10*1;30:3; 100*3;300:3 жағдайдағы тәсілдерге есептер шығару

Сабақтың тақырыбы:   10*1;30:3; 100*3;300:3 жағдайдағы тәсілдерге есептер шығару;

Сабақтың мақсаты:    10*1;30:3; 100*3;300:3 жағдайдағы тәсілдерге есептеулерді меңгерту;

Сабақтың міндеті: а)оқушылардың кестелік көбейту және бөлуге  байланысты білімдерін толықтыру;

б) ойлау,есте сақтау қабілеттерін арттыру,зейінін дамыту;

в) өз ойын еркін айтуға баулу; пәнге қызығушылығын

арттыру;

Сабақтың түрі:ертегі-ойын  сабақ

Әдісі:сұрақ-жауап, машықтық жұмыс,көрнекілік

Көрнекілігі:  «Математика патшалығы» макеті,дидактикалық

үлестірмелі материалдар.

математика, 2 сынып, 2 сынып математика                  Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1) психологиялық дайындығын тексеру

2) жұлдызшалар таратылып беріледі,оған оқушылар өз есімдерін            жазады.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру

1)    компьютердегі берілген тапсырманы орындау

Тисті сандарды қою.

2)    өткенді пысықтау

10*3 дегеніміз 1 онд.*3  болады 3 онд.

30:3 дегеніміз  3 онд. : 3 болады  1 онд.  т/б

ІІІ. Жаңа сабақ

1)    әңгімелеу

—         «Ғылымдар патшалығында» әлемді таңғалдырған  сарай бар. Онда

ақылды әрі білгір математика тұрады.

Матеметика өз сарайына жалқаулар мен есеп білмейтіндерді кіргізбейді.

—         Ақылды,білімді,зейінділердің өзі сарайдың 3 қақпасын өз қабілетімен ашып кіреді екен.Ал қабілетін дәледеген оқушыларға ерекше сыйы бар екен.

—         Алдымен білімімізді  кеңейтіп алайық.Оқулықтағы 42- беттегі №1

мысалдарды түсіндіре отырып, ауызша  орындайық.

(компьютерде жазылып тұрады)

Оқушылар оқи отырып мәнін табады.

-Басқадай көбейтінді  жазуға бола ма?

9*1           1*9       100*4          4*100

90*1         1*90      10*4           4*10

ә) бөлінділер жазып, мәнін табу

9:1 =9              400:100=  4             40:4 = 10

90:1= 90           400:4 =   100           40:1= 4

2)    -Оқушылар математика патшалығына ену үшін алдымен «Тас қақпаны»  ашу үшін жұмыс істеуіміз керек.

-Ол үшін №2 –тапсырма. Оның шарты мынадай: Бөлінділердің мәнін табу, көбейтінділер жазу.

9*1             90*1        10*4           100*4

1*9             1*90         4*10          4*100

( Тапсырманы орындаған оқушылар «Тас қақпаға» жұлдызшаларын жапсырады да «Ашыл,ашыл тас қақпа!» деп айтады. Музыка ойналып есік ашылады.)

ІҮ. Сергіту сәті

Ү.  «Көңілді  қадам» ойыны

№3 ауызша есептеу

matem

(компьютердан орындайды)

ҮІ. «Күміс қақпаны» ашу үшін тапсырма

№4  Оқушы тапсырмасын оқиды, шартын құру.

Әр жейдеге-2 м. мата

11 м. матадан- ? жейде

Нешеуі артылып қалады?

Ш:11:2    5 (1 қалд.)

Ж: 1 м. артылып қалады,5 жейде тігіледі.

—         Жарайсыңдар! Тапсырманы орындадыңдар, қақпа ашылу үшін  не айту керек?

(Оушылар жұлдызшаны іледі,сиқырлы сөзді айтып, қақпа ашылады)

ҮІІ. «Алтын қақпа »  тапсырмасы

№5 сөзді есепті шығару

—         Есепте не жайында айтылған ?

—         Төл теңгеміз қашан тпайда болды?

—         1993 жылы

—         Ержанда қанша теңге ?

—         Белгілі ме ?

—         Еркінде ше ?

—         Шартын құрайық

Еркін-100 тг.

Ержан-?, 3 есе көп

390 тгтұратын допқа жете ме  ?

Ш: (100*3 )+100     400          400-390     10

Ж: Доп алуға жетеді.Ержанда 400 теңге.

-Алтын   қақпаға жұлдызшаларды іліп,сиырлы сөзді айтады.

-«Алтын қақпаның» ішінде Алтын сандық бар, оны ашу үшін «Ойлан тап» ойынын  ойнаймыз.

-Қай қатардың баласы дәлелдеп берсе, сол қатар алтын сандықты ашады.

(Ішіне ойыншық жасыру)

Орындаған бала сандыты ашады, ішіндегі  сыйлықты қатарына бөліп береді.

ҮІІ. Қорытынды

—         Мына өрнектерді орындап жіберейік

—         10*4            4*10         500:5        40:4

100*5          5*100       40:10        500:100

   ҮІІІ .Үйге тапсырма     №6 43 бет

    ІХ .  Бағалау 

Пікірлер1
  1. Молдир

    өте жүйелі жасалған жоспар. Жарайсыз

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ