6 саны мен цифры (ашық сабақ)

Тақырыбы: 6 саны мен цифры (ашық сабақ-Тауданбек А.Т)

Мақсаты: 6 санымен және оның құрамымен таныстыру, 1-ден 6-дейін ауызша тура және кері санап, ойын элементтерін, ертегіні қолдану  тәсілдері арқылы баланың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Ұйымшылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

ашық сабақ математика, 6 саны, алты, сандар туралы, балабақша ашық сабақБілім беру аймағы : Таным

Өткізілетін аймағы: Математика

Билингвальды компонент: алты – шесть, бес-пять, төрт – четыре, үш – три, екі –два, бір-ноль, түлкі-лиса, қасқыр-волк, аю-медведь, қоян-заяц.

Көрнекі құралдар: аңдар, бауырсақ суреттері, карточкалар, сандар.

Іс-

әрекет бөлімі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Қызығушылықты

арттыру кезеңі

 

 

 

 

 

—          Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті. Қане, бар білгенімізді, қандай бала екенімізді көрсетейік. Алдыменен амандасайық.-          Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?-          Ия, күз мезгілі. Сондықтан жапырақтар жерге түсіп жатыр. Қараңдаршы мында сандар шашылып жатыр, біреуі жоқ екен. Қай сан жоғалып қалыпты?(балалар – 6 санын айтады)

—          Ия, шынында да 6 саны жоқ екен. Сол санмен бүгін танысамыз.

Амансың ба, Жер Ана!Амансың ба, Күн Ата!Иіліп сәлем береміз,

Қош келіпсіз қонақтар! (хормен)

—          Күз мезгілі

Балалар, сандарды атайды, арасында 6 саны жетпейтінін айтады.

Мақсатты жүзеге асыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

—          Балалар, бізге хат келіпті, Бауырсақ жіберіпті, бізден көмек сурап тосып отыр екен. Ол үшін көзімізді жұмып, сиқырдың көмегімен орманға аттанайық.-          Көзімізді ашайық.Бауырсақ жылап отыр, жанында қоян оны жемекші. Егер қоянның тапсырмасын орындасақ жемейді екен.

Қоянның тапсырмасы:

 1) қоян туралы тақпақ айту

2) 1-6 ға дейін тура және кері санап беру.

Қоян кетеді, қасқыр келеді, тапсырмасы: 1. Жұмбақтарды шеш;

2.жоқ сандарды тап; (жұптық)

Аю келеді, тапсырмасы:Дәптермен жұмыс

2-тапсырма (өздері орындайды),3-тапсырма (топтық) жұмыс

Түлкі кездеседі, тапсырмасы:

1)       Сергіту сәті

1 дегенде – көбелек тұрды таңертен,

2 дегенде – Қанатын жайып керілді

3 дегенде — шықпен бетін жуды.

4 дегенде – шыр айналып биледі

5 дегенде – гүлге қонды

6 дегенде – үшып кетті.

2)Д/О: «Көршісін тап»

Аңдардың тапсырмасын орындадық, бауырсаққа көмектестік енді қайтатын да кез келді.

  

 

Балалар көздерін жұмып, әуенди ести отырып, ойша орманға ертегі кейіпкерлеріне аттанады.

Қоянның тапсырмасы

Бауырсақ:

1)Ұзын құлақ  сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлерден

Ытқып-ытқып жүгірді.

2)балалар орысша да, қазақшада тура және кері санап береді.

Қасқыр тапсырмасын барлығы орындайды.

Аюдың тапсырмасы

Дәптермен жұмыс

2-тапсырма өздері орынд.

3-тапсырма топпен орын

 

Рефлексиялық кезең

 

 

 

 

 

 

 

 

—          Балалар, ертегі сабағымыз сендерге ұнады ма?-          Қай санмен таныстық?-          Балалар, егер сабағымыз ұнаса бауырсақты күлімдетіп, ұнамаса жай сызып белгілей қойыңдар. Сосын мына үлкен табаққа жинаймыз.

—          Балалар, бүгін бауырсақтын тапсырмаларын орындадық.

Әрқашанда осындай тату, еңбекқор, қайырымды болуымыз керек. Өйткені ондай адамдарды, балаларды барлығы жақсы көреді, олардың досы да көп болады екен.

Балалар өз ойларын ашық айтып, сабақты, өздеріне ұнаған балалардың жауаптарына баға береді.Бауырсақтарды күлімдетіп немесе жай сызық салып, өз көңіл-күйлерін білдіреді.

Күтілетін нәтиже:

  1. Білуі тиіс: 6 санының жазылуын, құрамын.
  2. Меңгеруі тиіс: 1-ден 6-дейін  ауызша тура және кері санауды
  3.  Оқып үйренуі тиіс: сандарға туралы өлең-тақпақтар, жұмбақтар

Жұмбақтар:

Санайық та табайық,

Бестен бірді алайық,

Қанша қалды айтайық?

*******

Айгүлде бар 5 алма

Маратта бар 1 алма

Қоссақ беске біреуді

Қанша болды шешуі?

********

Оң қолымда 3 конфет

Сол қолымда 3 конфет

Қосып едім екеуін

Пікірлер9
  1. Гулмира

    технологиялық картасы жақсы жасалыпты маған ұнады

  2. Асел

    Мазмұнды, түсінікті сабақ жоспары үшін рахмет.

  3. Гүлдана

    Балалар үшін өте керемет дүние екен?

  4. Мира

    жақсы

  5. нұрғиса

    жақсы

  6. Өте жақсы ұнады. Сайтқа сабақты қалай жіберуге болады?

    1. Erketai (автор)

      Мақала жіберу беті арқылы мына сілтемені басыңыз

  7. КККК

    Унады

  8. маган унады

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ