыстан билеп жүріп әрең тоқтайды.
Мыстан: Жарайды, жарайды. Менің көңілімді көтердіңдер! Сендер жеңдіңдер! Бірақ мен оңайлықпен берілмеймін. Мен сендердің шапшаңдықтарыңды тексеріп көрейін. Ойын арқылы мен сендерді жеңемін! Дайынсыңдар ма?
Балалар: Иә.

Ойын: «Қане, сыпыр!»
Балалар мен ата-аналары екі топқа бөлініп тұрады.Әр топқа қарама қарсы орындық тұрады.(5-7 қадам) Бірінші топтағы бірінші баланың қолына сыпырғыш пен шар беріледі. Ойын ойнаушы шарды орындыққа жеткізіп, орындықты айналып тобына келіп қайта келу керек . Келген ойыншы сыпырғышын келесі ойыншыға беріп, ойын қайталанады. Эстафетаны тез ойнап бітірген топ жеңіске жетеді.

Мыстан: Жарайсыңдар, бұл балабақшада шапшаң, өнерлі, әрі көңілді балалар бар екен! Менің көңілімді көтердіңдер, би де биледім. Көңілімді көтеріп, бір жасарып қалдым. Жарайды менің орманға қайтатын уақытым болды. Мен барып көктем аруын оятайын. Ал, сендер, мені мерекеге шақыруға ұмытып кетпеңдер! Қош сау болыңдар!

Мыстан қоштасып, шығып кетеді.
Тәрбиеші: Манадан бері, ән де айттық би де биледік, ойын да ойнадық. Ал, көктем аруы әлі жоқ! Не болды екен, балалар?
Осы кезде музыка ойналып ортаға көктем аруы шығады.
Көктем:Сәлем, сәлем, балақайлар,
Әзизәже, наздыаналар.
Қуаныңдар алақайлап,
Құстар әнін ала келдім.
Жерге кілем жаба келдім.
Жан бітіріп табиғатқа,
Гүлдерімді ала келдім.

-Салеметсіңдер ме балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы аналар!
Жүргізуші: Салеметсіз бе Көктем аруы! Қош келдіңіз! Сіз отырып біздің балалардың сізге арнаған өлең, тілектерін қабыл алыңыз.
8-бала:Көктемдегеннемене?!
Көктем деген көп жаңбыр.
Ән салып әуеде,
Қарлығаш ол бір тұрған.
Көктем деген ашылған,
Бұлақтардың көзі ғой.
Ақ тұманның басында,
Жаңа туған қозы ғой.

9.бала: Көктем деген балалар!
Құлыншақ қой тулаған.
Еркелеген далаға,
Құрық салған тулаған.
Көктем деген қыстайғы,
Әкеміз ғой айтатын.
Көктем деген құстар ғой,
Туған жерге қайтатын.

10-бала: Көктемде көңілді.
Құстар кеп жатқанда,
Құлпыртып өңірді.
Гүл ектік бақтарға,
Гүл ектік аулаға,
Көктемде көңілді.
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,
Анаға сыйлаймыз.
Жүргізуші: Балалар біз ару Көктемге арнап тілектер айтып бердік, енді балалар Көктемге арнап жаңбыр әнін айтып берейік.
Ән: «Жаңбыр»
Көктем: Рахмет, балалар, бүгінгі мерекемен мен аналар мен әжелерлі тағы да құттықтаймын. Мен сендерге әдемі гүлдер алып келдім. Ол гүлдерді көру үшін, алдымен көздерімізді жұмуымыз керек.
Балалар көздерін жұмады. Қалытқыға бекітілген гүлдерден жасалған алаңқайды алып ортаға қояды. Ол гүлдердің артында кәмпит жасырылған.
Көктем: Бір, екі, үш.
Көзідеріңді ашыңдар.

Тәрбиеші: Міне, керемет, қандай әдемі гүлдер!
Көктем: Бұл гүлдер, жәй гүлдер емес, тосын сыйы бар керемет гүлдер. Кәне, көрейік гүлдердің түбінде не бар екен?
Гүлдердің артында жасырылған кәмпиттерді алып, балаларға таратып береді.
Көктем: Балалар менің кететін уақытым болды. Мен сендермен қоштаспаймын. Әлі де мен сендермен бірге боламын. Сендер мені далаға серуенге шыққанда көретін боласыңдар. Көріскенше сау болыңдар балалар.
Музыка ойналып, Көктем залдан шығып кетеді.
Тәрбиеші: Осымен бүгінгі «Аялаған анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі ертеңгілікте кездескенше қош сау болыңдар.

Авторы:Акмурзаева Татьяна Коспаевна

Пікірлер2
  1. Гүлбану

    Тамаша

  2. baldikova Anargul

    кеш жақсы ұйымдастырылған

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ